Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Дүкен Мәсімхан: "Қазақ поэзиясын үнемі қадағалап о...

30.04.2015 2668

Дүкен Мәсімхан: "Қазақ поэзиясын үнемі қадағалап оқып жүремін"

Дүкен Мәсімхан: "Қазақ поэзиясын үнемі қадағалап оқып жүремін" - adebiportal.kz

Әдебиеттанушы ретінде де, ақын ретінде де жалпы Қазақ поэзиясын үнемі қадағалап оқып жүремін. Сондайда көз жеткен бір ақиқат бар, ол - ұлттық топырақта тамыры, тегі жоқ дүние еш қашан көктемейді. Қазақ әдебиетіндегі Абайдан бастап, ортадағы Мағжан, Қасым, Қуандық, Мұқағали, Жұмекен, Фариза, Сағи, Қадірларды қоса алғанда, одан кейінгі (немесе қазіргі) Мұхтар (Шаханов), Темірхан, Нұрлан (Оразалин), Серік (Ақсұңқар), Несіпбек, Аманхан, Ұлықбек, Есенғали, Тыныштықбек, Гүлнар, Бауыржан, Ғалым (Жайлыбай), Жанаттарды (Әскербек)..., дәл қазіргі жас буыннан Маралтай, Жарас, Жанарбек, Дәулеткерей, Бақыт (Беделхан), Танагөз, Бақытгүл (Бабаш), Ақберен, Бауыржан (Қарағызұлы), Тоқтарәлі, Ырысбек, Ұларбектер (Дәлей, Нұрғалым), Қалқаман, Ерлан (Жүніс), Ербол Алшынбай бастаған жас буынды, мен ұлттық дәстүрге терең тамыр жіберген, жаңашыл, қазақ жырына жаңа ағыс, тың тыныс әкелген, қазақ поэзиясында өз үні, өз қолтаңбасы бар ақындар деп есептеймін. Әсіресе аталған жас ақындардың өлеңдерiнде ең бастысы ұлттық рух, жақсы iзденiс бар.


Бұдан өзге де жас ақындардың шығармаларын қалт жiбермеуге тырысамын. Қысқасы бізде мықты ақындар өсiп келедi.


Десе де, осы арада көңілге түйткіл ұялатарлық бір мәселе бар, әдебиетке, оның ішінде поэзияға қатысты сын мақалалар мен зерттеулерде ордабұзар 30-дың о жақ, бұ жағында Моңғолия мен Қытайдан Отанға оралған «оралман» ақындар мүлде елеусіз, атаусыз қалып келеді. Мен мұны әсте олардың талантсыздығынан деп ойламаймын. Атап айтқанда Моңғолиядан келген анау Жүкел Қамай, Бақытбек Бәміш, Ақеділ Тойшан, Ақсұңқар Ақынбабалардың, Қытайдан келген Алмас Ахметбек, Ғалым Қалибек, Құл-Керім Елемес, Дәулетбек Байтұрсынұлы, марқұм Ермұрат Зейіпхан, Ауыт Мұқибек, Адалбек Ақмади, Мұратхан Шоқандардың...(осы топтың жуан ортасында біз де бармыз!) таланты кімнен кем?! Шынымды айтсам, аттары аталған және аталмаған осы ақындарды «Мен! Мен!» деген ешкіміңізден «сорлы» деп айта алмас едім! Мәселе олардың талант, дарыны жетпей жатқан жоқ, жетпесе, біздегі ниет, ықылас, әділдік жетпей жатқан шығар... Мен мұны бұдан былай әдебиеттанушыларымыз бен сыншыларымыздың қаперінде жүрсін деп айтып отырмын.



Ал мен ұсынатын 10 ақын мыналар


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар