Ақын Ақұштап Бақтыгереевамен кездесу кеші өтті
Бөлісу:
«Ақжайықтың ақ шағаласы» атанған, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Құрмет орденінің иегері Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жасқа толған мерейтойы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Даламның қарлығаштары» атты оқырмандармен кездесу кеші өтті.
Кездесу кешіне елімізге белгілі филология ғылымдарының докторы Ишанова Әсима, филология ғылымының кандидаты Ұлдай Ержанова, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Халықаралық экономика және менеджмент докторы Нәзікен Алпамысқызы, жазушы, әдебиеттанушы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Кемелбаева, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершу және ақынның сүйікті оқырмандары, студенттер қатысты.
Ақұштап Бақтыгерееваның есімі елімізге лирикалық жырлардың, өткір публистикалық мақалалардың авторы ретінде белгілі. Өзінің поэтикалық, публистикалық шығармашылығы арқылы ақын жеке ой-пікірін айтып үлгерді. Айталық, Қазақстанның мәдени қазынасы, тарих, мәдениет және өнер қайраткерлері қатарындағы ұмыт қалған есімдерді қайта ояту, ана тіліміздің тағдыры, сынақ айлағымен көршілес күн кешіп жатқан азаматтардың басындағы трагедия, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, сонымен қатар әлбетте, ауыл, Ақжайық аймағындағы жерлестері туралы еді.
Бөлісу:
Көп оқылғандар
«...КІТАПТАР бізді жазады»
Маржан Ершу. Исатай – Махамбет (поэма)
Қазақ әдебиетінің қара нары өмірден өтті
Сағынтай Бисенғалиев. Жайығына Жұбан келе жатқандай…
Аян Қажыбай. Өр Алтайдың мұзбалағы
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Mecenat.kz әдеби сыйлығының таныстырылымы өтті
Майдангер ақын Сырбай Мәуленов
Жазушы , ғалым, аудармашы кітабының тұсаукесері
"Шалахметов шеңбері" кітабының таныстырылымы өтті
«Абдолла» поэмасы – ерлік пен оттың одасы
Саадидің қазақ әдеби дәстүріне әсері
Сөз шырайын сақтап аудару
«...КІТАПТАР бізді жазады»
Маржан Ершу. Исатай – Махамбет (поэма)
Қазақ әдебиетінің қара нары өмірден өтті
«Тілеулері дұрыс екен, айт күні қайтты!..»
«Бәріне қу соғыс кінәлі...»
НАРҚЫЗЫЛ (Он орам) I бөлім
Қауышу мен қоштасу жайлы...
Шоқан Шортанбай. Қуандық Шаңғытбаев поэзиясындағы азаматтық әуен
Рысбек Зұрғанбайұлы: ...Өлім алдындағы өтініш
Асқар Алтай. Жан әлемің жайдақтанбасын
«Қоңырқаз» дер кезінде бағаланбай қалды...»
НАРҚЫЗЫЛ (Он орам) II бөлім
Хан Ган жазбалары (аударма)
Ғабиден Мұстафин майдан жылдарында
Прозаға арналған алғашқы фестиваль
Тоқсанға келген абыз