Халқымыздың ұлы перзентi, ұлт болашағын аңсаған көрнектi ақын Мiржақып Дулатұлының шығармашылық мұрасындағы мәндi де маңызды сала – оның аудармалары. Қарымды қаламгердiң бұл саладағы еңбектерiне зер салар болсақ, оның ақындық өнерi мен прозалық еңбектерi сияқты, тәржiмә тәжiрибелерi де табиғи таланты мен өмiрлiк қажеттерiнен туып, жүйелi түрде дамуын тапқан бағалы дүниелер екенi даусыз.
Солардың iшiнде iрiктеп алынып, осы томға енгiзiлiп отырған «Қылмыстық iстердi жүргiзудiң заңы», «Ақы заңы», «Ауыл шаруашылығы артелiнiң уставы» атты аудармалары да осы қатардағы еңбектер.
Сондай-ақ М. Дулатұлынына қатысты тарихи маңызы зор құжаттар мен хаттардың факсимилесi, тағы басқа деректер күнi кеше ғана апатты дауылдай соғып өткен оқиғалардың шындығын бiле жүру тiрi адамға парыз деген оймен ұлы тұлға– Мiржақып Дулатұлы шығармаларының алтыншы томына қаз қалпында енгiзiлдi.