«Махаббат – адамның ұлы қуаты,ұлы сенімі»- дейді белгілі жазушы Ілияс Есенберлин.Иә,осынау бір ғаламат дүниеде талмаусырап бара жатқан осы бір ұлы сезімнің ардақтылығы баяндалатын «Ғашықтар» романы сізге бірден ұнайтынына сенімім кәміл. Романда Жантас дейтін мүсіншінің өмірі тұтас қамтылады. Әке-шешеден айырылып, қарындасы Базаргүл екеуі әжесінің тәрбиесінде болғаны баяндалады. Арман қуып сол кездегі Ленинград қаласындағы Репин атындағы институтқа мүсінші мамандығына оқуға түсу Жантас үшін қуанышты жәйт еді.Оқуда жүргенде ауылдан әжесінің қайтыс болды деген қаралы хабар келіп,Жантасты есеңгіретіп тастаған. Алматыдағы сурет өнер технукымында оқып жүрген қарындасына ,әжесінен айырлығаны туралы хат жіберіп,көңіл айтады. Содан романның басталар жері бұл еместі. Бұлар Мыстау қаласына оқу бітіріп келіп,жігіт жұмысшы жастарға мүсінші болып,қарындасы болса халық театрына суретші болып орналысып пәтерге ие болғанды. Кейіпкер Жантас өміріндегі махаббат әлегі қарындасы Базаргүлдің тойынан бастау алады. Тойда ол өзі Мадонаға теңеген Ұлболсын деген әйелге көзі түсіп,мүсіншілік әдетімен оны барлап сипаттайды.Сөйтіп бұл екі жастың тойдан кейін кездейсоқ кездесіп қалып, алғашқы сырласу кештері бастау алады. Махаббат машақаты деп ол осы кезді көздеген болатын. Бірақ тым қателескен еді.. Романның орта шенінде өзінің жауы деп есептеген Шерубайдың(Ұлболсының бұрынғы ғашығы) әңгімесі оқырманға ой саларлықтай. Шерубай патаномия бөлімінде еңбек етіп жүргенде өзінің көршісі Қаракөзбен Асығаттың тағдырлары туралы әңгіме өрбейді..Бір-бірін шын сүйетін ғашықтардың бір-бірі үшін жан берісіп,өле-өлгенше сонау Барсакелмес аралында «алапес» ауруымен арпалысып,қиналсада бір болып дүние салуы сол кездегі ғашықтықтың ерен үлгісі еді.Баласынан тірідей айырылып, екі ғашықтың қолындағы ұлының суреті жандарына желеу бола алмағанды. Оқып отырып көзіңізді жасқа бір толтырып аласыз. Жантас студен кезінде өз мүсінің салуға рұқсат берген Үміт деген қызға деген сезімін жеткізер уақытта оның Мүсілім дейтін жігітке тұрмысқа шығатының айтып жігіттің ұн-жырғасын біржолата түсіргендей болды. Жантас өзін махаббаттан жолы болмаған адамдай сезінгенді. Бірақ Жантастың ғашықтық ғаламаты қайсарда,өжет краншы қыз Аяужанға деген бала махаббатының қайтадан оянуынан басталды.Екеуі кездесіп жүргенде,аяқ астынан бұрынғы ғашығы Ұлболсынның Мыстауға қайтып келуі Жантас үшін күтпеген кездесу еді. Бірақта Ұлболсын тектілік танытып,екі ғашықты жайына қалдырған. Ұлболсын өз-өзің дәрі ішіп өлтірер алдында Жантас пен бұрынғы сүйгені Шерубай екеуіңе қалдырып кеткен хаты оқырманды бей-жай қалдырмасы анық. Тек оны оқуыңыз керек.. Бала ғашығы Аяужанға деген махаббаты қайта оянып үйлену тойына 10 күн қалғанда Ұлболсынның жерлеу кезінде болған оқиға жантүршігерлік еді. Аяужан өзінің жұмыс істеп жатқан жеріндегі салынып жатқан мектепті краннан аман алып қаламын дегендегі ерлігі оның екі аяғының сал болып аурухана төсегіне танып тастады. Осы кезде Жантастың өмірінің аястаң-кестеңі шыға бастаған. Біраз уақыт өткеннен кейін Аяужанды өзінің достары мен сүйген ғашығы Жантас аурухандан шығарып,сол күні кішігірім дастархан жасап бұрын ойластырған тойларын атап өткен. Міне осы кезде Жантастың жұбайлық өмірінің қиын тұстары баяндала бастайды. Көршісі Зульфияның баласы Еркежанның туған күні деп сылтаумен үйіне шақырып алып,бұны бір мүсәпірге теңегені сіздін де ашуыңызды келтіреді. Оның арам пиғылы бұған деген лас нәпсісінің белең алғаны екеуінің оңаша үйге шақырудан басталған. Дегенмен Жантас жарының алдында берген уәдесін берік ұстанып,көрші әйелдің айтқанына ермей үйден біржола шығып,енді араласпады. Қандай ерлік зымиян әйелдің қақпанына түспей сертіне беріктігі оқырманымызды таңдандырары анық. Жантас өзінің мүсіннен туындысын жасау барысында көп қиындыққа кезіге берді. Әрине үйінде екі-аяғы сал жұбайы жатыр,ал бұл мүсінің бітіру нитімен студен кездегі қызы Үміттің үйінде мүсіннің келбетін жасаумен шұғылдануда. Иә,сізде мынадай ой тууы мүмкін:мүсінді неге Үміттің үйінде жасауы керек деген ? Оны романнан оқып түсінесіз! Аяужан екі аяқтан қорлық көрседе бұрынғы жұмыс істеген жерін,кранның сағынған. Армандар орындалатының роман тағы дәлелдей түскендей. Аяужан дәрігер Шерубайдың нұсқауымен жүріп,аяғынан тұруым керек деген ниеті орындалып қуанышқа жеткенді.Бұл қуаныш Жантасты шат-шадыман күйге түсіріп,оқырманды бір қуантып алады. Аласы мен құласы көп қысқа ғұмырда ғашықтықтың машақатын бірге тартып,ғашығы Аяужанның алдындағы берік сертімен Жантас оқырманның ойына барлық қиындықты еңсерген батыр кейіпте қалды.
Көп оқылғандар
31.03.2026
6030
30.03.2026
4627
31.03.2026
4015
02.04.2026
3467
30.03.2026
2979
02.04.2026
2571
30.03.2026
2534
31.03.2026
2321
01.04.2026
2068
01.04.2026
1938
04.04.2026
1858
02.04.2026
1731
16.03.2026
25117
13.03.2026
10488
07.03.2026
8479
11.03.2026
8475
09.03.2026
8387
14.03.2026
8248
09.03.2026
8087
11.03.2026
8036
19.03.2026
7372
11.03.2026
7312
09.03.2026
7271
27.03.2026
6686
10.03.2026
6104
12.03.2026
6075
