Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СЫН
Жанат Чайкинаның шығармашылығына - 50 жыл...

10.06.2024 410

Жанат Чайкинаның шығармашылығына - 50 жыл 12+

Жанат Чайкинаның шығармашылығына - 50 жыл - adebiportal.kz

АКТРИСА,  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК  СІҢІРГЕН АРТИСІ ЖАНАТ  ЧАЙКИНАНЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА  –  50 ЖЫЛ!

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкинаның 70 жас мерейтойы мен шығармашылығына 50 жыл толуына орай 14 маусым күні «Әйел құпиясы» спектаклінің премьералық көрсетілімі өтеді. Театр мұражайында актрисаның шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылады.   

Актриса Жанат Аңсабайқызын өнерсүйер жұртшылық тәжірибелі сахна шебері ретінде сыйлап, құрмет тұтады.  Жарты ғасырдан астам сахналық өмірінде актрсианың үлесіне тимеген  дүниежүзілік және отандық классикалық драматургияда кесек бейне жоқтың қасы десе артық етпейді. 

 Қазақ театр өнеріне М.Әуезовтің «Қарагөз» - Қарагөз, «Абай» - Мағыш, «Хан Кене» - Қарашаш, «Түнгі сарын» - Жүзтайлақ, «Айман-Шолпан» - Шолпан, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» - Баян, «Ақан сері - Ақтоқты» - Ақтоқты, Б.Майлин «Шұғаның белгісі» - Шұға, А.Чехов «Ваня ағай» - Соня, «Шағала» - Заречная, У.Шекспир «Асауға тұсау» - Катарина, «Лир Патша» - Корделия мен Шут,  «Сонеттері» - Ақын, Ф.Шиллер «Мария Стюарт» - Мария Стюарт, Еврипид «Медея» - Медея, Ш.Айтматов «Ана – Жер-Ана» -Жер Ана, А.Цагарели «Гамарджоба» - Ханума, Ж.М.Шевре «Ізгілік формуласы» - Жанн, Э.Шмитт «Хат» - Роза әжей, Э.Филиппо «Әйел құпиясы» - Филумена Мартурано сынды шоқтығы биік кейіпкерлерді сыйлады.

Актриса Жанат Чайкина сомдаған сұлу лирикалық кейіпкерлер мен рухы күшті әйел затында, ардақты аналар бейнесінде адамның Дара тұлғалығы, Азаматтық рухтың биіктігі, Махаббаттың құдіреттілігі ерекше жарқырай көрінеді.

«Әйел құпиясы» лирикалық драмасы - жарты ғасыр ғұмырын театр өнеріне арнаған сахна саңлағына деген құрметтің белгісі.  Спектакль 2024 жылы актрисаның 70 жас мерейтойына орай арнайы сахналанды. Авторы – Э.Филиппо. Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Мерейтой кешіне көрнекті театр қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері шақырылды.

Өтетін күні: 14 маусым, 19.00

Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru

+ 7 705 9902595 (whatsapp)

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар