Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
«Ұлытау: сөз бен сурет» ақындар мен суретшілер қат...

02.06.2023 1513

«Ұлытау: сөз бен сурет» ақындар мен суретшілер қатысатын республикалық байқау 14+

«Ұлытау: сөз бен сурет» ақындар мен суретшілер қатысатын республикалық байқау - adebiportal.kz

Еліміздегі ақындар мен суретшілердің қатысыуымен өтетін бірегей байқау.

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы бастамасымен «Мәдениет порталы» платформасында «Ұлытау: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасында өтетін республикалық байқауы (бұдан әрі – Байқау).

Байқау ұйымдастырушысы:

Байқау Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы бастамасымен «Мәдениет порталы» АА http://madeniportal.kz/ (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) өткізіледі.

Ұйымдастыру комитеті:

  • Байқауды өткізу шарттарын, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттарды «Мәдениет порталында» жариялайды;
  • Қатысушылардан түсетін өтінімдер мен материалдарды электронды түрде қабылдайды;
  • Әділқазылар алқасының құрамын іріктейді және бекітеді;
  • Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау салтанатын ұйымдастырады.

Байқаудың өткізілудегі мақсаты:

  • Қазақстандық ақындар мен суретшілер шығармашылығы арқылы Ұлытау облысы аумағындағы сакральды орнындар, тарихи ескерткіштер, Ұлытау облысында туған белгілі тұлғаларды насихаттай отырып, мәртебесін асқақтату;
  • Өнер альянсын /поэзия, сурет, үндестігін/ таныту;
  • Оқырман жұртшылықтың жаңашыл ортасын қалыптастыру;

Байқаудың өткізілу мерзімі:

Байқаудың өткізілу мерзімі 01.06.2023-30.08.2023 аралығында. Салтанатты марапаттау рәсімі Ұлытау облысы орталығы Жезқазған қаласында орайластырлады.

Байқаудың шарттары:

БАЙҚАУ 2 КЕЗЕҢМЕН ӨТЕДІ

1-КЕЗЕҢ (АҚЫНДАР):

2-кезеңде жеңімпаз атанған 6 ақынның шығармаларын негізге ала отырып, суретшілер сурет салады (картина жазады).

Байқауға әлемдегі этникалық қазақтармен қоса, республиканың барлық облысындағы, республикалық маңызы бар 3 қаласындағы АҚЫНДАР (бұдан ары – Үміткерлер) Ұлытау облысының мәртебесін асқақтату мақсатында, жас ерекшелігі сақталмай қатысады;

  • Ұлытау облысы аумағындағы сакральды орнындар, тарихи ескерткіштер, Ұлытау облысында дүниеге келген белгілі тұлғалар туралы патриоттық рухта жазылған 1 өлең, 2 еркін тақырыпта жазылған поэзиялық туынды ұсына отырып, қатысады.
  • Байқау «Мәдениет порталында» онлайн түрде ашық өтеді;
  • Байқауға қазақ және орыс тіліндегі шығармалар қабылданады;
  • Байқауға үміткерлердің жас ерекшелігі сақталмай қатыстырылады;
  • Байқауға қатысушыларды комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;
  • Көркемдік деңгейі төмен шығармалар қабылданбайды;
  • Байқауға қатысқан барлық ақындардың шығармалары жеке кітап болып жарық көреді. Кітаптағы QR-кодтар арқылы жеңімпаз ақындар туралы түсірілген бейнероликтерге сілтеме беріледі.
  • Жеңімпаз ақындар шығармаларына арнайы бейнеролик түсіріледі.
  • Жеңімпаз ақындардың шығармаларына суретшілер сурет салады.
  • Ақындар поэзиялық шығармасын (өлеңін) онлайн түрде арнайы дайындалған «Мәдениет порталы» http://madeniportal.kz/ ақпараттық агенттігінде көрсетілген «Шығарманы қосу» батырмасы арқылы жолдайды.

Байқаудың 1-кезеңінің өткізілу мерзімі:

Байқаудың АҚЫНДАРҒА арналған 1-кезеңі 01.06.2023 – 01.07.2023 аралығында өтеді.

1-кезең бойынша қазылар алқасының қортынды шығару мерзімі 01.07.2023 - 02.07.2023. Қазылар алқасының бағалау кезеңі онлайн түрде өтеді.

2-КЕЗЕҢ (СУРЕТШІЛЕР):

  • Байқауға әлемдегі этникалық қазақтармен қоса, республиканың барлық облысындағы, республикалық маңызы бар 3 қаласындағы СУРЕТШІЛЕР (бұдан ары – Үміткерлер) Ұлытау облысы аумағындағы сакральды орнындар, тарихи ескерткіштер, Ұлытау облысында дүниеге келген белгілі тұлғалар туралы сурет сала отырып, Ұлытау обылысының мәртебесін асқақтату мақсатында, жас ерекшелігі сақталмай қатысады;
  • Суертшілер байқаудың 1-кезеңі бойынша жеңімпаз атанған 6 ақынның поэзиялық шығармасын (өлеңін) негізге ала отырып, сурет салу арқылы қатысады;
  • Байқауға үміткерлердің жас ерекшелігі сақталмай қатыстырылады;
  • Байқауға қатысушыларды комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;
  • Көркемдік деңгейі төмен шығармалар қабылданбайды;
  • Жеңімпаз суретшілер шығармаларына арнайы бейнеролик түсіріледі.
  • Байқауға қатысқан барлық суретшілердің кітап-альбомы (картиналар каталогы) жарық көреді. Кітап-альбомға QR-кодтар арқылы жеңімпаз суретшілер туралы түсірілген бейнероликтерге сілтеме беріледі.
  • Байқауға ұсынылған картина өлшемі 100х120 см кем болмауы керек.
  • Суретшілер шығармасын (салған суретін) фотосуретке түсіріп, онлайн түрде арнайы дайындалған «Мәдениет порталы» http://madeniportal.kz/ ақпараттық агенттігінде көрсетілген «Шығарманы қосу» батырмасы арқылы жолдайды.
  • Байқаудың жеңімпаздары шығармаларын (картина, поэзия) Ұлытау облысы Жезқазған тарихи – өлкетану мұражайы қорына авторлық сыйақы төлемей, барлық айрықша меншігі мен авторлық құқықтарымен тұрақты сақтауға береді.

Байқаудың 2-кезеңінің өткізілу мерзімі:

Байқаудың СУРЕТШІЛЕРГЕ арналған 2-кезеңі 02.07.2023 – 10.08.2023 аралығында өтеді.

2-кезең бойынша қазылар алқасының қортынды шығару мерзімі 10.08.2023 - 12.08.2023. Қазылар алқасының бағалау кезеңі онлайн түрде өтеді.

Жүлде қоры


Екі Бас жүлде /ақын мен суретшінің әрқайсысына/ тең бөлінеді – 2 000 000 теңге

5 ақынға – 500 000 теңгеден арнайы грант

5 суретшіге – 500 000 теңгеден арнайы грант


Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасы тағайындалған жүлделерді бөліп беруге немесе бермеуге құқылы.

ЕСКЕРТУ* - АҚЫНДАР МЕН СУРЕТШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ БІР-БІРІНЕН ТӘУЕЛСІЗ БӨЛЕК-БӨЛЕК БАҒАЛАНАДЫ!

Қазылар алқасының құрамы:

Қазылар алқасы 6 адам. Ақындарға 3 қазы, суретшілерге 3 қазы, төрелік етеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

  • «Ұлытау: Сөз бен Сурет» атты қорытынды мәдени кеш өтеді.
  • Жеңімпаз суретшілердің суреттері арқылы көрме ұйымдастырылады.
  • «Ұлытау: Сөз бен Сурет» кітап-альбомының таныстырылымы өтеді.
  • Жеңімпаз ақындар мен қатысушылардың шығармалары топтастырылған Ұлытауға «Ұлт рухы – Ұлытау» арналған жыр кітабының таныстырылымы өтеді.
  • Жеңімпаздардың бейнероликтері таныстырылады көрсетіледі.

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар