Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ПОЭЗИЯ
«Жетісу көктемі» прозашылар байқауы. №7 шығарма...

11.04.2023 2597

«Жетісу көктемі» прозашылар байқауы. №7 шығарма 14+

«Жетісу көктемі» прозашылар байқауы. №7 шығарма - adebiportal.kz

Қадірлі оқырмандар, Janr Жетісу әдеби клубы республикалық «Жетісу көктемі» прозашылар байқауын жариялаған болатын. Байқауға келіп түскен шығармалар, автордың аты-жөні көрсетілмей реттік нөмері бойынша жарияланып, жүлдегерлер қазылардың шешіміміен анықталатын болып белгіленген. «Жетісу көктеміне» келіп түскен №7 шығарманы назарларыңызға ұсынып отырмыз.

БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫН МЫНА ЖЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ

Мезгіл ғажабы

Табиғат періштесі

Өмір. Ашық көк мөлдір тұнық аспан әлемі, қалықтаған ақша бұлттар және сол аспан көгінде биік самғап ұшып жүрген құстар әлемі. Мен осы көріністерге ерекше ғашықпын, бір күн бойы бар тіршілікті ұмытып сол көріністерді тамашалауға кеткен уақытым ол құнды сияқты болады. Себебі мен осы нәрселерді жасау арқылы, табиғат ананың бізге берген сыйына бөленем, ол барлық тіршілік иелеріне қолжетімді екенені анық. 

Таң. Шиқылдауық торғайлар жерде топтасып жем іздеп жүр. Аспан әлеміне көз салдым адамның аяқ ізіндей бұлттар қатар орналасып қалған, көкпеңбек мөлдір аспанда құстар қалықтап бей жай ұшып жүр. Мүмкін кейбірі жылы жаққа саяхаттап демалысқа кетуге дайындалып та жүрген шығар сірә...Зымырап үш ай жаз да, өте шығыпты күнтізбе тоғызыншы қыркүйекті көрсеткенімен күн суыта бастаған сыңайлы. Салқын суық желімен ол: Мен келдім, деп құлақ түбінен жай сөйлеп күбірлегендей сезілді.

Ал оны мұнда кім әкеліп, жеткізіп тастады екен, қызық! Сұрғылт аспанда көгінде бей жай күлімдеп қарап тұрып, қолындағы жұлдыз пішіндес таяқшасын, ағаштар тізілген бағытқа қарай нұр шашып сілтеп жіберген «Қанатты періште», аспанан ешкімнің көзі шалмаған күйде ұша жөнелді. Аспан төрінен екі қанатын әдемі қағып қалықтап бара жатқан оның сары алтындай қанатынан төгілген нұр сәулесінің көптігі сонша ол жерді алтын түске бояп тастайтындай көрінеді

Ол қай жерге бағыт алып ұшып бара жатыр екен, расында жұмбақ?  Адамзат пендесінің көзіне ешқашан түспейтіні секілді белгілісіз беймәлім-ақ күйінде қала ма екен?!

Тамыздың соңы саябақтың желге ырғалған есігінен бейтаныс келіп кірді, аяғын бәсең аттауымен, салқын лепті жел соға бастады, сәлден соң аспанды көгілдір сұр бұлттар торлап, толған айдың жарығы бұлттар арасынан жылжып жасырынбақ ойнап, бұлттардан тамшылар зымырап құлап жер ананы тырсылдатып соғып, теректер сол дауысқа құлақ түргендей самал желдің ырғағымен теңселеп бір-бірімен вальс билеп әлек бола бастады.

Тамшылар оларға жауған гүл шоқтары секілді билеріне жаңа леп қосып тұрғандай. Айнала қарама қарсы бағыталған қаланың сырланған ағаш отырғыштары, жанындағы шам жарығы бәсеңдеп жартылай түсіп тұр. Осы жаздың аяғы болғалы осы орындықтар түгелдей бос тұр, жоғарыдан құлдилап келіп түсіп жайғасатын сары жапырақтар болмаса, басқа жан әлі жайғасқан жоқ. Бүгін міне жаңбыр тамшылары дамылсыз соғып, сырғанап келіп жерге түседі, жазда у-шуы бітпеген жастар саябағы...Қазір ол бір бөлек жанрға ауысқандай. Көше тұсындағы жақын жерде орналасқан аялдамаға келіп тоқтайтын ағылған маршуттардың бірінен келіп түсіп, саябаққа аяғын аяңдап бәсеңдеп басып келген бейтаныс келгелі, күнделікті жағдайы дәл осындай, тек бүгінгі осы күйге өздерінің ырғақты әуенін қосып  жаңбыр тамшылары қосылды. Саябақ бейтанысқа тіл қатты

-Қанша уақыт тұрақтайсың жаңа дос? 

Бейтаныс самал желмен бәсең салқын қоңыр үнмен:

-Үш ай сенің жаныңда боламын

-Ай атаулары қалай аталады, бейтаныс қонағым?

-Қыркүйек, қазан, қараша 

-Ертең сонда Қыркүйек айы басталғалы жатыр ма?

-Иә, ертең бірінші қыркүйек жаңа саябақ

-Менің жаңадан салынғанымды қайдан түсіндің бейтаныс

-Бейтаныс жаңа бейнеңмен келбетің арқылы және бұрын сені кездестірмегендей білдім.

-Саған жаңа таныстықтар ұнай ма?

-Жоқ немесе иә деп те айта алмаймын, себебі менің кезеңімде орын алған жаңа танысулардың бірі жақсы болса, бірі сәтсіз болып жатады. Бірақ бұның бәрі маған емес, адамзат пендесінің таңлауы мен өз талғамында шығар деп ойлаймын. Ал мен тек өзіме жүктелген міндетімді атқару үшін ғана келдім.

-Сен жалғыз келдіңбе, жаңа дос?

-Жоқ мені осында табиғаттың қанатты періштесі әкеліп жайғастырып кетті, уақыты келгенде өзі көк аспан төрінен пайда болып сиқырлы таяқшасымен басқа мезгіл маусыммен алмастырып кетеді. Мен сол сәтте жер ғаламшарындағы өз міндетімді атқарып боламын.

-Мен жаңа таныс досымның келгеніне аса қатты қуаныштымын, рұқсат болса осы сауалды саған қойып көрейінші жаңа дос?

-Рұқсат жаңа таныс!

-Саған жалғыздық ұнай ма? Ол тіршілік пенделеріне ұнай ма?

-Жаңа танысым саябақ саған екі жақты жауап беріп көрейінші, біріншіден иә жалғыздық ол саған көп нәрсенені ой елігінен өткізетін құрал сияқты. Пайдасы сен жалғыз қалу арқылы көп нәрсенің түсіне аласың және өзіңді тани түсуге үлкен септігін тигізеді, сабырлы болуға көмектеседі.  Бізбен үйлесемді өмір сүретін тіршілік иелеріне кейде бұл уақытша болса да пайдалы деп айта аламын. 

Екіншіден жоқ, жалғыздық ол жақсы нәрсе емес деп айта аламын. Ол ұзаққа созылса жанымызды тұңғиыққа мұң мен ойға толтырады. Біз өзімізді өзгелерге керексіз жандай сезенеміз.  Осылайша өмір қуаныштары азайып қалатындай көрінеді. Біз білетін кеудесенде жүрегі соғатын өмір пенделері ең қиынға соғатыны осы секілді. Олар өмірді жалғыз сүру үшін келмеген, сен және мен яғни оларды қоршаған табиғат ана олар үшін жеткілсіз сияқты көрінеді. Біз оларға тіл қатпаймыз және қатқан жағдайда олар бізді ести алмайды, әрі түсіне алмайды. Себебі неде олар өзіне ұқсас тағы бір жүрегі бар пенде іздеп тұрады. Ол оған қарап тіл қатады, қуанса бірге қуанады, жыласа жұбатады немесе қосылып бірге жылайды, аурып қалса бір-бірін емдеп жазып алады. Олар үлкен күш қуат көздеріне ие, қолдарынан керемет дүниелер келіп жатады. Бірақ олар солып қалған жалғыз гүл секілді, ол құлпырып көбейудің орынына жанға батып қинайтын тікендері көбейе береді. Оны дер кезінде емдейтін жан табылмаса, қиын болары сөзсіз-ау сірә. Сондықтан он сегіз мың ғаламды жаратушым оларды көбірек қылып жаратқан шығар деп ойлаймын. Олар пенделер біріне-біріне қашанда керек жаңа танысым, осы сұрақты қойғаныңа қарағанда жалғыздықтан жалығып үлгергенге ұқсайсың

-Иә дәл таптың ақылды бейтаныс, сен маған қонаққа келіп қуанып қалдым. Бейтаныс және жаңа таңыс деген атауларды тастап аты-жөнімізді білісіп көрсек қайтеді. Сен менде үш ай уақыт бірге тұрасың әлі талай сырласатын секілдіміз. Қалай ойлайсың?

-Құп көрелік атыңыз кім болды екен, жаңа қонысым?

-Бақыт құсы 

-Әдемі есім екен бақыт құсы мағыналы секілді

-Есіміңіз кім болды үш айлық сырласым?

-Күз деп атасаң болады, ал мен өз міндеттімді атқарайын рұқсат етіңіз бақыт құсы?

-Қалауыңыз білсін, күз атты жаңа дос!

Нөсерлетіп жаңбыр тамшыларының ырғағын жылдамтып қоя берді. Сәлден соң саябақтың ашық есігі жел ырғағымен баяулатып жабылып үлгеріп, шам жарықтары жалт етіп сөнді.

Бақыт құсы

Күз бен саябақ жақын сырлас досқа айналып үлгерді. Қыркүйек айы олар үшін керемет ертегідей өтті. Екеуі аспандағы жұлдыздар жымыңдап, сөніп қалатын уақытқа дейін ұзақ таңдарды бірге қарсы алып жүрді. Күндіз саябаққа келген тіршілік иелерін сырттай бағалап, олар туралы бір-біріне кезектесіп әңгіме айтса, көк төрінде ай жарық сәулесін көлденең түсірген уақытта күз ғана бақыт құсына ұзақ сыр шертіп , әдемі неше түрлі қилы қызықты хикаяттар мен әңгімелер айтушы еді. Бақыт құсы оларды тыңдаудан әсте жалыққан емес. Күзді алғаш кездескенде іштей суық қатал деп ойлағанымен, жаңа таныс қазіргі жақын досының іші толған сыр сандықша өзгеше бөлек әлем екенін түсінді. Алғашқы ойын досына ашық айтқанда күз:

-Сыртқы түр мен бетіндегі кескінмен мінез қалпы қашанда шынайы бола бермейді. Ол алдамшы кейде шынайы, оны жарату көбінде барлығына қиынға соғып жатады.  Кейде бізді қоршап өмір сүретін адамдарда осы жағдайға осындай әдемі сөз қалыптасыпта үлгерген білесің бе?

Бақыт құсы таңдана қандай сөздер айтшы, менде есте сақтап алайын

-Әр нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде. (Ыбырай Алтынсарин) деп олар өзге тұлғаны  дұрыс тани алмаған жағдайда немесе өзіне қажет материалдық сыртқы түрінің сонша әдемі екендегіне қызығып  жылдам шешім қабылдап сатып алған соң, оны пайдаланып көріп шын мәнінде іске жарамайтын зат екенін көріп өкініп осы сөздерді айтып жататынын естіген болатын.

-Қандай керемет, әдемі дәл айтылған сөздер екен деп қойды бақыт құсы. 

Қазан. Уақыт өзен ағысындай  жылжып, қазан айы күнтізбенің жиырма бесінші жұлдызында көрсетті. Бақыт құсына келетін адам аяғы да сирей бастады, бәлкім күз атты досының оларға салқын қабақ таныта бастағаны ұнамаған шығар. Қыркүйек айында жайқалған сары гүлге ұқсас әдемі жапырақтарынан айырылған ағаштарда бақыт құсын әдемі бейнесінен алыстата бастағандай. Күз алғаш келгенде осында неше түрлі жастағы адамдар келіп, демалып суретке түсіп сары жапырақтарға деген қызығушылықтары арта бастаған еді, араларында жердегі сары алтындарды теріп алып кететіндер де табылған тұғын. Қазір олардың ізі де көрінбейді. Бақыт құсы үш аптадан бері жақын досымен тіл қатуды қойды. Себебі ол соңғы күндері ашушаң болып алған сыңайлы. Күндіз тынымсыз салқын жел соқса, түнде бақты құсына үн қатпастан нөсерлетіп жаңбыр жауып тұрады. Жапырақтарынан соның желінің әсерінен айырылған ағаш атаулы оған өкпелі секілді. Досы күндіз күнмен сөзге келіп келісе алмаса, түндегі жұлдыздар жанынан әрдайым табылатын аймен де араз болып алды. Күзге барлығы өкпе реніштерін айтып, кінә артсада бақыт құсы досына тіл қатпады. Осы іс-әрекеттерін дұрыс немесе қате демеді.  Үнсіз бақылау мен болды. Күздің өзгелермен араздығы күшейе түсті, оның ашуы үдемесе азайған жоқ. Ол барлығына соңына дейін қарсы шықты, ұзақ уақыт онымен араздасудан шаршағандар соңында оның жеңгеніне мойын ұсынды. Ағаштар мейлі дегендей, оның суық желіне ырғалып тұра берді. Күздің суық ауа райына шыдамайтын құстар жылы жаққа топтастып ұшып кетті. Оның ашуы енді басылмайды деген оймен жануарлар атаулы азықтарын өздеріне ыңғайлы тұрақты мекендеріне жинай бастады. Гүдер әлдеқашан солып қалды, өзендер ағысы баяулай бастады. Судағы тіршілік иелері, оның тереңіне сүңгіп ғайып болды. Адамдар жылы киініп, оның бей мезгіл жауа салатын жаңбырына қолшатыр атты дүниені қолдана бастады. Осылайша оларда осы суыққа өздерін дайындап, уақыт ағынымен, күнтізбе күндерін ғана ауыстырып өз тіршіліктерін яғни күнделікті өмірлерін жалғастыра берді. Қазан айының отызыншы жұлдызы күз қатты мұңға батты, оны ешкім жақтырмағаны жанына батты, осылайша ол таңнан кешке дейін аспан төріне сұр ала бұлттарды түгел қалдырмай жинап алып, ешкімді елеп қарамай, тіпті күн көзін мүлде шығармастан ұзақ нөсерлетіп жылады. Оның жанын бақыт құсы ғана үнсіз түсініп бірге мұңға батып тұрды. Ол досының жылауын өзі тоқтағанша күтейін деп шешкен болатын, бірақ шыдай алмады. 

-Алғашқы жақын досым мен сені өте жақсы түсінемін, сен тек өз табиғаттыңмен мойыңа жүктелген міндеттерді атқарып жатсың.

-Иә, бірақ сен маған неге дәл осы уақытқа дейін тіл қатпадың айтшы?  Маған сенде қатты ренжіп қалдың ба?

-Жоқ керісінше, екеуміздің арамыздың бүлінгенін қаламадым. Себебі сен ашулы едің, ал мен саған тіл қатсам ызаланды деп ойладым. Сондықтан мен үнсіздікті таңдадым. Өзің алғашқы күндері айтып едіңғо адамзат атаулыға кикілжің туғанда үнсіздік жетіспей қалады. Олар ашу қарқынымен бір-бірнің жүректерін қатты жаралайды. Ол кейін ұмытылғанымен, жүректері мен саналарында сол сөздер жара болып сақталып қалады, ал оның жазылуы үшін ұзақ уақыттар қажет болады, кейде ол өмір бақи жазылмай кетеді. Сосын мен кім үнсіз қалуы керек деп сұраған уақытта, сен ол жағдайға байланысты екеуі де қатты ашулы болса, екеуі үнсіз  қалған жөн. Ал біреуі ғана қатты ренжулі ашулы болса, ол ашуланған уақытта екіншісі жақынының қанша уақытқа созылсада ашуы басылғанша күтіп үнсіз қалғаны жөн деп айтып едің ғой досым?!

Күз: Сен керемет тамашасың, бақыт құсы менің айтқан ақылымды кәдеге жаратыпсың бұл барлығында да осылай жүзеге аса қойсағо шіркін,- деді.

Бақыт құсы: Мен барлығының дұрыс істеп жатқаныма толықтай сендім, осылай жасау маған қиынға соқты. Сенің табиғат өзгерісінің кесірене келбетім сұрықсыз бола бастағанда саған қатты өкпеледім.  Сенің осындай өзгерістер орын алатын айтқаның және үнсіздік туралы ақыл ойың мені тоқтатып сабырға шақырды.

Күз: Бақыт құсы сендей ақылды дос жолықтырғаныма мен шексіз қуаныштымын. Маған дәл уақытында тіл қатып үлгердің, жалғыздықтан өзімніңде жаным жаурай бастаған еді. Ал сен маған демеу бердің. Күз өз жаңбырын тоқтатып, тыныштық таба бастады. Сосын бақыт құсы мен тағы ұзақ сырласты.

-Бұл менің міндеттерімнің басы ғана досым. Таяу күндерде осы ауа райынан да суық бола бастаймын. Сосын қараша айы біткен күні сенімен қоштасып өз еліме қайтамын. Бақыт құсы мұңды үнмен:

-Алысқа кетіп қаласың ба, қайта қашан ораласың? Әлде оралмайсың ба?

-Жоқ мен саған міндетті түрде қайта ораламын досым, бірақ тым кеш бір жылдан соң тек сен мені ұмытпай күт жарай ма?

-Міндетті түрде. Сен айтқан ойлардың барлығын санамда сақтап, сені қашанда еске алатын боламын. 

-Мен саған асығып үлкен сағынышпен оралатын болам, бақыт құсы.

-Мен сені асыға күтемін күз!

-Досым алдағы күндері сенімен сөйлесуге қолым тимей кетуі мүмкін. Себебі атқаратын міндеттерімнің саны арта түседі. Тек қоштасатын күні мен саған тіл қатып сырласып кетемін. Сол күнді күт жарайма, бақыт құсы!

-Жарайды досым түсіндім, бірақ ол қай күн құпия болмаса айта аласың ба?

-Қараша айының отызы күні, түнде мен саған тіл қатамын.

-Күтемін.

Бақыт құсы саябағында жел ырғағы күшейе түсті. Күн сәулесі тағы жасырынбақ ойнай бастайды. Аспанда сұр бұлттар жайғасқанымен, біз тағы жауа ма деп күткен жаңбыр жаумады. Мүмкін бұл ұзақ тіл қатып сөйлеспеген достардың қайта табысқандығынан шығар, олар әсте ажыраспаған жандарға ұқсайды. Кішкене үзіліс жасаған көрінеді. Бұл үзіліс тағы қайта жалғасатын белгілі болып та үлгерді. Оның екеуінің арасын суытып алмас жасаған керемет амалдары болатын. Ол жай ғана үнсіздік сақтау болды. Күн артынан түн батып, қара қалың ұйқыдағы түндерден кейін, жарқырап күн шығып сағат тілі тоқтаусыз сырғып, күнтізбе күндері алма-кезек тоқтаусыз жалғаса берді. Өмір күндерін біріне-бірі жалғап қатар тізіп әкеліп, бақыт құсы асыға күтпеген досын шығар салар күн мен түн келіп жетпесінші деп қанша тілегенімен сол күн келіп жетті.

Қараша айының отызы. Күн бұлттар арасынан жылжып шығып бар әлемге нұрын шашты. Теректер самал желмен жай ырғалып қана тұрды. Бақыт құсының бүгінгі көңілсіз күйін айтып, біріне -бірі жай сыбдырлап тұрғандай көрінеді. Ал ол күз атты досын қадағалап түн батқанша дауыс шығарып сөйлеу керек деп, түнді шыдамсыздана күтіп тұр. Ол сөйлесе досын ренжітіп аламын деген қорқынышпен өзін сабырға шақырып әуре. Ал күз атты досы бүгін бейне бір демалып тұрғандай бей жай, ашуы да мұңы да жоқ. Сол баяғы екі жақты қалыпты күйі. Бейне бір оның алғашқы күндері секілді, бірақ олай емес екенін бақыт құсы да күздің өзі де мұны жақсы біледі. Күз әдетте саябақтан басқа ешкіммен тілге келмейтін еді.Бүгін ол барлық табиғат атаулыға бірінші болып тіл қатты тіпті жан-жануар атаулы мен жылы жаққа кетпеген екі қанатты көк аспанның қалықтап серуендеушілері құстарғада. Тек оның даусын адамзат атаулысы ғана естей алмады, бірақ олар күздің бүгін сағат тілі он екіні көрсеткенде күздің үшінші айы аяқталып жаңа аймен басқа жыл мезгілі келетін анық білді. Күз тіл қатты:

-Достар, менің үш айлық міндетімде өз аяғына келіп жетті. Бүгін мен түнгі он екі болған уақытта өз еліме ораламын. Ал сендер осында қаласыздар, сіздерге тағы бір мезгіл өзінің үш айлық міндетімен келіп түсіп мен сияқты тұрақтайтын болады. Есімі құпия болып қалсын, таныса жатасыздар. Ол менен де қатты ызғарлы қатал екенін айта кеткім келеді. Айтқым келетіні тек сабырлы болып, шыдасаңыздар ол уақыты келгенде өз еліне оралады. Бұл пәниде бәрі өз уақытымен болатынын және оны өзгерте алмайтынын түсіндім. Тек өздеріңізге қажет жайлы уақытты күту ғана керексіздер, бірақ оның өз уақыты келгенде бітіп алмасатынын ұмытпаңыздар! Сіздерді ренжітіп, өкпелетіп алған кездерім болса ғапу етемін. Бұл менің жұмысым ғана соны түсінгендеріңіз дұрыс. Келетін жаңа мезгілмен өткізетін уақыттарыңызбен айларыңызға сәттілік тілеймін. Оның да мен сияқты берер жақсылығы бар, бірақ жаманында. Ол екеуі алмасып жүретін дүние екенін мен ұғып түсіндім. Келесі жылға дейін аман сау болыңыздар деп сөзін аяқтады. 

Барлығы оны түсініп келіскендей, жауап қатпай үнсіз қалды. Бақыт құсы ғана көзіне жас келіп, оны күзден жасырып әуре болып қараңғы батып түн кіретін сәттің боларын асыға күтті.

 Түн. Бақыт құсы күздің өзіне тіл қатқанын күтіп аспандағы жылтырап әдемі көк төрінде сурет салып көздің жауын алған жұлдыздарды тамашалап тамсанып тұрды. Бүгін жаңа ай толып, дөңгеленген нұрлы жүзімен сәулесін жерге шашыратып, аспандағы бұлттар қауымын өз жанына төмен түсіріп көлденең жинап алғанға ұқсайды, өз көк түстес бұлттқа ұқсайтын мамық көрпесінің үстіне жайғасып, жанындағы ақ моншақ жұлдыздармен бірге ханзадасын күткен аспан әлемінің түнгі сұлу да, нәзік, дидары нұрлы айару ханшайымы секілді. Бақыт құсы секілді олар да күздің оған сөйлеп, сырласқанын күткендей айналаны шолып, оларға қарап үнсіз тұр.

Күз: Бақыт құсы саған айтар алғысым шексіз, мені жылы қарсы алып жанымнан табылдың, қолдау білдірдің шынайы нағыз дос бола білдің. Менің саған айтқан сырларымды есімнен ешқашан шығарма, ол саған кез келген сәтте өз көмегін тигізеді, сенемін.

Бақыт құсы: Сырлас досым айтарың тек осы болғаны ма? Ал мен саған деген қимастықты қандай сөздермен де айтып жеткізе алмайтын сияқтымын. Оған берілген уақытымда жетпейтін секілді, қалай ойлайсың?

Күз: Иә досым, солай кейде тым ұзақ нәрселер мәнсіз мағынасыз көрінеді. Адамдар әрқашан ұзақ өмірді тілеп, кейде сол берілген ұзақ ғұмырды тез өтті деп жататыны бар. Оған себеп , кейде уақыттың мәнсіз, қалай болып біткенін сезбей қалуларында шығар.Мен сондықтан өмір атты әлемді ұзақ мөлшерімен емес, мәнді сәнді мағыналығымен өлшеген дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан бос өткен мағынасыз күндерімді ғұмыр өлшеріме қоспаған дұрыс секілді. Саған тек сағынышпен оралатынымды, ешқашан есімнен шығармайтынымды айтқым келеді. Сағат он екіге жиырма минут қалды, ал досым қош аман-есен бол, сәлден соң табиғат періштесі де ұшып жетеді. Ал ертең таң жарық шаша бастаған уақытта ол өзін атқарып, қоршаған ортаға басқа жыл мезгілін орналастырып кетуге жұмыс жасайды. Келесі кездескенше бақыт құсы. Өзгелерге тек бақыт сыйлауға тырыс!

Бақыт құсы: Міндетті түрде солай жасауға барымды саламын досым. Келесі кездескенше күз, күлімдеп жадыраған күйде мен сені асыға күтемін ұмытпа! 

Таң. Ұйқсынан бақыт құсы күздің жоқ екеніне іштей қатты мұңайды. Бірақ оның айтқан сөзін есіне алды: Бәрі өз уақытымен, тек бағынып әрекет жасауды ұмытпау керек. Әрқашан осы сәт пен осы уақытпен бақытты болып өмір сүру керек. Бақыт бүгін не ертең емес дәл қазір болуға шарт. Ол ерекше күлімдеп сала берді…

Жаңа бейтаныс

Бұлттар арасында ақ мақтаға ұқсайтын екі қанатты бар періште айналаны бағдарлап жаймен шолып ұшып жүр. Күнделікті тіршілік әлдеқашан басталып кеткен сыңайлы. Періште жаңа мезгілді қай жерден бастап жайғастыратын ойластырып жүрген сыңайлы. Өзі бір ерекше ғажайып жасағысы келетінге ұқсайды. Бірақ асығар емес кейіпте, күз әлдеқашан кетіп бүгін жаңа ай басталды. Кейде ай басталғанымен мезгілдер кеш басталып жататыны секілді. Үш ай уақыт кезеңінде ол басталып болатыны анық, бірақ қай күн екеніні бәріне белгісіз. Күнтізбе ал өз жұмысын жалғастырып желтоқсан айының бірінші жұлдызын көрсетті. Аспандағы қанатты періштеміз бәрін әзерге таразы  секілді бір қалыпта ұстап тұр.Ауа райы салқын да, ыстық  та емес бірқалыпты. Бақыт құсы жаңа мезгілді күтумен болды. Бірақ әзір ешкімнің келер ізі көрінбейді. Күндер мен түндер ауысып жылжып екі апта өте шықты. Сол аралықта тек суық жел тұрумен өтті. 

Он бірінші желтоқсан. Табиғатта ерекше күй таң ата салысымен біліне бастады. Оны ең бірінші сезген бақтағы ағаштар болды. Олар өздерінің денелері қатқан ескерткішке айналғандай сезінді, желдің өзі ауыр қозғалыс танытып тұрды. Ақ өрнек тоқып, олардың бұтақтарын байлап тастағандай. Оны кім жасағанын түсінбей дау, әлде жаңа қонақ келіп үлгердіме бізбен неге таныспады қызық?

Оны бақыт құсы да байқады. Айналасын қоршаған ағаштар ақ шыққа оранып алған. Жаңа қонақтың қашан келгенін ол да сезіп білмеді. Аспаннан күн нұрын төге бастап, жылылық сәулесін ғаламға кішкене төге бастады. Ағаштар оны асыға күткендей байланған бұтақтарын босатуға көмектеседі деп күтті. Күткендей ол суық өрнек жіптерін жібітіп ерітіп, олардың тілегін орындап үлгерді. Әдеттегі күндерден бүгін далада ерекше суық ызғар байқалды, ол күздің салқындығынан өткір екенін барлығы сезе бастады. Суықтың өткірлігі қимылсыз қалдырып ескірткішке айналдырып үлгеретін қауқары бар екенін қоршаған ортадағы тіршіліктің барлығы сезіп жаңа мезгіл мен жаңа қонақтан секем ала бастады. Көңілдерін қорқынышпен үрей билеген өмірдің бар қоршаған табиғат адамзат атаулы оның осында әлі үш ай болатын ойлап, алға қарай не болады деген сұрақ саналарында тұрды. Күнделікті қайталанып, тіпті үдей бастаған осы мұзды суыққа төтеп беріп, жан сақтау керек екенін ұқты. Әрқайсысы өздігінше қорғаныстарын бастапта үлгерді. Барлығына көмек берер осы суыққа қарсы тұрар бір ғана ықпалы күшті дүние ол аспан тұрғыны жарық күн ғана еді. Әлем одан үлкен көмек күтті. Ал ол барлығынан өз көмегін аямады. Оған қарсы тұрар жаңа қонақтың жақтастары бұлттар пайда болған уақытта, оның жерге түсетін жарығы мен жылуын олар жауып бөгет жасап жүрді. Жаңа мезгіл мен қонақтың қаталдығы ешкімді көзге елеп танысуға асықпауы еді. Бұл әрние ешкімге ұнай қойған жоқ, сол күндерде олар күзді еске алып барлығы оны қатты сағынғандай болды. Күн сәулесін бұлттар жеңген уақытта, барлығының суыққа шыдаулары қиынға түсе бастады. Адамдар жылы қалың киімдері мен жылу техникаларын пайдаланды. Ағаштар түні бойы шыдап, күннің аспан төріне шығуын күтіп жүрді. 

Саяхат жасамайтын құс атаулы ұяларында күнкөрістерін жасады. Аспан әлемінде серуен құруды аздап тоқтата бастады. Күнделікті азық іздер уақытта ғана аспанда көзге шалынып жүрді. Ормандағы жануар атаулының кейбірі індеріне кіріп, ұзақ ұйқыға дайындалды. Кейбірі күнделікті сыртқы түрін өзгертті. Азық аулайтын уақытта ғана табиғат аясында сирек болып жүрді. Барша тіршілік атаулы жаңа мезгілдің алғашқы қалпына бейімделіп, тіршіліктерін әрмен қарай жалғастыра берді.

Ақ қанатты періште барлығын аралап үнсіз шолып өтті:

-Олар сені қабылдауға дайын секілді, алдағы атқарар міндетіңе тек сәттілік!

-Иә, ендеше байқап көрейік өмір тұрғындарына өзімді барлық жағынан уақыт секілді деп, аязды үнмен жауап қатты, періште таяқшасындағы жаңа мезгіл!

Осы шағын диалогтан соң, олар бірге бақыт құсы саябағына қарай қанат қағып ұша жөнелді.

Тіршіліктерін жалғастырған жер ананың тұрғындары өздерін алда қандай тосын сыйларға толы күндер күтіп тұрғанын алдын ала сезіп біле алмады. Олар оның аязды суығына анық дайындалып үлгерген еді. 

Желтоқсан айының тағы бір  жұлдызды түні басталып сала берді. 

Сиқырға толы саябақ

Бақыт құсы. Таң.Аспанды бірінен соң бірі қабатаса орналасқан бұлттар санында есеп жоқ, қара жерге жақын келетіндей көзге түседі. Суық ызғарлы жел ырғағын күшейте бастағандай, ағаштар оған шыдамай ырғалып бір мезгіл тынышталып тыным алмады. Күн бұлттар арасынан жылжып шығып, шуағын жер бетіне шаша алмады, сондықтан болар бүгінгі күн даланы күңігірт түске бояп алғандай. Барлығы желдің саябырлап басылуымен, күннің шуағын күтіп тұруға талпынды. Бірақ кенет шамалы санаулы минуттардан, қалың сұр бұлттардан ақ ұлпа мақталар жерге шашылып төгіле бастады. Бәрі таңғалып таңданып қараумен болды, ол мақтаға ұқсағанмен оданда жұмсақ нәзік секілді. Ол сағат сайын үдеп, мөлшері көбейіп аспаннан құлап, сырғып жатты. Барлығын осы көріністерді таңғалып, таңданып тамашалап тұрды. Суық желдің ызғарын ұмыта бастағандай.  Бейне бір бақыт құсында сиқырлы ғажайып орнап жатты. Адамдар өздеріне жайлы мекендері үйлерінен шығып, табиғат ананың осы бір ғажап өзгерісіне қуанып жатты. Кейбірі оны өздерінің алақанын жайып тосып алды. Денелеріне тиіп түсіп жатқан ақ ұлпа үпілдек мақталар барлығын ерекше күйге түсірді. Біреулер оны естелікке суретке түсіре бастаса, басқалар жай ғана астында тұрып тамашалап тұр, ғашықтар бір-бірімен вальс билеп осы әдемі сәтті видеоға түсіріп алып жатты. Көк төрінде ақ қанатты періште, сиқырлы таяқшасын одан әрі сілтеп, барлығын бақылап күлімдеп қарап тұрды. Барлық өмір тұрғындарымен жаны бар тіршілік пенделері осы сәттен күлкі мен қуаныш таба бастады. Бақытты сәттерге толы уақыт басталып сала берді. Ақ ұлпалар ұзақ жауғаны соншалық жер анаға әдемі ақ көйлек кигізе бастады. Теректер мен барлық дүниелер ақ ұлпадай жұмсақ, қолға ұстасаң нәзік күйде суға айналып еріп кететін мамықтай ақ мақта көйлек киіп үлгеріп жатты. Бақыт құсында ерекше әдемілік орналысып, қарасаң көздің жауын алатын ақ мамық қарлы саябаққа айналып сала берді. Ақ ұлпалар кішкене сиреп жауа бастаған уақытта саябаққа қолында қара түстес қолшатыр бар, ал өзі үстіне құйып қойғандай көрінетін қызыл түсті күртеше киген, жайылған қоңыр шашын маңдайына қарай қайырып ақ малақайын үйлестіріп киген әдемі бойжеткен есіктен аяңдап кіріп түнде ғана өз жұмысын бастап жарығы жанатын, саябақ отырғышы жанындағы шамның қасына келіп тұрды. Бақыт құсы: Қандай нәзік әдемі жан еді! Осында қандай мақсатпен келді екен қызық?-осы сөздерді дауыстап айтқанын өзі аңғармай қалды.

-Ол өзін кездесуге шақырған ханзадасын күтетін секілді. 

Бақыт құсы өзіне жауап қатқан қалың дауысты үнді қайдан шығып жатқанын таба алмай таң болып

-Сіз кімсіз, оны қайдан білдіңіз

-Мен сізге жақында ғана келіп орналасқан жаңа жыл мезглі боламын. Сиқырға толы қыс мезгілі мен боламын.

-Тамаша, сізбен танысатын уақыт келіп жеткен екен ғой шамасы

-И, сіздің дауысыңызды естіп, жауап бермей тұра алмадым.

-Жалпы мінезім шыдамсыздау, тез өзгергіш болған соң ба? Өзіңіз кім болдыңыз?

-Мені бақыт құсы деп атасаңыз болады.

-Ерекше есімге ұқсайды, жақсы

-Бойжеткеннің өз ханзадасын күтіп тұрғанын қайдан білдіңіз? Бәлкім олай емес шығар?

-Оған жақсылып мән беріп қарасаңыз ол өзі ерекше дайындықпен келгенге ұқсайды. Қазіргі жасап тұрған әрекеті соған сай секілді. Құрбылармен кездесетін болса, әлдеқашан қалта телефон алып хабарласар еді, ал ол қимылсыз жай ғана тұр. Қоңырау шалып әдепсіздік танытқысы келмейтін секілді. 

-Егерде расында дәл солай болса, олар қазір көз алдымызда жүздесіп, әдемі әуен қосып бірге қол ұстап вальс билейтін шығар. Қандай керемет сәт орын алғалы тұр десеңші! Ақ ұлпа жауған сәтте бірге билеп, кіршіксіз таза махаббат болары сөзсіз. Махаббат менің досым күз айтқандай осы өмірдегі айтып жеткізуге тіл жетпейтін әдемі сезім.

-Махаббат қашанда барлығында әдемі бола бермейді жаңа бейтаныс. Ол барлығында бірдей әдемі басталып, әдемі аяқтала бермейтіні бар. 

-Барлығын тіке айтып, әдемі қиялым мен ойымды бұздыңыз өзіңіз бір қырсық, қыңыр жанға ұқсайсыз!

-Дәл таптыңыз бақыт құсы. Мен өзімнің айтқанымнан кері қайтпайтын, бірбеткей жанмын, жасағым келген нәрсемнің барлығын міндетті түрде жасаймын. Қарсы тұратындар, болса оларға да аяныш танытуым қиынға соғып жатады.

-Расында солай секілді деп, жаңа танысына бақыт құсы аздап өкпелей бастады.

-Бойжеткенге ұзақ күтпей, бұл жерден кеткені жөн секілді. 

-Себебі неде? Ол бей жай өз танысын күтіп тұр. Ол келеді, анық?

-Жоқ ол келмейді, келген жағдайда тым кеш келеді. Ал бойжеткеннің оған шыдамы жетпейтін секілді.

-Үнсіз, сабырлы күйде күтіп тұр. Олар міндетті түрде кездеседі мен сенемін.

-Жоқ кездесе алмайды.

-Кездесе алады, сізге айтар сөздерім бітті. - деді бақыт құсы

-Жарайды ендеше бәстесіп көрейікші деп күліп жіберді жаңа мезгіл

-Бәстесу деген не? Ол қалай жүзеге асады сонда айтыңызшы?

-Екі тараптың ойлары біріндей болмаған жағдайда қолданатын әдіс-тәсіл. 

Сіз бойжеткен күткен жан келеді деп сенесіз, ал мен анық түрде жоқ деймін. Яғни біз асықпай іс аяқталғанша күтеміз. Кімнің айтқан тұжырымы дұрыс болса, сол жан жеңімпаз! Жеңілген жан, жеңімпаздың бір тілегін орындайтын болады, осы ұсынысқа келесізбе бақыт құсы?

Бақыт құсы аздап қобалжыған күйде, ол сонда қандай тілек болуы мүмкін?

-Тілек ойын аяқталған соң айтылады, алдын ала болмайды әлде жеңіліп қалам деп қорқа бастадыңыз ба?

Бақыт құсы жоғары дауыспен намысқа беріліп:

-О не дегеніңіз, жақсы келістік солай жасап көрейік. 

-Ендеше жағдайды аяғына дейін бірге бақылап көрейік деді-қыс мезгілі

-Сіз өз жауабыңызға тым сенімдісіз, барлығын қалай білесіз?

-Бойжеткен кездесуге ұзақ дайындалды, осы кездесу ұзақ уақыттардан соң орын алып жатыр. Бозбала оны өкпелетіп алған болатын, содан соң батылдығын жинап соңғы рет болсада кездесіп жүздесіп бетпе-бет сөйлесуге шақырған болатын.

Бойжеткен саябақта әрлі берлі жүре бастады, әзірге сабырлы секілді. 

Бақыт құсы: Расында өте қызықты оқиға секілді. Ал бозбаланың кездесуге келмейтін қайдан білдіңіз?

Жаңа мезгіл: Аспан әлеміне жоғары қарап көз шалыңызшы, сонда бәрін көрсетуге тырысамын.

Бақыт құсы, қыстың айтқанын жасады.

Көк аспанда көлемді әдемі мұз секілді шар пайда болды. Ал онда қағаздан бас алмай кеңседе жұмыс жасап отырған бозбаланы көрді. Жұмыстан басқа ісі жоқ секілді бей-жай.

Бақыт құсы: Аң-таң күйде ғажап оны қалай жасадыңыз? Бойжеткен күткен бозбала осы болғаны ма?

-Иә дәл өзі

-Ол неге әлі жұмыстан бас алар емес, ұмытып кетті мекен?

-Бойжеткенді тағы өкпелтіп алатын болды-ау.

-Өкпеліп ғана жақсы ғой, енді кездеспей қалауы да мүмкін сияқты.

Бақыт құсы, мұңайып олай болмас екен.

Бойжеткен қолында қара қолшатыр отырғышқа жинап қойып, қалта телефонымен бір жанға қоңырау шала бастады.

Бақыт құсы мен қыс мезгілі жоғарыдағы шар ішіндегі жігіттің телефоны шырылдап жатқанын көріп тұрды. Бірақ ол одан алыстау жердегі сөре үстінде тұр. Дыбысын естіп аңғарып отырмаған бозбала қағаз жазып орынан жылжып қозғалар емес.

Бақыт құсы тағатсыздана орынан тұрып телефонын алса екен.

Сиқырлы қыс: Ол әзір оған алаңдай қоймайды, себебі бүгін ол үшін жұмыста орын маңызды кездесулері болатын уақыт болып қалды, сондықтан бойжеткенге берген бүгінгі уәдесін ұмытқан секілді.

Телефон шырылы тоқтап, бойжеткен қолындағы телефон қайта қолына салды. Содан соң бақта әрлі берлі жүріп ендігі жерде қандай әрекет жасарын білмей ойлана   бастады. Тынымсыз әрлі-бері жүр. Бақыт құсы мен қыс мезгілінен бөлек өзгелерде оны үнсіз жай бақылап тұрғандай.

Уақыт сырғып өтіп сағат кешкі бесті белгіледі. Бойжеткенге қатты ашуланды және біраз тоңыпта қалды. Алғашқыдағы жарқын әдемі бейне ғайып болғандай, бет бейнесі аязға қызарып, түрі солғын тартып мұңға батқан секілді. Көздерінен мөлтілдеп жас шығардың алдында тұр. Ол лезде саябақтан шығуға асығып есікке қарай жылдам жүре бастады, шамасы енді ешкімді келген жағдайда көргісі келмейтін сияқты. Бірақ кенет тоқтап, өкпелген ол мойнындағы жұлдыз белгісіндегі алтын түстес алқаны мойнынан үзіп алып, ақ мамық ұлпа қар үстіне лақтырды да, әрмен қарай аяқтарын жылдамта басып бақыт құсынан шығып, оның тұсындағы аялдамаға келіп жеткен маршрутқа мініп кете барды. Бойжеткеннен саябаққа естелік болып, ақ қар үстінде күн сәулесіне жылтырып жатқан сарғыш жұлдыз белгісіндегі алқа ғана қалды.

-Мен жеңдім деп тіл қатты қыс жаңа танысына

Бақыт құсы: Иә  мен ұтылдым, ал енді тілегіңді айт, сиқырлы қыс мезгілі тыңдап тұрмын.

-Кішкене ойланып алайын, сосын саған тілегімді айтамын, күт деді.

-Күт деген сөзді есту арқылы күзді есіне алған бақыт құсы оған күлімдеген күйде

«Жарайды!»  деп тіл қатты.

Кеш. Бақыт құсы ақ ұлпаға қарға түгелдей оранып алғандай, жер ана да ақ ұлпа кілем түгелдей төселген, ол жетпеген жер қалмағандай сірә. Күн жерге қарай бәсеңдеп төмендеп, ұясына айналаны қызартып қызыл нұрға бөлеп батып кетті. Аспанда толған дөңгелек толған ай келіп жайғасып алды. Аспан бұлтсыз, қою көк түске боялған, енді жұмыстарына кіріскен жұлдыздар көзге түседі. Қараңғы әлі бата қоймаған, бірақ осы жаңа мезгіл қыс келгелі күн өз жұмысын ерте аяқтайтын болып алған. Күн қысқарап, түн ұзарып кеткенін бәрі байқап сезіп жүрді. Саябақтың шамдары жел үрлеп жаққандай, бір-бірлеп ақ қарға жарық түсіріп жана бастады. Саябақтың отырғыштарының жанында орналасып бәрі түгелдей жанып, айналаға сары түске боялған жарығын түсіргенде, қысқы саябақ әдемі кешкі әсерлі саябаққа айналып сала берді.

Сиқырлы қыс: Бақыт құсына тілегін оқтала беріп еді.

Бақыт құсы: Қараңызшы анау жақта біреу көлігінен тоқтап, түсіп жатыр. Бізге қарай келетін секілді.

Көлік есігін асығыс жауып, қолына қызыл раушан ұстаған бейтаныс бақыт құсының есігіне қарай тоқтаусыз жүгіріп келе жатыр. Ол аяқ алысын тоқтайтын саябақтың бір-біріне қарама-қарсы жауған шамдарының ортасына келіп тоқтады. Барлық айнала оған аң-таң қалып, мына кешкі уақытта мұнда не жоғалтуы мүмкін деп ойлап тұрғандай.

Бақыт құсы: Бұл жаңағы жұмыстан бас алмай отырған бозбала емес пе?

Сиқырлы қыс: Дәл өзі. Қатты кешігіп қалғанын ұқпаған секілді.

Бақыт құсы: Неге олай дейсіз? Кеш қалсада, жанталасып үлгеруге тырысқаны түрінен ақ көрініп-ақ тұр, қараңызшы.

Сиқырлы қыс: Бойжеткен ренжіп, өкпелеп кетіп қалғанын өзіңізде көрдіңіз емес пе?

Бақыт құсы: Иә, бәлкім мән жағдайын түсіндіріп айтса кешіріп қалатын шығар. Бойжеткеннің ұзақ уақыт үміт үзбей күткенін көрдіңіз емес пе?!

Сиқырлы қыс: Мүмкін, бірақ ол бұл арада енді жоқ. Басқа мекен-жайдан іздеу керек. Егерде таба алса әрние.

Бозбала айналаны шолып өзін күткен жанды таба алмаған соң, бір терең күрсініп алып енді не істерін білмей бір орыннан жылжып кете алмады. Сосын теректер жанындағы отырғышқа амалсыз отырып, қолында қызыл гүл шоқтарын өзінің жанына қойып, аспандағы толған айға зер салып қарап үнсіз отырды. Келбет кескіні тартымды болғанымен, бүгін солғын тартып біраз шаршаған секілді. Аспандағы айдан көзін тайдыра салысымен, айналаға жаймен асықпай көз тастады. Содан қар үстіндегі өзінен кішкене алыстау жерде жылтырап жатқан бір затқа түсті. Орнынан лезде тұрып, қолына алды. Жұлдыз белгісінде әдемі нәзік алқа, бір кездері бойжеткенге өзі сыйлаған тұғын.

Жігіт мұңайып қолындағы алқаны қалтасына салды. Содан соң орнына қайта оралып гүлге жазылған ашық хатты салып ортасына қыстырып қойды. Алқаны өзіне қалдырды. Қолына телефон алып, қоңырау шалып, жауап бергенше күтіп тұрды, осылайша бұл іс-әрекет он рет қайталанып үлгерді. Телефон иесі жауап берігісі келмейтіндей, ал қоңырау соғуды қоя салатын бозбала жоқ секілді.

Ол бақыт құсында түн қараңғысы батқанша болды, сол уақыт аралығында тек бойжеткенге қоңырау соғып әуреге түсті. Кейде бір жерді шыр айналып жүрді, саябақты түгел айналыпта үлгерді, тіпті есігінен шығып қайта кірді. Үзіліс жасап жасайтын бір ғана әрекеті қоңырау шалу ғана, бірақ нәтиже жоқ.

Бақыт құсы өзінде бүгін тағы бір қонақ тұрақтайды ма деген ойға қалды. 

Сиқырлы қыс: Ол расында өзім секілді қырсық, алған бетінен қайтпайтын жан секілді. 

Бақыт құсы: Расында керемет, оның бұл іс әрекетіне тәнті болып тұрмын. Қаңтардың бесінші жұлдызы расында қызық естелікке толы болғалы тұрған секілді. Бәлкім мына қырсық ер жігітіміз сіз қызмет жасап жатырған уақытта дүниеге келген шығар.

Сиқырлы қыс: Расында мүмкін солай да шығар деп күліп ғана қойды.

-Бозбаламыз тоңа бастаған секілді, деді бақыт құсы. Қар қазір жаумайтын шығар , кейінге қалдырсаң қайтеді?

-Қазір емес, бірақ таң алдында жауа бастайды. Менің қырсықтығыма үнсіз көніп жүрген досым, мен саған ертең өзім өзен көлдерге жасаған сиқыр күшімді көрсетемін. 

-Оларға да тиісіп үлгердің бе? Қап-ай неге өкпелетесің оларды, күз оларға еш нәрсе жасамаушы еді. Ал сіз өзгертпеген жер қалмаған шығар сірә?

-Мен жасаған сиқырлардың бәрі өзгелердің көңілінен шыққан жоқ па? Аяз бен суық желді қоспағанда айтшы бақыт құсы

-Иә расында барлығы маған да ұнады. Аяз бен желді жақтыра алмадым. Өзен-көлдерге жасаған сиқыр ұнады деп айтпақшысыз ғой сонда?

-Иә олар дәл риза

-Ертең көресіз!

-Бозбала үйіне қазір қайтпайтын секілді ме, не айтасыз?

-Бойжеткен қоңырау жауап берсе ғана солай жасайтын секілді деді сиқырлы қыс.

Бозбала өз әрекетінен жалыға бастап, ашулана бастады. Қолындағы телефонын ақ қарға лақтырып, жерге отыра кетті. 

Бақыт құсы: Ал ендеше қара өзінің ашуы жаман секілді, неге бойжеткеннің мекен-жайына іздеп бармайды?

Сиқырлы қыс: Жаңа мекен-жайға көшіп кеткен. Бозбаланың іздемеген жері қалмады, амалсыз осында отыр досым.

-Махаббат іске қосылғанда, ақыл дұрыс жасамайды деуші еді күз атты досым.

Жаңағы ақылды көрінген жұмыс басты бозбаламыздың түрін қараңызшы

-Сондықтан жүрекпен мен емес, ми атты дене бөлшегімен жұмыс жасаған жөн. Балдай қызық деп аталатын махаббат сезім өткінші жаңбыр, қар секілді дүине ғана деп білем. Себебі жаңбыр жерге сіңіп балшық болып ғайып болады, ұлпа қар күн сәулесіне еріп, ол да өз кезегінде балшыққа айналып жоқ болады. Махаббат ол алғаш басталған кезде, кез келген жанды түрлі сезімге бөлеп, бақытқа бөлеп жатады, кейін оның сиқыры жоғалып, көңілсіз күйге түседі. Екі жұп бір-бірінен жалыға бастайды.

Бақыт құсы: Расында тамаша айтып жатырсыз. Содан соң не болады?

Сиқырлы қыс: Екеуінің арасында бір-бірінің көзқарастарына қарама қайшылықтар пайда бола бастайды. Екі тараптан келісім бірдей болмаған соң, бірі келісе салып, екінші оны түсініп жатпаса соңы уақыт өтіп ашуға әкеліп тіреп, бір-бірінің жүректерін жаралайтын сөздер айтылып, ұрыс керіске әкеліп соғады. Сосын өзіңіз көріп тұрғандай осындай күйге түсіп жатады. Екеуі екі бөлек жолдарын жалғастыра бастайды.

Бақыт құсы: Жақсы махаббаттың қызығы ұзақ болмайтын шығар, бірақ мәңгілік махаббатта болып жатады деп естіген болатынмын. Ол қалай жүзеге асады сонда?

Сиқырлы қыс: Оны сақтап қалатын сыйластық пен сабыр деп айтсам қателік болмас. Ұрыс керіс басталған уақытта кез келген жағдайда көмектесетін күш ол:

үнсіздік бірге айтып үлгерді бақыт құсы. Оның екеудің біреуі жасай алса, сыйластық танытып түсіністік таныта білсе ғана өмір жолындағы махаббаттарының ғұмыры ұзақ болмақ. 

 Қар үстіндегі телефон шырылдай бастады, жігіт лезде алып жауап берді.

-Сәлем

-Сәлем

-Тым кеш қалдым деп ойламайсың ба?

-Иә білемін, бірақ мен бәрібір саябақтамын.

-Ол жерден кет, мен қайтып бара алмаймын. Қандай сылтаулар айтқың келеді.

-Бүгін расында маңызды жиын болды, менің жұмыстағы дәрежем бір сатыға көтерілді.

-Керемет, ендеше мансап пен абыройдың артында жүре бер сәттілік тілеймін.

Сау бол!

-Соңғы сөзің осы болғаны ма?

Бойжеткен ашулы дауысымен жігітке ұзақ уақыт телефон ар жағынан сөгіп, айқайлап ұрсып жатты. Бозбала бәрін үнсіз тыңдап тұрды.

Бойжеткеннің айтары бір мезгіл таусылғандай телефон ар жағындағы дауыс үнсіз қалды. Жігітте үнсіз, сәлден соң ғана:

-Мен саябақта сен келгенше күтемін, кел.

Телефон тұтқасын басып, қалтасына салып отырғышқа жайғасты.

-Келеді деп ойлайсыз ба? - деді бақыт құсы.

-Бұл жолы өзімде анық білмеймін. 

Күтетін секілдіміз. Ол шыдамды секілді, расында қызық болатын секілді. Бірге тамашалауға қалай қарайсыз бақыт құсы.

-Әрние бас тартпаймын. Күндіз тынығып алармын, ал қазір қырсық бозбаламен күте тұрайық.

Толған ай. Аспан төрінде жымыңдаған ақ моншақтар. Бақыт құсы.Сиқырлы қыс мезгілі. Отырғыш жанындағы шам жарығында қолындағы алқаға қарап үнсіз отырған бозбала. Бәрі үнсіз бойжеткеннің келуін тосты.

Бозбала бақыт құсының есігінен көзін алмай қараумен болды. Ешкімнің келер бейнесі көрінбейді. Уақыт болса өтіп жатыр, денесі мұздап тоңа бастады. Аяз бен суық ызғар күшейе бастағандай. Біз бәріне үйреніп кеткенбіз дегендей теректер ырғалып, аспандағы толған ай мен жұлдыздар бей жай өз жұмысын атқарып қана тұр. Шам жарығы сөнгісі келгендей, жел ызғарына сығырайып қойып тұр анда-санда шыдамаса олда сөнетін кейіпте. Жігіт орынан тұрып әрлі берлі жүре бастады. Аяғын жерге соққылап қойды, солай жылынуға талпынды ма белгісіз, бірақ бәрібір суық шыдатар емес. Жалаңаш алақан қолдары қызарып, қимылға азар түсе бастаған, екі беті алмадай қызарып, сыртқа шығарған демінен ғана жылы лепті бу шығып лезде жоқ болады. Телефонын алып, аяз мөлшерін қараған еді, біразға көтеріліп қалғанын көрді. Сағат тілі түнгі екіні көрсетіп үлгеріпті. Бойжеткенге тағы қоңырау шалды. 

-Абонемент нөмері өшірулі немесе байланыс аясынан тыс жерде. Кейінерек қоңырау шалып көріңіз деген дауысты ғана естіді ар жағынан.

-Ол келмейтін секілді бақыт құсы.

-Иә жағдайдың солай болатын түрі бар сияқты, оған өз мекеніне үйіне қайтпаса қиынға соғады. Таң атқанша денесі мұздап қатып қалады мына түрімен.

Жас жігіт саябақ есігіне қарай бағыт алып жүре бастады. Кетуге шешім қабылдаған секілді.

-Дұрыс шешім.

-Расында кететін секілді ме? Бойжеткен келген жағдайда мына гүл шоғы мен ашық хатты ғана көреді. Екеуі бір-бірімен жүздескенін көре алмайтын секілдіміз.

Бозбала аялдамын арғы жағында орналасқан көлігіне отырып, қыздырып жүргізіп бақыт құсының темір есігіннің алдына әкеліп тоқтатып қойды. Өзі рөлінде отырып көзін жұмып, ұйқыға кетті.

-Расында өзімнен айнымайтын мінезді екен, бәрібір кетпей аяғына дейін күтемін ұйғарған секілді.

-Көлікте түнеп шықпақ ойы бар ма, сонда?

-Дәл солай бақыт құсы, көріп тұрғандай ішінде отырып ұйқыға кетті.

-Досым бізде көз шырын алып демалып алайық, өзге ешнәрсе орын алмайтын секілді.

-Иә солай жасайық сиқырлы қыс, ұйқыға батпайтын аспан денелері ғана ал біз бүгін тынығып алайық. 

-Қайырлы түн бақыт құсы.

-Қайырлы түн қырсық болса да көңілді досым!

Айналаны мүлгіген тыныштық басты. Түн түсі қоюланып қараңғылана түсті. Аспанда жарық нұрлы ай мен жылтыр күміс моншақтардың ғана саны көбейе түсіп бей жай тұрып. Аяз мөлшері жоғарлай бастап, ызғарлы жел ықпалы күшейіп саябақтағы шам жарықтарын үрлеп өшірді. Көшедегі әрлі-берлі жүрген көлік ағысыда тоқтап, баспаналар жарықтарын сөндіріп тастады.  Жердегі барлық тіршілік иелері таңғы дейінгі берліген уақытты тиімді пайдаланып тәтті ұйқы құшағына енді.

Қаңтар айының бесінші жұлдызы сағат тілі он екіні соққанда аяқталып, күнтізбе өз міндетін атқарып үлгеріп алтыншы қаңтарды көрсетіп үлгерді. 

Тіршілік жалғасып, уақыт тоқтаусыз зымырап жатты. Қазір бәрі ұйқыда, біз ешқашан бүгінгі мен қазіргі сәттен аттап кете алмаймыз. Сондықтан әр күнді, әр минут бағалай білу керекпіз. Уақыт ол бізге ешқашан бағынбайтын құнды дүние. Біз асығатын болсақ ол қысқа тез бітетін секілді, біз күтетін болсақ ол ұзақ ешқашан бітпейтін секілді көрінеді. Ең қызығы ол күндегі міндетін атқарып өзгерген жоқ, оны өзгертіп тұрған біздің санамыз секілді. Бір сағат бұзылып тоқтап қалса, екінші сағат жұмысын жалғастыра береді. Уақыт біздің не жасап, нендей өзгертіп жатқанымыз қызық емес, оған бәрібір. Сен бір орында тапжылмай отыр, қатып қалғандай қозғалма еш нәрсе жасама ал ол жылжи береді. Сен бар жан-тәніңмен демалмай жұмыс жаса, ал ол да өз жұмысын тоқтамай мүлтіксіз атқарады. Сен бұл пәниде болсаң да, жоғалып кетсеңде ол еш өзгеріссіз жұмыс атқарады. Өмірде солай ол бірінші бағынатын басты фактор ол -уақыт секілді. Өмір тұрғындары да сондықтан болар уақытқа бағынумен өмір сүріп жатыр деп ойлаймын. Адам өмірі жалпы үш кезеңнен тұрады. Балғын балалық шақ, қайратты күш қуаты тасыған жастық шақ, күші таусылып уақыт пен өмірдің кезеңдері іздегенін қалайда алып қалжырап ұйқыны ғана аңсап, тыным алып демалуға көп уақыт кететін кәрілік келетін, қартайған шақ. Ал біздің табиғат анамыз төрт жыл мезгілінен тұрады. Оның өзі әрқайсысы өз ғажап қызығымен ерекшеленіп тұрады. Ал менің сүйікті әңгімені тоқтатып тастамай жалғастырып келе жатқан оқырмандарым, осы жерден көп ұзамай хикаямды жалғыстырайын, расында сіздерге қызық болып отырған шығар, сонымен жаңағы аязды қыстың қаңтарында ғашығын күтуден шаршамаған қырсық жас бозбаламыз, сүйгенімен табыса ала ма? Оған қатты өкпелеп, үміт үзіп бақыт құсы саябағына енді оралмастай кеткен әдемі нәзік бойжеткен жүрегі жібіп, ашуы тарқап оны күткен жас жігітпен кездесуге келе ме? Әлде мүлдем ізін салмай, махаббат хикаясын осы жерден тоқтатып тастай ма? Ал ендеше әрмен қарай кеттік оқырмандарым, қазір оны да білетін боламыз.

Таң. Жарық күн айналаға нұр шашып жарық түсіре бастады. Аспандағы жымыңдаған түнгі жұлдыздар ғайып болып, олардың орнына сұр бұлттар келіп жайғасып алған. Жел ызғарын бәсеңдете бастаған. Көше көліктер таңмен ерте ағылып жүріп жатыр. Жылы киінген жаяу жүргіншелеріде таңмен өз жұмыстарына аяңдап кете бара жатыр. Әрқайсысы әр бағытта жүріп бара жатыр, бірінің қолынан қалта телефонымен сөйлесіп түспесе, бірі екі қолын қалтасын шығармаған күйі кетіп бара жатыр, бірі қатты асығыс болса, кейбірі бей жай еш нәрсеге асықпайтын секілді. Кейбірі аса көңілді секілді, бірақ басқалары оларға антоним бола біліп қабақтарын түйіп алған көрінеді.  Өмір жолдары да алған бағыттары бір бөлек адамдар мен олар басқарған көліктер тағы бір қыстың аязды күннің тіршілігін бастап кеткенге ұқсайды. Тіршілік пенделері әртүрлі жыл мезгілінің көрсететін әртүрлі мінездері сияқты. Оларда қалыптасқан мінезде әртүрлі, бір-бірне мүлдем ұқсай бермейді. Жасайтын тіршіліктері де әрқилы, бәлкім бұл өмірде бәрі бірдей бір қалыпта болса, өмір қызықсыз болатын да шығар мүмкін. Өзге жүргізушіге басылып соғылған көлік сигналының қатты дауысы, көлік ішінде қалғып әлі ұйықтап отырған жас жігітті шошытып оятып жіберді. Өзі көлік ішінде оянған ол біраз нәрсені түсіне алмай жан-жағына қарады. Өзі жанына келіп тоқтаған саябақтың жоғарында ілінген маңдайдасындағы жазуға көзі түсті. Әдемі гүл суреттерін салып, содан өрнекте анық етіп жазылған «Бақыт құсы» саябағы деген жазуға көзі түсіп ойына өткен күннің бір сәтті орала кетті. Алғаш екеуі қай бір жылда көктемде осы саябақта кездесіп қалған болатын, бірін-бірі сол кездескен сәттен ұнатып , шыдай алмаған жігіт бойжеткенді саябақтың шығар есігіне жеткен кезде, оған қарай жүгіріп барып танысып үлгерген болатын. Осылайша махаббат хикаялары басталған болатұғын. Жігіт сол сәтті ойға алып, бір күлімдеп алды. Бойжеткенге оған бақыт құсында кездескен бағы болатын, ал қазір оны саябақ алдында көлікте келеді деген үмітпен таңға дейін күтті. Ал ол болса, ізім ғайым әлі жоқ келмеген. Келмейтінде секілді. Барлығының осылай бітетін болғаны ма, тағы бір келер көктемде де осы саябақта енді кімді кездесуге келеді деп күтпекші? Ата-анасы болса оған балам үйленші деп, сөз арасында болса қалжыңдап болсын айтып қояды. Анасы болашақ келініме сыйла деген жүзікте машинадағы қорапшада тұр. Қолына алып, ұстап қарап ойға батты: Расында мен іздеген жан, менің бақытым осы ма? Егерде маған деген сезімі шынайы берік болса, әлдеқашан жанымда болар еді... Ойланып жүзікке қадалып қалған жүздерін ала берісі сол еді, көлік алдынан кішкене алыстау жерде, үстіне қызыл күртеше киген, басына ақ малақайы әдемі киілген бойжеткен, көлік ішінде отырған оған ойлана қарап тұр екен. Бозбаланың оны көрген көздері қуаныштан жадырап сала берді. Бойжеткенде одан көз алмай жылы қарап тұрды. Сосын жүзікті қалтасына сала қойып, көліктен түсіп оған қарай жүріп, қасына келіп жетті. 

-Сәлем қалайсың деп тіл қатты бәсең үнмен

-Жақсы өзіңіз, сіз көлікте түнеп шыққансыз ба? -деді нәзік үнмен ыңғайсызданып айтқан қыз бала.

-Иә, сені осында күтуді шештім деді батыл түрде жас жігіт оның көздеріне қарап, не дер екен деген оймен

-Саябақ ішінде отырып асықпай әңгімелессек қайтеді-деді бойжеткен

-Жарайды деп жігіт саябақ есігін ашып, екеуі бірге отырығышқа келіп жайғасты. 

Сөзді бойжеткен бастады:

-Кешір, мен расында ертерек келуім керек еді. Үйге қонақтар келіп шығып кете алмадым.

-Сен де мені кешір, сен келген уақытта мен де, келіп үлеруім керек еді. Қателік менен кетті.

Екеуі бір-біріне күлімдеп ғана үнсіз қарады.

Бақыт құсы: Біздің қырсық ғашықтарымыз табысқан секілді ме, кеш болсада қалай ойлайсыз?

-Көзқарастарына қарасаң солай секілді.

Бойжеткен мен бозбала жадыраңқы күйде күлімдеп бір-бірімен ұзақ әңгіме дүкен құрды. Іштері толып қалған секілді айтар сырлары таусылар емес.

Бақыт құсы күзді есіне алып, бізде осылай ұзақ сөйлесуші едік деп ойлап тұрды іштей. Жас жігіт өзі кеше әкеліп отырғышқа қойған, қызыл раушан гүлді әкеліп сүйіктісіне сыйлады. Жас қыз ішіндегі ашық хатты қолына алып дауыстап оқыды:

Мені күте білген сүйкімді аруға арналады.

-Сені күту арқылы мен үшін өмірімдегі ең маңызды жан екеніңді кеше түсіндім деді жігіт

-Мені ешқайда да кетпей осында күткеніңіз үшін үлкен рахмет. Таң ата ояна салысымен ойыма сен түстің, сосын осында ашумен тастап кеткен жұлдыз алқам. 

-Сонда оны іздеп осында таңмен келдің бе?

-Иә ол мен үшін аса қымбат сыйлық, әрі ұмытылмас естелік жоғалтып алғым келемеді.

-Сосын саябақ алдындағы көлікте отырған сені көріп, жүрегім қобалжып сала береді, іштей қатты қуандым. Не істерімде білмей дау болып тұрғанда, сен де мені көріп, маған қарап күлімдеп сала бердің. Сол сәтте ішімдегі бар ашуым тарқап сала берді. Жігіт бұл сөздерге іштей қатты риза болды.

Бойжеткен орынан тұрып, айналаны шолып алқамды осы жерге тастаған секілді едім, қайда кеткен деп жігітке қарап бұртиып тұр.

Жас жігіт орынан қозғалып бойжеткенге күлімдеп қарап иіліп отырып қалтасынан жүзікті алып:

-Мен сенде менен естеліктер ғана болғанын қаламаймын. Мені енді күтіп жүргеніңді де, сондықтан енді әрқашан менің жанымда өмірдің қай кезеңі болса да қасымда мәңгі болғаныңды қалаймын! Менің өмірлік асыл жарым болуға келісесің бе сүйкімді мені ешқашан ұмытқысы келмейтін бойжеткен?

Бұл сөздерді естіген ару, қатты таңғалып қобалжып ойланып үнсіз қалып, сәлден соң дауыстап күлімдеп иә деп тіл қатты. Аспан төрінен жерге ақ ұлпалар құлдилап құлай бастады. Екеуі бір-бірінің қолдарын ұстап, жауып тұрған қар астында балаша қуанып, айнала бастады. Сәлден соң қол ұстасқан күйде бақыт құсы саябағынан шығып кете барды.

-Сиқырлы қарды дәл уақытында жауып үлгердіңіз?

-Иә, әдемі сиқырды дәл уақытында жасадым емес пе, досым?

-Иә расында ерекше әсерлі сөзсіз әдемі болды, сіз маған бір нәрсе көрсетемін деп айтып едіңіз.

-Қазір деп, аспан әлемінде пайда болған шардан

Қыс мезгілінде орын алған барлық ғажайыпты көрсете бастады.

Аспанан ақ ұлпа қар жауған сәтте, оған адамдардың көзқарасы қуанған сәтті. Біріне қар лақтырып ойнап, мәз мейрам болған сәттері, қалың жауған қардан жасап шығарған аққаланың жасалған сәтін де, тіршілік иелерінің орман шыршаларын үйлеріне апарып қалай әсем етіп сәндегенін, күнтізбе отыз бірінші желтоқсанда сағат тілі он екіні соққанда аспанда от шашулар шашып жаңа жылды қалай қарсы алғанын түгелдей қалдырмай көрсетті.

-Қандай керемет сіз расында ең сиқырлы, ең ғажайыптарымен есте қалатын мезгіл болдыңыз! - деді.

-Әлі біткен жоқ, жоғарыға тағы біраз қараңшы деді қыс мезгілі.

Көлдер мен өзен, мұздықтар бейне бір айнаға айналғандай жарқырап қатып жатыр. 

Адамдар оның үстінде армансыз сырғанап ойнап, бірі құлап, бірі қайта тұрып өз уақыттарын өткізіп жүр екен.

-Бұл расында ғажайып деді бақыт құсы! Бірақ оларды бақылап қарасам жақсы сырғанап әлі де болса білмейтін секілді ме, әлде маған солай көрініп тұр ма?

-Қазір мен сізге мұз үсітінде сырғанаудың керемет шеберлерін көрсетемін, тіпті таң қалатын боласыз.

Мұз айдыны. Әдемі киінген мәнерлеп сырғанаудан спорт шеберлер, әдемі шам жарықтары түсіріліп қозғалып тұрған ақ түске қанық боялған мұз айдынында, әдемі сан-қилы жасауға қиынға түсетін бидің іс-қимылдарын жасап өнер көрсетіп жатыр, жүздерінен тек күлкі мен таңғажайып батылдық лебі сезіледі. Айнала қоршап тамашалауға келіп жайғасып отырған көрермендер оларға тамсанып қол шапалақтарын аямай соғып қояды.

-Неткен керемет тамаша ғажайып көрініс еді. Тамашалаудан жалығу мүмкін емес сияқты. Олар осы үшін өмір есігін ашқан, сол үшін жаралған жандар секілді.

-Иә досым, бұл өмір тұрғындарының әрқайсысының өзіндік міндеті мен арман мақсаты бар. Оны біреу ерте тауып жолы болып жатса, бірі қанша іздеседе таба алмай кетіп жатады. Арман ол жүрекпен жұмыс жасайтын адамдарға берілетін көзге көрінбейтін сиқырлы таяқша сияқты. Онымен үлкен әдемі сиқырлар жасау үшін, алдымен көп ізденіп талпынып еңбек етулері шарт. Егер олай жасай алмаса олар ешқашан сиқырды жасау жолын таппайды. Тапқан жағдайда да бәрі бірден керемет жасалмайды, қате болып шығып жатады, ал оны жасау үшін қайта талпынып істеп көру керек болады. Он рет немесе жүз рет талпынған жағдайда дұрыс болмай жатады, сол кезеңдерде адамдар қайта жасаудан жалығып немесе шаршап ашу жеңіп, сиқырлы арман таяқшасын бастап тауып алған жерден тастап кетіп жатады. Ал сол өздері тастап кете барған таяқшасында жүз бірінші рет жасап көргенде пайда болатын үлкен ғажайып сиқыр ішінде сақталып қалғанын түсінбей қалады. 

-Адамдар сонда өз армандарына қол жеткізе алмай ма, сиқырлы таяқшаны қайта тауып алу мүмкін емес пе?

-Жоқ таба алады. Өмірде білесің бе, досым егер олар шын жүрегімен қаласа, тоқтап қалмаса олар қол жеткізетін мүмкіндіктер саны шексіз десем қателік емес шығар деп ойлаймын. Тек талпыныс пен шексіз үміт пен сенім, асқақ әдемі қиялдар және тоқтаусыз шынайы еңбек арқылы қайта тауып қол жеткізе алады. 

-Мына мұз сырғанушылардың өзі сізге дәл деп ойлаймын. Олар менің қатты сырғанақ көлдер мен өзендерде мұз жарылып кететіндей жерлері болса да бар батылдықтарын жинап тоқтаусыз өздерімен дайындық жасап осы ғажап деңгейге жетті.

Олар сан рет мұз үстінде құлап жатты, бірақ қайта аяққа тұрып сырғануды жалғастырды. Қатты жарақат алып жараланып та жатты. Емделу үшін біраз уақытта жоғалтып көрді. Күлді тіпті жылапта көрді.  Мұзда сырғанудың қуанышын да сезінді, көрермен қошеметіне бөленіп көрді, жарақат алып жандарына алған жарақаттары батып қиналуды да бастан кешірді. Олар оның жақсы жағынан жаманын да байқап білді. Бір ғана керемет қайсырлық олар ешқашан тоқтап қалмай, өз армандарына қол жеткізді. Ең бастысы арманға жетер жолда қандай кезеңдер орын алсада тоқтап қалмау керек!

-Сиқырлы қыс расында өте мағыналы, әдемі сөздер екен.

Уақыт өз ағысымен жылжып, тіршілік жалғасып жатты. Қыс мезгілінің қызықты сәттері тауысылған жоқ, аязды суық күндерде қаңтар айы болған соң аязды суығынның мөлшері арта бастаған секілді. Бірақ бәрі шымыр болуға үйрене бастағандай, жылы киініп қар үстінде оны сықырлата басып таза ауалы, тыныс ашар табиғат арасында, серуендегенді жақсы көретіндер қатары көбейе бастады. Мұз айдынының күндіз кешкі уақытқа дейінгі жұмысы тоқтаусыз жүріп жатты. Оның қызықты сәттеріне тойып алған жандар, сонда бір мезгіл уақыт өткізуге үйреніп алды. Күндер мен түндер алмасып ауысып сиқырлы қыстың үшінші айы ақпанда келді.

-Сиқырлы сәттері тауысылмаған досым, сенің де менде тұрақтайтын бір ай уақытың қалғаны ма? Саған қалай бауыр басып қалғанымды білмей қалдым, алғашқы да жақтыра қоймап едім деп күлді бақыт құсы.

-Иә досым, уақыт өз қажетін алатын дүниеге ғой! Ақпан біз ойлағанан қысқа айлардың бірі білесің бе?

-Жоқ, қызық неге екен?

-Көбінде ақпан айы жиырма сегізі немесе жиырма тоғызына келіп тоқтап аяқталып жатады.

-Қысқа деп айтып тұрған айырмашылығың сонда отызы мен отыз бірі деген сандардың онда болмауы ма? Сондағы екі күн ғана жетпей қалған жоқ па, досым.

-Расында солай-ақ бірақ маған да, өмір тұрғындарында тез өтетін секілді сезіледі.

Себеп алғашқы сәттегі күшімнің сарпылып, күннің көзі менің аязды суығымды жеңе бастайтынан шығар деп ойлаймын. Адамзат суықтан денелерін бір босатып, өздері асығатын күтетін жаңа әдемі мезгіл келуіне аз қалғанын түсініп, оны аз қалды асыға күтетінен шығар!

-Ол қандай мезгіл, сонда досым? Барылығы келгенін асыға күтетін, мен жаңадан салынғаныма көп болмағандықтан, жыл мезгілдерін енді танысып жатырмын, білмейді екенмін.

-Онда құпия болсын, өзі келгенде танысып аласың. Өмір тұрғындарымен бірге күте тұр, оның келуіне де аз күндер қалды.

-Ал досым, сен қашан өз мекеніңе жолға шығасың?

-Мен табиғат періштесін күтетін боламын. Ақпан айының жиырма сегізі күнінің батып, түні басталған сәтте осында болатын шығар. Мен сол күні онымен бірге жолға шығамын. Біз сапарға шығып кеткен соң, өз уақытымен жаңа мезгіл періштесі келіп, айналаны өзгертуге іске кірісетін болады. 

-Маған әдемі ғажап сыйлап үлгерген, қызығы мен қиынын қатар көрсете біліп, сол арада қуанышқа бөлеп үлгерген тағы бір өгеше ерекше сиқыр жасағанды жаны сүйетін досым қыс мезгілі саған да үлкен алғысымды айтамын. Мені жалғыз қалдырмағаның үшін көптен көп рахмет.  Сені осы жерде сағына асығатын күтетін, досың бар екенін ұмытпа.

-Ұмытпаймын Бақыт құсы! Келер жылы сенімен аман-есен кездесуді жазсын. Келесі кездескенше!                                                                                                          

-Саған аппақ қардай ақ жол тілеймін, сиқыршы досым, - деп ақпанның жиырма сегізі күні тағы бір досын қимас сезіммен шығарып салып. Бақыт құсының бағы әлі өзгермеген күйде тұрсада, оның жаны босап, жалғызсарып қалғандай болды. 

Оның қайта күлімдеуіне әсер еткен тағы да бір ғана осы сөздер ғана: «Уақыт жылжып, жаңа жыл басталған сәтте біз саған қайта оралып, табысамыз» есіне осы сөздер оралған соң ол қайта күлімдеп, келетін жаңа мезгілді, жаңа құпия досын күтуге дайындалды.

Шуақты күндерге толы мезгіл

Көктем. Бірінші наурыз. Аспан ақ ұлпадай әдемі ақша бұлттар әдемі жайғасқан. Жарқыраған жарық күн өмір тұрғындарына жылы шуағын ерекше ыстық сезіммен шашып тұр. Денелерін қыстан сақталып қалған суықтан босатқысы келген, ағаштар оған мейірілене бойларын созып, оның жылуына елжіреп мәз-мейрам секілді. Таңмен шиқылдап ән айтып, бір тынбай жүрген кішкене торғайлар, енді ағаш бұтақтарына қатар тізіліп қонып, біресе қайта ұшып күн жылынып жатқанына қуанышты секілді. Бір-бірімен қызық көріп ойнап қояды. Жердегі ақ ұлпалар, тәтті мақтадай күн сәулесінің жылуына біртіндеп еріп суға айналып, жерге сіңіп жатқаны байқалады. Бүгін ауа райы ерекше жылы, айналадағы бар табиғат мейірім жылуын шашып тұрғандай. Тіршілік пенделері көктем келіп үлгерген секілді деме, деп қояды бір-біріне. Кейбірі әзір бірден алданбау керек, бүгін шуақ шашқаны мен оның ақшақары бар, уақытымен болатын амалдары бар екен ұмытпау керек деп қояды. Осы көріністердің барлығын жоғарыдағы ақ мақтадай жұмсақ бұттың үстінде тамашалап отырған алқызыл түстес екі әдемі қанатты бар періште сәл жымиып қана қойып, жанындағы көктемге тіл қатты:

-Өмір тұрғындары жердегі тіршілік иелері сенің осы бастапқы өзгеріс жасаған қалпыңа үйрене тұруға уақыт бере тұрайық, сенің ерте келіп қалғаныңа әзір шын мәнінде сенбей жатқан секілді. Бәрі қуанышты көріп тұрсың! Әзірге біз ормандағы тіршілік иелеріне көктем келгенінен хабар беріп, оларға да өзгеріс жасап келейік, сосын осы мекенге қайтып ораламыз деп ұша жөнелді. Бұл көріністі ешкімде байқап, аңғарған жоқ. 

Өмір ғаламат сиқырмен ғажайыптарға толы екені рас. Біз кейде қол жетпесті армандап жүріп, одан биігіне қолымыз жетіп бағымыз жанып қуанып жатамыз. Өз көзімізе өзіміз сол бойда  сенбей өмірдің жасаған үлкен тосуына таңғалып, ол дүние күнделікті дағдыға айналған соң үйренісе бастаймыз. Ал кейде қолыңды созсаң жәй ала салатын дүниеден құр алақан қалып, мәнісін түсінбей дал боламыз. Өмір расында ашылмаған құпия сырларға толы. Ал мен сіздерге оқырмандарым тек қана бақыт тілеймін. Армандаудан жалықпаңдар! Биік қолым жетпейді, мүмкін емес деп ойлайтын дүниелерді армандаудан қорықпаңыздар, дегем келеді. Армандау мен қиялдауға ешқашан шектеу қоймаңыздар! Ең жақсысын, ең қажетісін, жүрегіңізбен ақыл ойыңыз бірге қолдап дәл соған бірлесіп таңдау жасайтын арманыңызды, көп армандарыңыздың ішінен адаспай таба біліңіз, сосын оған жетуге іс әрекет жасамай тұрып жоспар құрып алуды ұмытпаңыздар, дегем келеді. Мақсат пен арманға қол жеткізу үшін басты нәрсе ол-сабырлы болу. Сіз оны қандай жағдайда болмасын қолдана білсеңіз арманға жету жолында адаспайсыз деп ойлаймын.  Сіздерге жазып жатырған хикаямның ортасында кішкене ойтолғаулар жаза кеткім келеді және сырласып кетуді ұйғардым. Қазіргі уақытта, менің қаламда яғни менің мекен жайымда көктем мезгілі өз қызметін атқарып тұр. Ал сіздерде қай мезгіл деп сұрақ қойып кетейінші?! Себебі сіз «Мезгіл ғажабы» прозасын қашан және қай күні, қай уақытта, нақтысын айтқандай қай мезгілде оқитыңызды мен білмеймін. Егер де оқып танысып жатсыңыздар ұнап жатыр деген ойдамын менің бейтаныс оқырмандарым. Сіздерге тағы бір ғана сауалымды қойып, әңгімемді әрмен қарай жалғастырайын. Сізге қояр сауалым: Қай жыл мезгілін ұнатасыздар? 

Орман. Қалың бұталы ағаштар әлі мамық қарға оранып тұрғаны байқалады. Жердегі ақ қардың мөлшері әлі өзгермеген секілді. Ұйқыдағы жануарлар, әлі бей-жай қалың ұйқыда жатқанға ұқсайды. Айналадан тірі жан байқалмайды. Сұр бұттар орындарынан қозғалмай тыныш тұр, себебі оларды қозғайтын желдің ызғары түгел, кішкене самал лебі де сезілмейді. Көл жағасының суы мұз болып қатқан күйі, айнадай жарқырап, көк аспанның суретін өзіне айнытпай салып алғаны көрініп тұр, су іздеген жан-жануралар одан тек өз бейнесін тамашалап кетіп жүргендей. Көлдің беткі бөлігін де жүзіп жүрген балықтардың көлеңкес, жақын қарасаң өздері айдай анық көрінеді. Алқызыл қанатты періште мен көктем осы жерге келіп тоқтап, айналаны бағдарлап бақылап қарап өзгеретін нәрсе, жасалатын жұмыстың көп екенін аңғарды. Алқызыл періште көктемге

-Алдымен аспан әлемінен бастайық, содан өзгелерін ретімен жаймен өгеріске салып, жаңартуға кірісеміз деді.

Содан соң көктем кері шегініп, алқызыл періште сұр бұлттарға қарай бағытап жел тұрғыза бастады. Олар желге шыдамай ыдырап, жан-жаққа бет алып көше бастады, олардың көлеңкесінен құтылған күн айналаға ыстық шырайлы нұрын шаша бастады.  Көктем оның жанына өзінің ақша бұттарын қапшықтан ауаға шашып орналыстыра бастады. Сосын алқызыл періштеге қарап:

-Бұл жердегі өзгерісіміз әзірге біткен секілді. Жерге қонып, өзгеріс орнатайық деді.

-Ендеше алға деді алқызыл періште. 

Олар қоңыр жартастың үстіне қонып, күннің жылу сәулесін жердегі қатып сықырлап жатқан салқын қарға қарай жақындатып түсіре бастады. Осы кезекте олар қалың орман ағштарына күннің ыстық шапағатып бағыттап кетті. Кішкене уақыттан соң, қар суға айналып жаймен ери бастады.  Алқызыл көктем періштесі қанатты құстарды оятып, ұяларынан шығарып айналаға зер салуға мүмкіндік жасады.  Олар жылуы ерекше шашылып тұрған күн оның ақша бұттарды көріп, жердегі қарға назар аударып оның расында еріп жатқанын көріп қуанып көктем келгенін түсініп, аспан әлемінде қалықтап ұшып, шиқылдап ән айтып, бар орман жануарларына көктем келгенідігі туралы хабар таратуға кірісті.

Алқызыл періште қатты ұйқыда жатқан жан-жануарларды ояту мақсатында, олар ұйықтап жатқан мекендегі қалың қарды сиқырлы таяқшасын сілту арқылы, олардың денесіне суық қар тамшысын тигізіп көрді. Олар одан жайлап ұйқыларын ашып, еріп жатқан ақ қарды байқады содан соң жайлы мекендерінен сыртқа шығып сырттағы көрініске көз тастап бақылай бастады. Ұзақ ұйқыдан оянған қарны ашқанын сезген кейбірі азық іздеуге орманға жаяу серуенге шыға бастады.  

Алқызыл періште ендігі кезекте ақ шағалар мен мұз айдынын өзгерту ғана қалды.  Себебі кішкенеден соң шөлдеген және қарындары ашқан орманның жан-жануарлары мұз айдына келе бастайды. 

Мұз айдынын ерітуге кірісейік деді. Екеуі мұз айдының екі жанына келіп қонды. Содан соң алқызыл періште бастапқы жағынан, таяқшасын қатты сілтеп жарып кішкене ойық жасады, бірақ су әлі еріген жоқ шытанап сықырлап жерге құлаған айнадай сынықтары жаймен шашыла бастады. Сәлден соң осы әректті көлдің аяқталар тұсынан еш өзгеріссіз жасап көрді. Мұз бетінде айқын шимай сызықтар жайыла бастады.  Барлық жеріне сызықтардың таралуын күтіп тұрған көктем мен алқызыл періште дәл солай бола салысымен, екеуі сиқырлы таяқашаларын қатар біріктіріп мұздың жұқа бөлігіне бағыттап жарып түсірді, содан соң мұз бетінде кішкене шар тәріздес суы күн көзіне жылтырап шағылысып жатқан көгілдір көлшік пайда болады. Ормандағы кей кішкене өзендер жаймен сылдырлап аға бастады. Бұл көріністі алыстан көру қабілеттері керемет дамыған ақ шағалалар, көл маңындағы аспан әлемін айнала ұшып, сәлден соң кейбірі суға бас сұғып сүңги бастады. Айлакерлері кішкене шабақтарды тұмсығына ілген күйде, қайта жоғары көтеріліп ұша жөнелді. Біздің осында атқарар міндетімізде аяқталған секілді. Қалғанының бәрін өзіңе қалдырдым көктем мезгілі. Сені бақыт құсы саябағына апарып сонда үш ай тұрақтандырып, өзім қайта өз мекен-жайыма жолға шығайын ендеше кеттік, жаңа мезгіл жарқын көктем бар ғаламды тек қуанышқа бөлуге тырыс деді де, орманды артқа тастап, екеуі қайтадан жаңағы мекен-жайға бағыт алып ұша бастады. Көктем орманан алыстау жерде орналасқан әдемі зәулім үйге көзі түсіп үлгерді де, жанындағы жолдасын бөгемес үшін бағыт алған жолын әрмен қарай жалғастыра берді. 

Бақыт құсы айналадағы көрініске, жылы шырайлы көрініске тамсанып тұрған еді, кенет:

-Сәлем Бақыт құсы! Мен жаңа жыл мезгілі боламын, сенде үш ай тұрақтап саған қонақ әрі, жақын дос болғым келеді деді, жарқын күлімдеген әдемі дауысты бейтаныс оған. Бақыт құсы расында қасыма тағы бір жаңа мезгіл, жаңа дос келген екен ғой. Дауысы қандай әдемі жарқын еді, өзі сондай мейірімдіге ұқсайды.

-Сәлем жаңа мезгіл, жаңа дос! Саған есігім әрдайым ашық қош келдің, есімің кім болады екен?

-Көктем деді, - жаңа мезгіл

-Мен наурыз, сәуір, мамыр деген үш айлардан тұрамын. Өзімді жылы жайдарлы мінезді десем болады. Бірақ кейде күз секілді арасында жай немесе қатты нөсер жауын жауатыным бар. Оның барлығы қоршаған ортаны ұйқысынан оятып, сергітуге арналады, күзден айырмашылығы оның барлығы жылы самал желмен өтіп кететінін айтқым келеді.

-Жаңбыр жауған сәттерді ұнатамын, - деп күлімдеді бақыт құсы!

-Ендеше тіпті керемет деп, сөзін аяқтады көктем. Осылайша екеуі алғаш танысып өте жақын досқа айналып үлгерді. Екеуі әңгіме-дүкен құра қалса, тек жарқын күлкілері ғана естілуші еді. Көктем расында барлығына жылы шуағымен, бақытын сыйлауға тырысты. Оның барлығына ұнай бастағаны, жайлы күйге түскен мінездерінен байқалып тұратын. Әр күн ауа райы шуақты болып, айнала жылуға бөлене түсті. Саяхатқа кетіп қалған жыл құстары да, біртіндеп туған жерге қанат қағып ұшып келіп тұрақтай бастады. Аспан әлемінде армансыз қалықтап бей жай ұшып жүрген құстар әлемі, көктемге дән риза. Адамдар оларға арнап қолдан ағаш ұяларды жасап, ағаштың биік жеріне ыңғайлап, орнатып қоя бастады.  Осындай шуақты күндер тез зымарып, наурыз айының күнтізбе жиырма бірінші жұлдызын көрсетіп үлгерді. Өмір тұрғындары наурыз айында тойланатын мейрамдарын тойлап, жылы табиғат аясында демалып бір-бірімен жақын араласып уақыт өткізіп мәз-мейрам болды. Күн мен түн кезек алмасып жатты. Барлығына тіпті күннің ұзарғаны түннің қысқарғаны ұнап жатты. 

-Көктем кештері қандай ғажап десеңші! -деді бақыт құсы

-Расында саған ұнағанына қуаныштымын жақын досым

-Маған ғана емес, барлығына ұнаған секілді!

-Кеш. Күн бүгінгі міндетін мүлтіксіз атқарып, ұясына батуға дайындалып тұр. Таза ауада серуендеген пенделер, сенің жылы самал желіңе беттерін тосып, бір-бірімен сырласып, жұмыстарын аяқтап бір сәт демалып жүр. Самал жел, құстардың аспан әлемінде қалықтауы, айналанын қызыл нұр мен шырайға бөлей бастаған сәті, қандай әдемі көрініс десеңші!

-Күннің айналаны қызыл шырайға бөлеген сәтін, тамашалағанды менде жақсы көремін бақыт құсы.

-Мейірімді досым, кей күндері ойға шомылып, бір нәрсенені ойлап жүрген секілдісің?

-Иә досым, өзім білетін жаныма жақын жерге барып қайтқым келіп жүр. 

-Сонда басқа жерге тұрақтағың келе ме? 

-Жоқ, өз көзіммен көріп бақылап қайта осында оралғым келеді. 

-Ол қандай жер, расында қызықтырып жібердің? Мен сенімен бара алмаймын білесің, мені осы жерге орнатып салған.

-Иә досым, білемін. Мен саған оқиғаны басынан баяндап бергім келеді. Себебі өте ұзақ хикая, жалықпай тыңдауға әзірсің бе?  Бақыт құсы қызығушылық танытып, тыңдап тұрмын деді.

 Алдыңғы жылы мен бір зәулім әдемі үй жанындағы орманға тұрақтаған болатынмын. Ол орманнан сәл кішкене алыстау жерде орналасқан, мен орманда қалып тұрақтағанымен күн сайын сонда баруды жүрегім қалайтын.

-Не себепті деді, сонда бақыт құсы.

-Себеп ол үй расында өте әдемі тұғын сыртқы бейнесі де, ішкі әлеміде ерекше сыр сандықша секілді еді. Бірақ онда жалғыз басты бір қария яғни қартайған кісі тұрушы еді. Ол әр күнін жалғыз өткізіп тұрып жатты. Мен оны көруге барған сайын ол жалғыз өзі тамақтанып, жалғыз өзі кітап оқып отырушы еді. Үй шаруларын өзі жаймен реттеп жүретін. Мен оны күн сайын келіп көруден бас тартпай, оның үйінің жанына тұрақтадым. Әлдекім болса да оған келетін шығар деген үмітпен күтіп жүрдім. Ол өзі де қалаға апарар жолдың жиегіне көз тастап, ұзақ ойланып отыратын. Мен мүмкін бір жанды күтетін болар деп ойладым. Ол өзі қалаға азық түлік алуға апта аяғында сенбі күні барып қайтатын. Қалған күндері өз үйінде уақыт өткізетін болды. Бір күні ол бөлме гүлін сатып әкеліп, оны әдемі ыдысқа құнарлы қоңыр топыраққа салып отырғызып, қойып ара-тұра су құйып баптап жүрді. Осы бастапқыда кішкентай ғана болған бөлме гүлі, жаймен өз уақытымен өсе бастады. Содан мен қарияны қуанту мақсатында, бөлме гүліне қызыл әдемі гүл атуына көмек бердім. Таң атысымен бүршік жаррған қызыл гүлге көзі түскен ол, бір сәт ерекше мәз-мейрам болып күліп алды, менде қатты қуанған болатынмын. Келесі апта азық түлік алуға барған уақытта ол азық түлікпен бірге кішкене тотықұс ала келді. Ол кішкентай ғана көгілдір түсті әдемі сүйкімді еді.  Оған сөйлеуге әзір ерте екенін, қария да мен де сездім. Бірақ ол оған күн сайынғы ермек бола білді, сөйлемесе де шиқылдап тыныш үй ішіне жан бітіріп, дыбыс шығарып тұрды. Қария оған әңгіме айтып отырып күнделікті тамағын беріп отыруды әдетке айналдырды. Кішкене тотықұс әрние оның айтқан сөздерін түсініпте жатпайтын, бірақ мен үнемі тыңдауды әдетке айналдырдым. 

Ол оған күнделікті тамақ берер алдында

-Қарының ашты ма, кішкентай досым, қазір екеуміз бірге тамақтанамыз деуші еді.

Содан тотықұстың алдына азық салып, өзінің алдына дайындаған тамағын қоятын. Содан соң өзінің қандай нәрсемен айналысқанын айтушы еді.

-Кішкентай досым, білесің бе бүгін ауа райы сондай керемет! Себебі жылы шырайлы көктем келді дейтін. Мен иә расында осындамын деп тіл қатып қалатынмын, әрние ол мені көрмейді естімейді. 

-Мен бүгін осындай кітапты оқып бастадым, сол турасында әңгімелеп беретін. Қандай тамақ пісіргендегі туралы айтуды ұмытпайтын.

Ол үшінші рет азық түлік алуға барғанда, өзімен бірге кішкентай күшік ала келіп, оның үй алдына жақын байлап қойып оны да өз қамқорлығына алып атында қойып алуды ұмытпады. Оны күнделікті бір мезгіл ойнатып босатып, онымен бірге уақыт өткізіп мәз-мейрам болып күліп жүрді.

Қария осы әрекеттің барлығын жалғыздығын жеңу үшін жасап жүргенін сездім. Бастапқы күндердегі әдемі болғанымен, көңілсіздік пен тыныштыққа толы үй іші, қазіргі сәтте бір сәтке өзгеріс енгендей болғандай болды. Күндер осылай өтіп жатып, мамыр да келді. Бір күні кенеттен қария ауырып, төсек тартып жатып қалды. Оған көмектесетін бір жан табылмады, сатып алған әдемі гүлі бей-жай тұр, кішкене тотықұс тор ішінде шиқылдаудан басқа ешнәрсе білмеді, сүйкімді күшік күн көзіне қыздырынып ұйықтап жатыр. Қария өзіне суық тигізіп, төсектен тұруына шамасы жетпей, өзіне қамқорлық пен көмек көрсете алмады. Таң алдында ғана тамақтан ауыз тигізгені болмаса, одан әрі нәр тартқан жоқ.  Қалай көмек қолымды созарымды білмей дал болдым. Сосын қарияға мен ғана көмектесе алатынымды түсіндім.

-Қандай әрекет жасадың, көмектесе алдыңба -деді бақыт құсы асығыс не болғанын қатты білгісі келіп. 

Мен орман ішінен аң аулауға шығатын адамдарды іздей бастадым. Бағыма орай орманда жүрген үш аңшы адамдарды көріп қатты қуандым, содан соң оларды қояндарды қария үйіне қарай жүгірту арқылы, өзім көздеген мекен-жайға үшеуінде жеткіздім. Енді маған олардың үй есігін ашып кіруін күту ғана қалды. Бастапқы да олар орман жанындағы жалғыз үйді көріп, қатты сасып қалды. Бірақ табиғат аясында демалу үшін салынған үй шығар деген ойды біреуі айтқан соң, үй алдында жатқан кішкене күшікті де байқады, содан соң үй есігіне ақырын ғана келіп жетіп тоқылдатып есік соқты. Қария бұл дауысты естігенімен, орнынан тұрып ашуға зауқы соқпады. Өзі денесі қызып жатқан соң оған дәрменіде жетпеген секілді. Олар біраздан соң есіктің ашық екенін байқап, ішке енді. Сосын қоңыр кереует үстінде жатқан қарияны көздері шалды. Жан-жанына барып амандасып, қарияның сырқаттанып жатқанын біліп, жедел-жәрдемге қоңырау шалып, өздері тұрған мекен-жайға көмекке келуін сұрады. Содан соң өздері қарияға қол ұштарын созып, бірі су әкеліп берсе, екіншісі тамақ әзірлеуге кірісті, үшінші ауа райы жылы болғанымен үй ішінің салқын тартып тұрғанын сезіп, сырттан азын-аулақ отын әкеліп, от жағып үйді жылуға бөледі. Үй іші жайланып, қария бастапқы қалпынан өз-өізне келе бастап көңілі жайланғаны байқалды. 

Осы көрінстерді бақылап тұрған мен қандай тіршілік иесі болса да, кеудесінде жүрегі соғып тұрған пендеге, адам деп аталатын өмір тұрғынына бір-бірінен асқан демеуші жоқ екен деп ойладым. Осындай мейрімді жандарға жолығып, тауып әкелгеніме іштей расында ерекше риза болдым.  Олар осында қалса ғой деген арман тілек болды, ойымда. Кешкі уақыт басталуға жақындаған сәтте жедел жәрдем дәрігерлері келіп жетіп, үйге кіріп қарияға көмек көрсетіп, қабылдайтын дәрі-дәрмектерін қалдырып қайтып кетті. Үш аңшы жігіттермен қария дастархан басына бірге отырып тамақтанып, әңгіме айтып сырласып бір жадырап қалды. Әңгіме барысында қариядан неге жалғыз тұрып жатырсыз деген, сауал қойылды?

-Мен жалғыз емеспін жауап қатты, жақында менің жаныма немерем келемін деп уәде етті деді жай сенімсіздеу үнмен.

-Ал сіздің балаларыңыз қайда? -деді бір жігіт дастархан басындағы?

-Менің үш қызым және бір ұлым болды. Қыздарым өз жолдарымен тұмыс құрды. Бақытты деп қойды қария күлімдеп. Әңгіме кезегі ұлы туралы айтуға келгенде қарияның көңілін мұң басқандай көрінді. Содан іштегі мұңын жасырғысы келген ол:

-Ұлым болса өте еңбекқор. Ол шетелден үй алып, сол жақта өмір сүріп жатыр. Ал мен туған жерден кеткім келмеді. Сондықтан осында тұрып жатырмын деп сөзін аяқтады ол.

-Күтіп жүрген немеріңіз қайда, ол да қазір шетелдеме?

-Иә деді қария мәз-мейрам. Ол сондай сымбатты жігіт болып ер жетіпті. Жақында онымен хат алмасқанда оқуын осы жылы бітіріп, үйленіп осында менің жаныма келіп тұрамын деп уәде етті, - қалтасынан бір ашық хатты шығарып.

-Керемет, ақсақал онда сол ақылды немеріңізбен аман-есен қауышуды сізге бұйырсын, деп қойды дастархан басындағылар шынайы тілек білдіріп. Ендеше біз қараңғы түспей жолға шығайық, сіз өзіңізге қарап жүріңіз ауырмаңыз деп орындарынан қозғала бастады. Содан іштеріндегі біреуі қарияның қолынан ұстап, біз келесі апта сенбі күні аңға шыққанда сізге келіп кетеміз деді, күлімдеп.

Қария бұл сөзіне қатты риза болып, қонақтарын есікке дейін қимай шығарып салып, қайта орына отырып қалтасындағы хатты қайта шолып оқып болған соң, торда тұрған кішкене тотықұсқа қарап бәсең үнмен:

-Ол уәдесінде тұрады, мен сенемін-деді хатты бүктеп қалтасына салды да , көздеріне жас үйріліп үнсіз жылап жіберді. Менің оған қарап, жүрегім ауырды, содан мен қариямен бірге қосылып жылағандай болдым. 

Аспанда жаңбыр бұлттары түйіліп жайғасып, барлық жерде нөсер жаңбыр жауа бастады. Тарсылдаған жаңбыр тамшысына, аспанның күркіреген дауысы қосылып, табиғат ана мен көктем ішкі мұңдарын сыртқа шығарғандай күйге түсті.   

Осы қалпы таңға дейін созылатын түрі бар сияқты. Әңгімесін аяқтаған көктем бақты құсына сол күнгі күйін дәл солай сипаттап берді.

-Бақыт құсының көзіне жас үйріліп, үнсіз қалды. Көктем болса дәл сол күнгідей нөсерлетіп жаңбырлата бастады. Оған күн күркірі мен екпінді жел қосыла жөнелді. Осылайша осы жылғы көктемнің наурыз айындағы алғашқы нөсер жауыны жауған болатын.  Түнімен тынымсыз жауған нөсер жауын таң ататын уақыт жақындағанда барып тоқтайды. Әдеттінше жарқын шуақты күн басталып үлгергенін байқаған бақыт құсы, жанында көктемнің жоқ екенін білді. Оның қай жаққа жолға шығып кеткенін ойланбастан түсінді.

Көктем бақыт құсының жанында наурыз айының аяқталар екі аптасында болған жоқ. Кеткен жерінен оралмай жатқанына бақыт құсы алаңдай бастады. Өзі көңілсіз күйге түсіп, көктемді асыға күтіп жүрді. Сәуір айының бірінші жұлдызында түс ауа жанына оралып келе жатқан көктемді көріп қатты қуанды.  Өзінің не болғанын сұрауға батылы жетпей тұрғанда, жанына келіп жайғасқан көктем өзі бірінші сөз бастады.

-Мен ол жерге кеш бататын сәтте келіп жеттім. Сосын үй алдына дастархан жайып, тамақтанғалы жатырған сүйкімді жас жұбайларды көрдім. Қарияны таба алмай көңілімді жаман ой басып мұңайып тұрғанда, есіктен қолына кішкентай ғана бүлдіршін сәби көтеріп, мәз мейрам болып дастарханға қарай келе жатқан қарияны көріп жүрегім зу етіп қатты қуандым.

Бақыт құсы шаттана, алақай демек қарияның немересі қасына келіп тұрақтаған болды ғой. 

-Иә, деді көктем жарқын күліп. Олар қайда кетіп қалмай ма? -деген оймен сонда біраз қалып бақылап көргенді жөн көрдім. Содан жас жігіт немересінің оған айтқан сөзін естіп қуанып осында қайта оралдым. Мен оның сөзіне расында сендім деді көктем. Ал ол қандай сөздер айтты-деді бақыт құсы.

-Ата мен сізді кішкентай кезімнен жақсы көремін, енді ешқашан тастамай қасыңда боламын. Сізді күткізіп, уайымға салғаным үшін кешірім өтінемін. Үйленіп той жасмаймын деп, бүгіліп қалдым. Жақында әкемде осында қонаққа келгісі келді. Мен осы қаладан тұрақты жерге жұмысқа орналыстым. Онда күнде көлікпен қатынайтын боламын. Сенбі күндері барлығымыз әдетінше қалаға серуендеуге барып тұрамыз. Ата енді еш уайымдама, сені бақытты ету үшін бар жағдайды жасаймын-деп атасын құшақтаған болатын деді көктем!

-Міне қандай керемет азамат еді, берген уәдесінде тұра білді.

-Иә расында осындай ғажап керемет адам, деді көктем еркеше риза болып. Көктем сол күннен кейін бақыт құсының жанынан ешқайда ұзап шықпады. Сәуір айының күндері кейде жаңбыр жауып жел тұрып, кейде ерекше жылы болып өтіп жатты. Жаңбыр кейінгі әдемі түстерге боялып аспанға өрмелеп шығатын әдемі баспалдақ ұқсап тұрған кемпірқосақты барлығы қызығып тамашалап үлгерді. 

Көктем жылы шуақты күндерінен бөлек, бар ғажабын көрсете бастады. Бастапқысы ол ағаштарды құлпыртып гүлге толтыртып, бүршік жарғызу еді. Одан жер ананың біртіндеп гүлмен көк бөктерге орана бастауы еді. Көл жағасы бұрынғы меңіреу тыныш қалпынан айырылып, қазіргі сәні кріп қалғанға ұқсайды. Шағалалар аспанды шыр көбелек айнала ұшып, көл мен өзен суы мөлдіреп сылдырлап ағып жатыр. Қолдарына қармақтарын ұстаған балық аулауға құмар балықшылар жиналып қалыпты. Көл жағасында сеурендеп демалып жүргендерде табылды. 

Көктем келіп тұрақтағалы бақыт құсындағы қыс мезгіліндегідей емес, келуші қонақтар саны арта бастаған. Достарымен серуендеген бойжеткендер, жас жұбайлар, ғашықтар, кішкентай бөбек бүлдіршіндер, ата мен әжелерде бар. Бақыт құсына барлығы өмірлерінің бір сәті мен минуттарын демалып тынығуға арнап кетеді. Көктем оларға қарап мәз-мейрам болып тұруды ғана біледі. 

-Өмірді расында кейде осындай әрекет жасап сүріп тұруы керек. Адамдар кейде өмірдің қойып тастаған заң қағидалары мен ғана шектеліп, оны өмір сүрудің заңы түсініп солай өзгерместен күн кешіп жатады. Шындығында олар нені қаласа, сол қалаған жақсы дүниелердің бәрін жасап өмірлерін бақыт пен шаттыққа толтыра алады деп ойлаймын. Тек ол үлкен талпыныс пен таңғажайып мызғымас сенімді талап етеді. Мен досым өзгеріс туралы айтып жатырмын, өмірді жақсы жаңа бағыт, жаңа өзгерістерге толтыру олардың қолында деп ойлаймын. Олар дәл қазіргі өтіп жатқан сәттің қайтып оралмас ғажап сәт екенін түсіне білу керек және ұтымды пайдалана білу керек! Бақытты сәт дегеніміз ол ертең немесе болашақта емес, дәл қазіргі сәт болуға тиіс. Дәл қазірден бастап бақытты сәт басталғанын және жандарында екенін сезіне білу керек. Саған келіп уақыт өткізетін жандарға дән ризамын, себебі олар бақыттың өздерінің жанында екенін сезіп, ұғынып жүрген тұлғалар деп білемін. Олар өздерін қуанту үшін әрекет жасап жүрген ақылды жандар.

-Сөзсіз, керемет айттың мейірімді досым көктем! Мен олардың жүздерінен тек қуанышты ғана байқаймын. Менің алғашқы досым күз айтпақшы оларға өмір бір-ақ рет беріледі, сондықтан бақытты болатын сәтті күтпей, әр сәттен бақыт таба білуі керек! - деген болатын. 

 Иә, оқырмандарымның ғажайып сәттері мен күндері зулап өтіп жатты. Сәуір айы да аяқталып, көктемнің үш айы мамыр басталды. Қызғалдақтар жер анадан бөлініп өсіп шығып, айналаны қызыл нұрлы түске бояп тұрды. Самал желге жай ырғалып сыңғырлап саған сыр айтып тұрғандай көрінетін, сондай жеңіл нәзік гүлдер. Көктем алғашқы күндерден бетер, мамыр айының орта тұсында қатты ыстық болып жылына бастағандай көрінді. Адам атаулының бәрі бастапқыдан да жеңіл әдемі кинініп, қолдарына бір жерге жолға шыға қалса, су алып жүруді әдетке айналдыра бастады. Ағаштар мен гүлдердің қоршаған ортаның шөлдеп қалғанын сезген көктем мамырдың еш күркірсіз, жылы самал желмен, жай нөсер жауын жауды. Осы сәтті кей адамдар күткендей сыртқа шығып, жауын астына шығып кеуделерін тосты. Тамшылаған жаңбыр тамшылары қандай ғажап десеңші, ал дыбысы тыңдаған жанға жан тыныштығын сыйлайтындай көрінеді. Жұпар иісі айналаны шаң тозаңнан арлытып, бір сәт тазалық жүргізгендей көрінді. Ол барлығына ұнады. Қоршаған табиғат ана расында бір сергіп қалғандай еді. Осындай сәттер бақыт құсына ерекше ұнаушы еді. Көктемнің де міндетін атқарып бітетін күн жақындап қалғанын сезіп жүрген ол , іштей мұңайып жүрді. Мейрімді досын жолға шығарып салар күн де жетті.

Мамыр айының отыз бірінші жұлдызын күнтізбе белгілеп көрсетті.

Таң ата ерте оянған бақыт құсы көктем досына бір құпия өзіне қымбат нәрселерін көрсеткісі келетінін айтып. Оған:

Күз сыйлыққа естелікке берген сары жапырақтар;

Қыс мезгілі сыйлыққа берген шар ішіндегі ақ ұлпа қар жауып тұрған сәтті көрсетіп күлімдеп қарап тұрды. Барлығын сол бойда түсінген көктем оған бір құшақ қызғыл қызғалдақ гүлдер сыйлады. Гүлге қонып лезде ұшып кеткен ақ көбелекті көрген бақыт құсы қандай әдемі еді. Тамашалап үлгере алмай қалдым қап-ай деді. Көктем оның көгілдір түсін пайда қылды. Бақыт құсы жаймен ғажап деп гүлге қонған оған үнсіз қарап тұрды. Сәлден соң көбелек ұша жөнелді.

Көктем саған берер естелік сыйлығым осы болсын бақыт құсы. Келер жылы қайта кездескенде басқа әдемі гүлдер беремін деп уәде етемін. Ал рұқсат етсең мен дәл қазір жолға шығып кеткім келіп тұр, себебі қарияны тағы бір бақылап көріп, түнгі он екі бола салысымен көктем періштесін  өзім сол жақтан қарсы алып өз мекеніме оралатын боламын. 

Бақыт құсы: Әрние рұқсат, мейірімі шексіз досым, мен сені асыға күтемін осыны ұмытпа деді.

Көктем: Мен саған келер жылы асыға қайта міндетті түрде оралатын боламын. Ешқашан мұңайушы болма, жарай ма маған уәде бер, бақыт құсы атауыңа лайық әрқашан адамдарға бақыт сыйлауды ұмытпа, өзің де әрқашан бақытты бола біл деп, көктем жаймен аспанға көтеріліп ұша жөнелді,

-Уәде беремін көктем, мен әрқашан бақытты қалпымнан өзгереймін, оның берген гүлдерін құшағына қысып, тамашалап тұрды. Жаңағы лезде ұша жөнелген ақ көбелек қызыл қызғалдақ гүлдерге келіп тағы қонып, бей жай тұрды.

                                               Ыстық лаулаған сәттер…

Көктем аяқтала салысымен күн қатты ыстық бола бастады. Барлық өмір тұрғындарына жарық күн нұрлы отты сәулесін шектен тыс шашып жатқандай көріне бастады. Тұрғындар жаңа мезгіл атын атап, келген секілді деп жүрді. Расында бізге жұмыстан босап, саяхатқа шығып, демалатын уақыт жеткен секілді қуанып жатты кейбірі. Басқалары болса, үйде жөндеу жұмыстарын жасаймыз деп бір бөлек мәселені қозғап бастап жүрді. Бұл әрние өмір тұрғындары адамдардың жаңа мезгілге танытқан көзқарастары еді. 

 Табиғат ана мен қоршаған орта көктемнің нөсер жауынын аңсап тұрғандай. Ыстық лепті желмен күн сәулесіне шыдамай шөлдеп тұрған секілді. Бақыт құсы өзінің жаңа досының күндері ыстық болатынын бірден ұқты, бірақ жауын жаумайтын болса, барлығына қиынға соғатын секілді деп, өзіне күбірлеп сөйлеп тұрғанда

-Жауын болады, уайымдама жаңа досым. Менің екі жасыл түстес мейірімді періштем ол жағын қарастырып қойған. Біз өмір тұрғындарына ешқашан зиян тигізбеуге тырысамыз. Мен осында жарқын өмір сыйлап, осы айналаны жарқын күлкіге толтыру үшін келдім. Ыстық ауа райыма уақыт өте келе барлығы бейімделіп кетеді деп ойлаймын сенде және қатты ыстық болып көңіл қалып жатса, күз бен көктем секілді менде айнытпай жаңбыр жауа алатын қасиетім бар деп күлді, жаңа бейтаныс бақыт құсына қарап. Жаз мезігілі мен боламын, деді ол жарқын дауыспен.

-Расында көңілді екенсің, менің есімім бақыт құсы. Сенде осында үш ай тұрақтайсыңба? Әлде өзгеріс бола ма?

-Жалпы менің атқарар міндетімде үш айды қамтиды. Маусым, Шілде, Тамыз атты айлар. Есімдері расында өте әдемі иә. Мен әдемі жыл мезглінің төртінші кезекті жыл мезгілімін. Менің ауа райым ыстық оттай лаулаған күндерге толы болмақ. Ал кештерім ұзақ әрі ерекше әдемі салқын лепті желдің көмегімен өтеді. Ол өмір тұрғындарына күндізгі ыстықтан қитықтап демалар сәтте ерекше көмек береді. Бірақ күнде деп айта алмаймын, әр кезде әртүрлі. Мен жұлдызды айлы түндерді қатты жақсы көремін, ұзақққа созылған жарқын кештерді. Адамдар көбінде мен келгенде демалуға асығады, саяхат жасауға немесе үйде, саябақтарда, көл жағасында теңіз жағасында уақыт өткізгенді жақсы көреді. Мінездері әртүрлігі секілді, таңдаулары да әртүрлі досым. Адамдар секілді мен өзімде қыдырғанды, саяхат жасауды жақсы көремін. Бір жерде ұзақ болсам тез жалығып кететін әдетім бар, деді жарқын жаз бастаған сөзін аяқтап.

-Сонда қанша уақыт менде тұрақтай аласың, көңілді қыдырымпаз дос? - деп сұрақ қойды бақыт құсы таңдана.

-Бақыт құсы мен сенде маусымның ек аптасы болып, қалаған уақытта ораламын.

Қарсылық жоқ шығар, деді жаз

-Жоқ, өзіңіздің көңіл қалауыңыз білсін деп күлді бақыт құсы.

Жаз расында осындай көңілді мезгіл екен. Бақыт құсы екеуі күндіз тынығып, кешке неше түрлі қызықты ойындар ойнауды әдетке айналдырды. Жарқын жаз өзінің керемет әзілкеш екенін көрсетіп үлгерді. Ойын ойнап жалығып кеткен 

сәттерде ол бақыт құсына түрлі қызықты күлдіргі әңгімелер айтып жарқын күлкіге толы кеш пен түндерді бастан өткеріп жүрді. Адамдар таң мен ерте тұрып, жұмыстарын түс ауған сәтке дейін үлгеріп, түс ауа күн ыстық бола бастаған сәтте үй ішінде ұйқыға батып, кейбірі кітап оқып, кейбірі сериал тамашалап, кейбірі көлеңкелі жерде балмұздақ жеп, әркім өздері жаны қалайтын дүниемен айналысып жатты. Тек кеш батып сағат жеті шарым болған уақытта, кейбірі бұл уақыттан да кеш шығып далада серуендеп, қыдыруға, кейбірі алаңда спорттық ойындар ойнап, қойылым мен кино көруге, кейбірі дастархан басындағы бас қосуларға барып жүрді, кейбірі үй ауласында тынығып кешкі самалға демалып уақыт өткізді. Қыстың аязды күндері олар үйде жылы пештің қасында, дастархан жайып, барлығы үй ішінде уақыттарын өткізіп жүрді. Әр жылы мезгілі өзгерген сайын, күнделікті дағдылары жасайтын іс әрекеттері ауысқаны болмаса, тіршілік пен уақыт тоқтаусыз жалғаса берді. Саяхатты сүйетін жандар әлдеқашан барғысы келетін жерге жиналып жолға шығып кетті. Әзір саяхат жасауға асықпайтын жандар, қалыпты түрде өз істерімен айналысып жүре берді. Бәлкім маусымда саяхат жасағылары келмейтін шығар, кім білсін?! 

Саяхатты жақсы көретіндердің бірі жарқын жаздың өзі бақыт құсымен уақытша қоштасып, жолға шығып маусымның аяғы болса да, әлі оралған жоқ. 

Бақыт құсы жалғыз тұрып жалығып, оны асыға күте бастады. Расында оны сезіп білгендей шілденің алғашқы күні мен таңы басталар уақытта қайтып оралды. Бақыт құсы оны қуана қарсы алды. Содан қайда барып келгендігі туралы сұрады.

Ол ұзақ жолдан шаршағанын аздап тынығып, кешкі ұзақ сапарының қалай өткендігі туралы айтатынын жеткізді. 

Кеш. Самал жел өз жұмысын мүлтіксіз атқаруға крісті. Күн жаймен жылжып қызара ұясына қонуға қарай қадам жасай бастады. Аспан әлемінде құстар қанаттарын кең жайып, кешкі серуенге шығып жатқаны байқалды. Көше күнделікті әдетінше у-шуға тола бастады. Оларға мән бермеген жарқын жаз ұйқысын ашып, бақыт құсына әңгімесін айтып бастады:

Таң. Ұясынан жаймен атып келе жатқан жарқын күн. Шиқылдаған құстар үні. Тоқтаусыз жағаға келіп соғылып жатқан теңіз толқыны. Ол бейне бір тоқтаусыз өтіп жатқан уақыт пен күнделікті өмір секілді. Бір сәт тоқтаусыз толқындап жатады. Шексіз мөлдір суының аяқталар тұсын табу мүмкін емес секілді. Асып тасып тоөгіліп көтеріліп жатқан мөлдір суы сылдырап тоқындатып, даусы тыңдаған жанға аяқталатын нотасы жоқ әуен секілді. Күн сәулесі оған шағылысып, жылтырай түседі. Ол жерде қашанда менің салқын лепті желім соғады. Түпсіз терең тұнық тереңінде сан мыңдаған тіршілік иелері ғұмыр кешеді. Олар жер бетіндегі тіршіліктен бөлек, сырлары мол әдемі үлкен әлем секілді. Мен келгенде кеудесінде жүрегі соғатын адам деп аталатын жандар оның жанында таңнан кешке дейін уақыт өткізіп демалғанды жақсы көреді. Күндіз суына сүңгіп жүзіп, күн көзіне қыздырынып, балалар оның сары құмынан неше түрлі бейнелер жасап уақыт өткізсе, кешке оның мөлдір тұнық толқып жатқан суына батып бара жатқандай көрінетін, көк пен қызыл түстің қиылысып қосылатын сәтін көргенді жақсы көретін жандар, оның толқын келіп соғылатын жағалауында немесе толқын суына жақын тұрған көгілдір жартастар үстіне жайғасып бар тіршілігін ұмытып табиғат ананың сол бір ғажап кеш батқан уаықытта қайталанатын, таңғажайыбын қалт жібермей тамашалайды. Сол бір әдемі, сәттің ерекшелігін тілмен айтып, жеткізу мүмкін емес. Ол өзі сондай әдемі, таңғажайып!

Мен сонда мамыр айының екі аптасында тұрақтап өткізіп келдім. 

-Қандай әдемі, ерекше суреттеп бердің жаз. Ол ғажайып жердің атауы қандай сонда, көңілді досым?

-Теңіз, көк теңіз деп атағанды жақсы көремін деді жаз.

-Бақыт құсы білесің бе, оған ақын жазушылар көптеген өлең шумақтары мен шығармалар жазып қалдырған. Оған себеп жаңағы мен сипаттап берген таңғажайып шабыт беретін көз тоймас табиғаты деп ойлаймын. Ол анық нәрсе екеніне уәж жоқ секілді.

-Тамаша екен. Саған ұнағаны секілді, оларға көк теңіз қатты ұнап қалған болып тұр ғой сонда. 

-Иә, қаласаң бірін саған оқып берейін

-Тыңдап тұрмын, -деді бақыт құсы қызыға, өлең шумақтарының қандай болатыны қызықтырушы еді енді сенің арқаңда білетін болдым айта бер досым, жаз жарқын әдемі үнмен осы бір өлең жолдарын мәнерлеп айта бастады:

Теңізге мынау қарашы,

Жетпейді көздің шарасы.

Кеткендей боп тұр астасып,

Аспан мен жердің арасы.

 

Мұнда жоқ кінә-кек деген,

Мұнда жоқ шет пен шек деген.

Сан бақыт мұнда бүршіктеп,

Сан мұрат мұнда көктеген.

 

Оған жат қайғы-қасірет,

Айтары ерлік өсиет.

Теңіздің теңіз екенін

Тану да үлкен қасиет.

Төлеген Айбергенов атты ағамыздың өлең шумақтары-деді жарқын жаз өлең аяқталысымен досына қарап.

Бақыт құсы, ерекше әдемі өлең шумақтары екен. Өлең жолдарын тыңдаған қандай керемет, маған тағы бірде оқып беремін деп уәде берші.

-Уәде беремін бақыт құсы, міндетті түрде осы тілегіңді орындаймын. Тағы бір саяхаттан оралған соң деп күліп қойды, -жаз.

-Тағы жолға шығу ойыңда бар көңілді дос? Мені тастап кетіп, жалғыз өзім жалығып кететін болдым, деп бұртиды бақыт құсы.

-Шілде айының тоғызыншы жұлдызына дейін сенің жаныңда боламын деп уәде етемін. Ал сол уақыт аяқталғанда мен тау мен орманға барып қыдырып келгім келеді.

-Келістік, деді бақыт құсы. Бірақ бір шартым бар тамыз айы бойы ол аяқталғанша менің жанымда қонақ боласың деді. Жаз кішкене ойланып жарайды, бірақ келер жылы бұл шартты орындамаймын бліп қойып, менің тынымсыз екенімді өзіңде танып білдің ғой деп жарқын күліп жіберді жаз. Оның бір осы күлкілі дауыспен айтқан сөзіне бақыт құсы да мәз-мейрам болды.  Осылайша жаздың екінші айы шілде де басталып уақыт өз жұмысын тоқтаусыз атқара берді. Бұл қатарға еш өзгеріссіз  ауысатын күн мен түнді қосуға болады.

Өмір сағаттары тоқтаусыз сырғып жатты. Ағаштар жасыл жапырақтарға толып, кішкене жеміс дәнектерін жара бастады. Табиғат ананың жер атты досы осы жолы жасыл көйлек киіп, құлпырып тұр. Жасыл шалғынды көл жағасында қоңыр және қара қайықтар көлдің келіп тоқтар жеріне шығарылыпты. Кеш батып келе жатқан соң, балықшылар үйіне қайтуға жолға шығып кеткенге ұқсайды. Күннің отты ыстығы саябырлап басылып, барлығы самал желдің міндет атқарар сәтін күтіп жүргендей. 

Тау айлы аймақ. Жаз болғанымен аспанға биік басында, суық жел байқалады. Күн көк төбеге шығып үлгерген, таудан биік тұрып көрінуге талпынған секілді. Иә расында көзге түсетін аспанның ыңғайлы орнына жайғасып алыпты. 

Биік шыңына орналасқан жаз оның үстінде қар қалғанын сезіп, көрді. Аспан тіптен жақын көрінетін бұл жерден күн сенің жанында орналасқан секілді. Ал осындағы бар әдеміліктің бәрі кеш бата бастағанда басталады. Күн қызарып еңкейе бастаған уақыттарда сен бірге оның қызыл сағымына біртіндеп боялып, оранып батып бара жатқандай сезім бастан өткересің. Сәлден соң күннің өзі ғана батып кетіп, әлі өз орыныңда  тау басында отырғанды түсінесің. Самал жел бетіңді сипалап, саған келіп соғылып тұрады. Жаныңа дөңгелек аппақ ай келіп тұрғандай көрінеді, ол пенделерге қолын созсаң алып ұстайтындай сезіліп тұрады. Оны ешқашан ұстай алмайтындар барлығы түсініп біледі, бірақ қолдарын оған қарай созып көреді және әдемі суретке түсіп жатады. Ал мен түн қараңғысында жұлдыздарды жақыннан тамашалағанды жақсы көремін. Орман тіршілігін бақылап, сенің жаныңа берген уәдем бойынша міне қайта оралдым, деп бастаған әңгімесін аяқтады жаз. Ал қазір қайырлы түн досым, ертең жаңа үшінші айым тамыз басталады.

-Қайырлы түн жаз мезгілі, -деп екеуі де әңгімелерін аяқтап аспандағы жұлдыздарға қарап тұрды. Әзір ұйқылары келмеген сияқты. Жазғы көшеде тыныш таба қоймаған, түн ортасы болса ағылған көліктердің саны жаяу жүргінші адамдардың қозғалысы тоқтамады. Бірі шам жарығын өшіріп ұйықтауға ыңғайланса, кейбірі әлі көшеде немесе үй ауласында жүр. Жаздың самал кештерін қимайтын секілді. Жұлдыздар айналаға жымыңдап қарап алыстан күлім қағып тұр. Кенетен жерге біреуі құлдилап төмен сырғи бастады, расында біреу сиқыр жасап орнынан қозғап жібергендей жерге қарай жылдамдата түсіп көзден ғайып болып үлгерді. Жер тұрғындарының кейбірі оны байқады, кейбірі қалт жіберіп алды. Көрген жандар жұлдызым жоғары деген сөзді айтып, әрі қарай басқа жұлдыздарға көз тастады. Уақыт өткен сайын қараңғылық қоюланып, адамдар ұйқыға батты. Көліктер саны да азайып, бір-екеуі ғана көзге түседі. Айналада тыныштық әуені басталды. Ай мен жұлдыздар өз орнында қозғалыссыз тұр. 

Самал жел кейде өзінің бар екенін сездіріп, теректерді тербетіп кетіп жатады, оларды ұйқыға батырудың жолы ма белгісіз. Бір сәт саябақ шамдарын үрлеп өшіріп өзі де тыныш қалғандай көрінді. 

Жаздың үшінші айы тамыз таңы атты. Күн ұясынан әдетінше ерте шықты. Құстар таңғы хор әндерін бірігіп айтып, шиқылдап өзге тіршілік иелерін оятып жатты. Бүгін аспан жайылған әдемі ақ бұлттарға толы. Еңбекқор құмырсқаларда таңмен оянып жем іздеп тырымысып, ағаш түбінде құлаған өрік жемісін қоршап мініп алған көрінеді. Ағаштар түрлі жемістерге толы, алма, өрік, шие ағаштары бақшаға әдемі сән беріп тұрғандай. Кейбрінің адамдар жемісін жинапта үлгерген секлді. Жаз мезгілі досына берген уәдесін орындап бақыт құсының қасында уақытын өткізіп жүрді. Тамыз ауа райы еш өзгеріссіз өтіп жатты. Кей күндері бірен саран жаңбыр жауғаны болмаса басқа өзгеріс бола қойған жоқ. Жаз бұрынғыша көңілді қалпы. Саяхатқа кеткен жандар қайта оралып, кейбірі енді аттанып жатты. Кейбірі бастаған жөндеу жұмыстарын аяқтап жатса, кейбірі қалаға оқуға түсуге емтиханға дайындалып жүрді. Күнделікті уақытымен күнтізбе күндері ауысып тұрды.

Тамыз кештерін барлығы әдеттінше тас қарайғанша табиғат ана құшағында өткізіп жүрді. Ай артынан күн шығып, күн артынан ай келіп алмасып аспан денелері өз жұмысын мүлтіксіз атқара берді. Тамыз күндері мен түндері жалғасып оның аяқталатын күні де жақындап қалғаны сезілді…

                                            Жұмбаққа толы сиқыршы

Тамыз. Аяқталуына екі апта қалды. Ауа райы ыстық қалпынан сәл өзгеріс жасап, ыстық сейіле бастағандай еді. Алыстан соғатын суық желдің жете алмай жатқан ызғары бар секілді. Ағаштардағы жеміс атаулы түгелдей теріле бастап, егін алқабында тоқтаусыз үдеріс жоқ, үзіліссіз жұмыс басталып кетті.  Тамыздың аяқталатын бір аптасы басталып сала берді. Адамдар мен жануарлар тоқтаусыз дайындықтарын жасап әуреге түсіп жатыр. Екі қанатты құстар әлемі де алыс сапарға шығуға дайындалып жатқан секілді, аспан әлемінде қалықтаған құстарда сери бастап жатыр. Құмырсқалар ұясына ертелі кеш ұяларына жем тасып әуре. Орман тиындары ағаш ұяларының ішіне жаңғақтарды тиянақтап жинастыра бастады. Бұрынғыдай ызыңдаған аралар мен шыбын шіркей дыбысы түгел өздері көрінбейді. Қызыл, жасыл, ақ көбелектер ізім ғайым жоғалып кеткен.

Барлығы тынымсыз бір нәрсеге дайындық жасап жатыр. Оларды жай күлімдеп тұрған жазға қараған бақыт құсы:

-Олар сенің жолға шығатын уақытың жақын екенін біліп, дайындық жасап әуре сен әлі осындасың оны ұмытып кеткенге ұқсайды. Ал сен күлімдеп тұрсың себеп неде досым?

-Олар әлі көп нәрсе жасап үлгеруі керек досым, өзің көріп тұрғандай жұмыстары өте көп, олар осы істерін сенің алғашқы досың келген уақытта жалғастыра береді. Бұл аязды қысқа дайындық деп аталады. Бұл оларға қыс мезгілінен аман есенге өтуге көмектеседі. Мен жандарында болғанда кішкене үзіліс демалыс жасаған олар қайта қарқынды жұмысқа кіріседі.  Себебі ыстық күндер өтті, енді қоңыр салқын, қатты суық аязды күндер қайта оралады.  

-Иә, досым сені жақсы түсіндім деді бақыт құсы.

Тамыздың отыз бірінші жұлдызы. Түн жаз періштесі аспанда жұлдыздар жанында қалықтап ұшып жасыл із қалдырып бей жай ұшып, жаз мезігілін серіктесін күтіп тұр. Жаз бақыт құсымен сөйлесіп қоштасып жатыр.

-Біз төрт жыл мезгілінен тұрамыз. Барша қоршаған әлемді шексіз жақсы көреміз, оларды өз мінезімге сай өгертіп жұмыс жасағанды ұнатамыз. Жұмыс мерізіміз барлығымызда үш айға ғана созылады. Жыл сайын кезекпен алмасып жұмыс атқарамыз. Бізде уақыт пен күнтізбеге бағынамыз, бір ай артық қалып өзгеріс жасауға бізге рұқсат жоқ. Оны біздің жұмбақ сиқыршымыз бақылайды. Жұмбақ деп айтып тұрғанымдай мен оны көрген емеспін, бірақ оның бар екені бізге айқын сезіліп тұрады. Мынау менің саған естелік сыйлығым бақыт құсы, деп жаз мезгілі оған теңіз жағасынан әкелген кішкене әдемі қоңыр ағаш қайық пен жасыл түсті көбелек мүсінін сыйлады.  Уәде бойынша саған бір балақайдан естіген өлең жолдары өте әсерлі ұнады соны айтып бергім келеді.  «Перизаттар» мультифилімнің басталып жатқан кезінде айтылған көрінеді деп жаз өлең жолдарын аяқтай салысымен жоғары ұшып, лезде періште мен бірге ғайып болды.

Түн көлеңкесін түсіріп таң ата бастады. Бақыт құсы жанына қарай ұшып келе жатқан алғашқы досын алыстан көріп қатты қуанып қарсы алды. Осылайша төрт жыл мезгілі алмасып аяқталып, басынан басталды. Қоршаған әлемге күз келіп қайта жұмысын бастады. Өмірдің тағы бір жаңа таңы атып, уақыт жылжып, өмір әлемнің тіршлігі тоқтаусыз жалғаса берді. Бақыт құсы жаздан жаттап алған осы әдемі өлең жолдарын дауыстап мәнерлеп оқи бастады…

Айнала бізді қоршаған ғаламның

Сырына қанша бойлап көрсе де,

Қиялы жетпес адамның

Басқарып бәрін тұрған ұлы күш бар

Ойланам әлем ішіндегі санамнан

Ақ арманға ұқсап тұрған ақ қардың

Біле білсең оның да иесі бар.

Ал осынша сұлулықты жаратқан-оған күз қосылып жалғады:

Жұмбағы мол сиқыршы бар ғажайып,

Бақылған бізді үнсіз мейірімді ерекше

Ренжітіп біз оны алмайық! 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар