Музейдегі жазушылар
Қазіргі заманғы сөз энергиясын тәпсірлейміз деп Еуразия қаламгерлері Нұр-Сұлтанға (ол кезде Астана еді) жинала қалатын күз есіңізде шығар? Сол жиында аға қаламгерлер бас қаладағы Қазақстан Республикасының ұлттық музейін аралаған-ды. Біздің жігіттер ол серуенді де жүгіріп жүріп суретке түсірген еді. Халықаралық қаламгерлер форумы ол жылы, әрине, жаңалық болатын, ал қазір қай мағынасында да естелікке айналған... Естелікке сіз де еліте отырыңыз.
