Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
«Туған өлке» – пейзаж бен графика тоғысы...

15.02.2021 4154

«Туған өлке» – пейзаж бен графика тоғысы 12+

«Туған өлке» – пейзаж бен графика тоғысы - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ұстаз, ҚР Дизайн академиясының академигі, суретші Байғалиев Төлеуқазы Баяндыұлының «Туған өлке» атты жеке көрмесі өтті.

Т. Байғалиев 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Көркемсурет және графика факультетін тәмамдаған.

Автор пейзаж, графика, тарихи жанрларда табиғатпен үндесе жұмыс істейтін санаулы суретшілердің бірі.

Өнерпаздың туындылары Семейдегі Невзоровтар үйі мен Абай музейінде, Қырымдағы «Бахшасарай» мұражай-қорығында сақтаулы. Сондай-ақ, жекелеген жұмыстарын Ресей, АҚШ, Германия, Корея, Қытай және Украйна елдеріндегі жеке коллекциялардан кездестіруге болады.

Өздеріңізге суретшінің 100-ге жуық кескіндемелік, графикалық туындысы қойылған атаулы көрмеден фоторепортаж ұсынамыз.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар