Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
«baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы өтеді...

31.01.2023 1393

«baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы өтеді 14+

«baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы өтеді - adebiportal.kz

2023 жылғы 2 ақпан күні, «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен «baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы және ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының, сондай-ақ ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты қорытынды жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Шараның негізгі мақсаты – ұлт ұстазы, Алаш көсемі, ұлттық ғылым мен жазудың негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының бай мұрасын таныстыру және тарату.

Іс-шара аясында «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Таныстырылым рәсіміне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғылыми ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы.

Өтетін уақыты: 2023 жылғы 2 ақпан, сағат 15-00.

Анықтама үшін телефон: 8-8-702-976-70-68;


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар