«ЖАС ЕКПІН» жас өнерпаздар республикалық конкурсы өтуде

Бөлісу:

15.03.2018 8646

Осыдан бұрын хабарлағанымыздай, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы және «Кенен Әзірбаев атындағы коммерциялық емес қорының» ұйымдастыруымен «ЖАС ЕКПІН» жас өнерпаздар республикалық конкурсы өтіп жатыр.

Конкурстың мақсаты - ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа аманат мұра болып жеткен халқымыздың дәстүрлі ән-күй саласындағы асыл қазынасын жан-жақты насихаттау, халық композиторларының ән-күйлерін, терме-жырларын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, бүгінгі күннің талабына сай тәрбиелеу. Әсіресе, қазақ халқының әншілік-күйшілік дәстүрін (мектебін), орындаушылық ерекшілектерін дәріптеп отырып, жас таланттарды іздеп табу, болашақ ұрпақтың бойында туған елдің өнеріне, өткеніне деген құрмет, сезімін қалыптастыру болмақ. Осы орайда халқымыздың дәстүрлі ән өнері мен мәдениетін кеңінен ұлықтау мақсатында барлық БАҚ өкілдерін ақпараттық қолдау білдіруге шақырады.

«Дәстүрлі ән»

  1. Халық композиторларының бір әні (Жетісу, Арқа, Батыс, Алтай-Тарбағатай, Сыр бойы әншілік дәстүрлері бойынша)
  2. Халық әні
  3. Кенен Әзірбаевтың шығармашылығынан 1-ән (билет алу арқылы, қосымша көрсетілген тізім бойынша)

«Дәстүрлі күй»

  1. Төкпе дәстүрінен 1-күй (Батыс, Маңғыстау, Сыр өңірлерінің күйшілік дәстүрлері бойынша)
  2. Шертпе дәстүрінен 1-күй (Арқа, Қаратау, Алтай-Тарбағатай, Жетісу)
  3. Кенен Әзірбаев «Құлақ күйі» (міндетті түрде, нотасы қосымшада беріледі)

Кенен Әзірбаевтың әндерінің тізімі (қосымша)

  • Ри, қойым!
  • Алатау алабында
  • Көпшілік, тыңда әнімді
  • Бұлбұлға
  • Мөртай сұлу
  • Бал құйылды даладан
  • Қазақстан аймағы
  • Қайран ел қайда
  • Жаңа заң
  • Ойжайлау
  • Гигигай
  • Жас екпін
  • Мен сүйемін халқымды
  • Бастау
  • Домбыра

Әншілердің жүлде орындары:

Гран-при – 500 000 тг.

1-ші орын – 300 000 тг.

2-ші орын – 200 000 тг.

3-ші орын – 100 000 тг.

Күйшілердің жүлде орындары:

Гран-при – 500 000 тг.

1-ші орын – 300 000 тг.

2-ші орын – 200 000 тг.

3-ші орын – 100 000 тг.

Уақыты: 15-16 наурыз 2018 жыл, сағат 10:00.

Өткізілу орны: Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы

Алматы қ., Панфилов к-сі, 127 үй

Байланыс:

+7 707 307 81 82,

+7 702 350 40 67

Бөлісу:

Көп оқылғандар