«Жалындап өткен жас ғұмыр» республикалық жыр мүшәйрасы

Бөлісу:

26.08.2014 4977

загруженное.jpgТүркістан қаласының әкімшілігі ақын, публицист-жазушы Саттар Ерубаевтың 100 жылдық мерейтойына орай, «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты республикалық жыр мүшәйрасын өткізгелі отыр. 

Жазба ақындардың респуб­ликалық жыр мүшәйрасы  2014  жылдың  10 қазанында Түркістан қаласының Ха­лықаралық қазақ-түрік уни­верситінің Мәдениет сара­йында өтеді. Мүшәйраны өткізудегі мақсат – Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай ақын-жазушының рухын тербетіп, халқының бақыты жолына арнаған өмірі мен   шығармашылығын насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше дарынды жастарды іздеп табу болып отыр. Ескерте кететін бір жайт, мүшәйраға 18-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады. Ол үшін жазба ақындар мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған  екі өлеңін жіберуі керек. Мүшәйра ережесі бойынша бірінші өлең С.Ерубаевқа арнау, екіншісі, Түркістан туралы болуы шарт. Жас ақындар өлеңдерін А4 форматты қағазда  компьютерде теріп, 2 дана етіп ұйымдастырушыларға ұсынады. Атап өтер бір жайт, шығармалар 8 шумақтан аспауы керек. Үміткерлердің шығармаларын қазылар ал­қасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді.
Бағалау талаптары бойынша  жеңімпаздар арнайы қаржылай сыйлықпен мара­патталады.  

Бірінші орын (біреу) –300 мың теңге

Екінші  орын  – (біреу) 200 мың теңге

Үшінші орын  (екеу) –150 мың теңге

Ар­найы жүлделер

Үміткерлер шығармаларын 2014 жылдың  22 қыркүйегіне  дейін Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйі­не тапсыруы тиіс. Ол үшін үміткерлер мынадай құжаттарын тапсыруы тиіс: Өтініші, шығармашылық мінездеме. Жеке куәлігінің көшірмесі, 9 х 14 түрлі-түсті  фотосуреті, Үй  және  ұялы  телефондары, шығармалары (2 дана). Мү­шәйраға қатысушылар  құжаттарын төмендегі мекенжайға жіберулері тиіс: 

ОҚО, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №1 Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйі. Байланыс телефондары: 4-21-81, факс4-21-67,пошта:tur_madeniet@mail.ru.

Қасиетті Түркістан то­пы­рағынан сыр шертіп, артына өшпес із қалдырған, жалындап өткен жас ғұмыр сәттар Ерубаев туралы жырлағыңыз келсе, мүшәйраға қатысқаныңыз абзал. Іріктеуден өткен шығармалар байқауға қатыстырылып, арнайы кітапшаға енгізіліп, баспадан шы­ғады.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар