Award.kz ұлттық интернет байқауында «Әдебиет порталы» интернет-жобасы екінші орын иеленді

Бөлісу:

21.11.2014 2693
                                             600_853b04c5ad2b96bee3e21cae01222d2c.jpg
Осымен 12-ші жыл қатарынан өткізіліп отырған Award.kz ұлттық интернет байқауы жүлдегерлерін марапаттады. Өздеріңіздің сүйікті әдеби порталыңызға айналып үлгерген «Әдебиет порталы» интернет-жобасы  өз номинациясында екінші орын иеленді. «Әдебиет порталы» сияқты танымдық порталдарды оқырман назарына ұсынып отырған «Қазконтент» АҚ іскерлер мен табысты мамандардың ұжымына айналды. Интернет желісінің қазақстандық сегментінде ұлттық контенттің үдемелі дамуына ақпараттық кеңістік құруға жағдай жасауды мақсат еткен «Қазконтент» АҚ ұлттық құндылықтар мен осы заманғы желілік ақпараттық жетістіктерді біріктіріп келеді. Алдағы уақытта да  «Әдебиет порталы» осы қалыптан таймай, сіздерді әрдайым жағымды жаңалықтарымен хабардар етеді.


                                             9750_623205124469159_746954279137077389_n.jpg
adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар