Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
АРНАЙЫ ЖОБАЛАР
/
«Ұлт оқитын 100 кітап». Абайды тәпсірлеу уақыт озғ...

«Ұлт оқитын 100 кітап». Абайды тәпсірлеу уақыт озған сайын тереңдей түспек

29.10.2025

3132

«Ұлт оқитын 100 кітап». Абайды тәпсірлеу уақыт озған сайын тереңдей түспек - adebiportal.kz

«Ұлт оқитын 100 кітап» Youtube жобасының бүгінгі шығарылымында Абайдан басталған қазақ ақындарының шығармалары талқыланды. Олардың әрісі Абай, Шәкәрім, Сәкен болса, берісі  Өтежан, Жарасқан, Темірханның өлеңдері. 

Сондай-ақ Серік Ақсұңқарұлы, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы және Мейірхан Ақдәулетұлының шығармалары да талқыланды. Кітап – тарихтың кені: онда ұлттың өткені мен бүгіні, болашағы астасып жатыр. «Әдебиет порталының» Ұлт оқитын 100 кітап жаңа жобасын бірге қарап, талдай жүріңіздер.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 сәуірді «Ұлттық кітап күні» етіп белгілеген болатын. Осыған орай ел бойынша кітап культін, оқырмандық мәдениет қалыптастыру бағытында идеологиялық түрлі шаралар қолға алынды. Соның аясында «Ұлт оқитын 100 кітап» жалпы ұлттық жобасы қалыптасып, алғашқы 100 кітап таңдалып халыққа жол тартты. Жаңа жобаға белгілі әдебиетшілер қатыса отырып, осы таңдалған 100 кітапқа талдау жасайды. 

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan