Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
АРНАЙЫ ЖОБАЛАР
/
«Жүз кітапқа тек көркем әдебиет емес, танымдық, фи...

«Жүз кітапқа тек көркем әдебиет емес, танымдық, философиялық кітаптар да кіруі керек...»

14.11.2025

3254

«Жүз кітапқа тек көркем әдебиет емес, танымдық, философиялық кітаптар да кіруі керек...» - adebiportal.kz

«Ұлт оқитын 100 кітап» жобасының кезекті шығарылымында поэзиялық шығармалар талқыланды. Бағдарламаға белгілі жазушы, сыншы Бекен Ыбырайым, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы және ақын Мұратхан Шоқан қатысты. 

Әңгіменің әлхисасы Мағжан Жұмабаев поэзиясынан басталған бағдарлама соңы биылғы жүз кітаптың мәселесімен аяқталды. 

«Мен осы жүз кітаптың тізімімен толықтай танысып шықтым. Мұндағы кітаптардың бәрі мықты деп еш айта алмас едім. Бұл жүз кітапты кім таңдады, қалай таңдады мәселе сонда. Егер  тек дауыс беріп ғана таңдау жөн десек, бұл мүлде дұрыс емес. Бірден айтайын, әдебиеттің көркемдігі мен ерекшелігін қарапайым оқырман емес, кәсби мамандар ғана анықтай алады емес пе?

Мысалы, балалар әдебиеті деген де Бердібек Соқпақбаев пен Нәсіреддин Сералиевтың ғана еңбектері енген. Ал қалғандары қайда? Сондықтан «жүз кітап жобасы» әлі де өз жалғасын тауып басқа да  балалар жазушыларының еңбегін қамтиды деп есептеймін. Бұл жоба бұдан кейін де жалғасын табатын болса, міндетті түрде кәсіби мамандар мен білікті сарапшылардың пікірімен жүзеге асуы керек» деген пікір білдірді белгілі жазушы, сыншы Бекен Ыбырайым.

«Сөз жоқ классиктерді оқуымыз керек. Оған ешқандай дау жоқ. Бірақ, бір нәрсені айта кетейін. Егер осы жүз кітап керемет шедевр болса, әлем әдебиетінің алдына шығып кетуіміз керек еді ғой. Біз көбіне үлкендерді қадірлеп үйренген халықпыз. Ал осы жүз кітаптың ішінде жастар қайда? Біз осы тізімнің ішіне жастарды міндетті түрде қосуымыз керек деп ойлаймын. 

Неге десеңіз Құдай-Тағала әр дәуірге өз ғұламасы мен сөзін айтатын ұрпақты міндетті түрде жіберіп отырады. Өкінішке қарай осыны ескере бермейміз.  Әйтеуір өткен өмір туралы қайта-қайта айта береміз. Көбіне жастарға әлі жасы  кіші ғой деп шетқақпай істер жасаймыз. Бұлай болмайды. Бұлай істеу арқылы біз өз дәуіріміздің дамуын кешіктіреміз. Жүз кітапқа тек көркем әдебиет емес, танымдық оның ішінде философиялық кітаптар да енуі керек» деген көзқарасын білдірді ақын Мұратхан Шоқан. 

Осындай тұшымды пікірлерді толығырақ «Әдебиет порталының» YouTube арнасындағы «Ұлт оқитын 100 кітап» жобасынан  көрулеріңізге болады.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan