Кітап және поэзия мерекесі

Бөлісу:

23.06.2014 4311

3140be07c5f1b441fc4e2cec16113e97.png2014 жылдың 5 шілде күні Астана қаласы, Абай ескерткіші жанындағы алаңда "Мәңгілік ел - қазақ елінің ұлттық болашағы" атты кітап және поэзия мерекесі аталып өтеді. 

Фестиваль оқырмандардың біліктілігін арттырып, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген шынайы ынтасын қалыптастыруды көздейді.

Іс-шара мақсаты - Астана тұрғындарының зияткерлік-шығармашыл дамуының қайнар көзі ретінде кітап оқуға деген қажеттілікті таныту және қазақстандық жазушылардың үздік шығармаларын насихаттау.

Фестиваль бағдарламасы бойынша жас ақындардың қатысуымен әдеби байқау өтеді. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтар үшін арнайы кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылады. 

Аталмыш шараға жас ақындар, студенттер мен оқушылар және барша кітап сүйер оқырман қауым қатысады. 

Ел ордасы Астана қаласының туған күні қарсаңында өтетін бұл шара бірнеше мәрте аталып, бүгінгі күні өз дәстүрін қалыптастыра алған игі бастамалардың бірі деп білеміз. 


adebiportal.kz


Бөлісу:

Көп оқылғандар