Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
Жастар театрындағы маусымашар ...

17.10.2020 2544

Жастар театрындағы маусымашар 12+

Жастар театрындағы маусымашар  - adebiportal.kz

Елордадағы «Жастар» театры ХІV театр маусымын Ғабит Мүсіреповтың "Махаббат туралы аңыз" мюзиклымен ашты. Қазақтың әйгілі ғашықтық дастаны - Төлеген мен Жібектің махаббаты туралы қойылымына заманында Евгений Брусиловский жазған классикалық музыкалар танымал режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың қойылымында жаңаша орындалды.

"Махаббат туралы аңыз" - Оңтүстік Кореяның Тэгу мәдени орталығында өткен ХІІ халықаралық фестивальде арнайы диплом алған қойылым. Сондай-ақ, Қазақстанның халық артісі, режиссер, қазақ театр өнеріне еңбегі сіңген актер Райымбек Сейітметовтың 80 жылдығына арналған қазақстандық драма театрларының фестивалінде «Махаббат туралы аңыз» «Үздік спектакль» номинациясы бойынша Гран-при алған болатын. Төменде өздеріңізге "Жастар" театрының XIV маусымашарынан фоторепортаж ұсынамыз.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар