Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Т
Төлен Қаупынбайұлы

Төлен Қаупынбайұлы

Төлен Қаупынбайұлы 1938 жылдың 6 мамырында Алматы облысына қарасты Райымбек ауданындағы Қаратоған ауылында дүниеге келген. 
 
 
1958 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ағылшын факультетіне түсіп оқыды. 
 
 
1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Ауыл» газеттерінде, «Парасат», «Жұлдыз» журналдарында, «Жазушы» және «Қазақстан» баспаларында қызмет істеген. Алғашқы туындылары 1956 жылдан бастап республикалық басылымдарда жариялана бастады. «Жазира» (1972), «Шұғыла» (1979), «Ашылмаған аралдар» (1976), «Кең құлаш» (1989), «Нан мен тер» (1991), «Бауыржан батырға барғанда» (2000) деп аталатын көркем очерктері мен эссе кітаптары, «Маруся асуы», «Бетегелі бел» дейтін әңгімелер мен повестер жинақтары, «Қабан жырау» (1993), «Бабалар аманаты» (1996), «Албан», «Суарылған семсерлер» (1999), «Батыр баба Әлмерек» деп аталатын тарихи тақырыптағы кітаптары, «Киелі керуен» (1999), «Аққу саздары» (2001), «Қыран тағдыр» (2003), «Тұлға» (2004) атты роман, повестері жарық көрген. 
 
 
Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте иегері.

Көп оқылғандар