Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Арнайы жобалар
Қысқаша мазмұн
Дулат Бабатайұлы: Еспембет

31.10.2017 46524

Дулат Бабатайұлы: Еспембет

Автор: Дулат Бабатайұлы
Түсінік: Ділнұр Мұқият

 

Қысқаша мазмұн

Оқылу ұзақтығы 1 мин.

       Еспембет жастайынан ата-анасынан айырылғандықтан туған жұртынан алшақтап,нағашысы Ер Қосайдың қолында ержетіп тәрбиеленеді. Күн артынан күн туып, он төрт жасқа толғанда туған жеріне деген сағыныш көкірегін керней  берді. Бірде жас батыр желі басында жатқан Ақбөрте құлынды көзі шалып қалады, жәй жануар емесін жүрегі сезіп, есіл-дерті сол Ақбөрте құлынға ауады. Немересінің әлде неге қаймығып жүргенін Ер Қосай жүрегі сезіп, шөбересінен сыр тартады, сонда Еспембет ағынан ақтарылып, туған жерге деген сағынышын жасыра алмайды. Осыдан кейін Ер Қосай  Еспембетке батасын бермек  болып, өзі қалаған Ақбөрте құлынды сыйға тартып, туған жұртына аттандырады. Алайда өз еліндегі күншілдер әуелде жас батырды өзекке теуіп, бірден бауырына  баспайды... Айналасы үш жылда Ақбөрте де тұлпар болып сәйгүліктер қатарында көрінеді. Мыңнан оза шауып, жұрт назарына ә дегеннен-ақ ілігіп жүрді.Талай шенді-шекпенді байлар Ақбөртені  дәметіп, қазыналарын аямай баға сурастысты. Деседе досындай бауыр басып кеткен арғымағын Еспембеттің ешкімге қиятын ойы болмады. Жылдар жылжып өтіп жатты. Қалмақтармен есеп айырысуға тура келіп, қазақ батырлары бас қосып, шетінен шекке тұрады. Екі жақтың жаушылары жиналған соң елу жас шамасындағы қалмақ батыры:Қазақтан менімен шыға алатын ер жүрек бар ма? деп айбаттанып жекпе-жекке шақырады. Сонда қазақ шебінен Ақтамберді суырылып, енді алқынып шыға бергенде, Еспембет қарт батырға: Сіздің орныңызға мен барайын, кезегіңізді беріңіз дейді. Ақтамберді Еспембеттің көзіндегі оттай жалынына қарап, ойланбастан батасын береді. Аш арыстандай  алысып кеткен екі жақтың қос батырына барлық назар  ауып жатты. Бір кезде қалмақ батырының басын шауып, атынан құлатқан Еспембет жеңіс туын желбіретіп өз шебіне оралады. Содан бастап Еспембеттей ер ұлымен ел-жұрты  мақтанып, даңқын асқақтатқан екен.

 

 

 

Көп оқылғандар