Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

22.02.2022 6544

Күнә 18+

Күнә - adebiportal.kz

Отбасылық өмірінің қайнаған қызығына тағдыр бір тамшы у тамызып, шуақты күндерін шоққа айналдырғанына аттай алты жыл болды. Өзегінен тепкен өмірге өкпе артуға еш хақы жоқ екенін Ақторғын түсінеді. Мойнында үш бала бар. Солар үшін кезіккен жұмысты шеңгелінен олжасын шығармайтын бүркітше жармасып алып бір әулеттің үш бірдей аманатын жалғыз өзі арқалап келеді. Бар тапқаны тіршілігіне тек талғажау ғана. Өзін ұмытқалы қашан?! Әсем мүсінді әйел екенін есіне алғысы келмесе де түн түссе тамыры тырысып, тынысы жиілей береді. Оның бар құпиясын жалғыз жастығы ғана біледі. Сол жастығын ары да, бері де жұмарлап, әр жеріне бір салып әбден сарсаңға түседі де ұйқыға кетеді. Күндіз кейде ерлерді көрсе денесін әлсіз діріл шарпып өтетін болды. Күндерден күн асқан сайын Ақторғынның еркекті көксеуі жиілене берді. Кейде қиялына ерік беріп ойша әйелдік әлеміне күйеуін әкеледі. Бірақ іштегі жыбырлаған құмар құртты суық санасы су сепкендей басып тастап өмірдің сүрлеуіне қайта салып жібереді. Бір жұмысынан шыққан соң, кеш бата екінші жұмысына жүгіріп жанталасып жүргенде жарнамаға көзі түсті. Жұмыс жайлы қылт еткен хабарламаны жібермейтін әдетіне басып көрсетілген номерге хабарласты. Жас суретші «Натурщица» қажет екенін айтты. Беретін ақысы да тәп-тәуір. Неге бармасқа? Мені онда кім танып жатыр? Жарты сағат жалаңаш отырамын да ақшамды алып үйге қайтамын,- деп өзімен - өзі кеңесті де ертесі кешқұрым жұмысынан шығып айтылған жерге барды.

Ескілеу сары үйдің қасына келіп телефон шалды.

- Кіре беріңіз, екінші қабат, 5-пәтер.

Ақторғын қысыла - қысыла екінші қабатқа көтерілді. Есікті сұңғақ бойлы, тегіс бетін қысқа түк басқан аққұба жігіт ашты. Денесі де көз тартарлықтай екен. Оны шолақ жең ақ жейдесі одан сайын айқындап тұр. Ақторғын үйге кірді. Үйдің күлімсі сасыған иісі жігіттің қоңыр тіршілік кешетінін аңғартты. Жігіт бөлмеге қарай нұсқап: «Кіре беріңіз, қысылмаңыз», - деді. Ақторғын алакөлеңке бөлменің төрінде аяғы сынып бір жағына қарай қисайған диванға қарай беттеді. Оның артында ескі матадан тігілген шымылдық ілініп тұр екен. Ақторғын соның артына барып шешініп шықты. Суретші болса да еркек қой, еркектің алдында шешінбегелі қашан! Суретшіге тура қараудан ұялып, бүктетілген күйі қырымен тұрып «қайтіп отырайын?» – деп сұрады.

- «Сіз менен ұялмаңыз, мен сізге тек материал ретінде қараймын. Тізеңізді бүгіп, артқа қарап отырыңыз» - деді жас суретші жағымды дауыспен.

Ақторғын суретші айтқандай амалмен отырды. Суретші қаламымен қағаз бетін әрлі – берлі сытырлатып жатыр. Ақторғынның аяғы талып кетті. Сол кезде суретші де,

- «Болды, киіне берсеңіз болады» – деді.

Ақторғын жігіттен бір басқа бірдеңе күткендей отыра берді. Нәпсісіне алты жылдан бері таңылған тұсауды ағытқысы келгендей екі аяғын алдына қарай асықпай созды. Суретші оның қалауын сезгендей жайлап жақындады. Шашын сипап қолын иығына салды. Ақторғын ер адамның иісін аңсап жүргенін жасыра алмай көзін жұмып шалқайыңқырады. Суретші жігіт екі түймемен ғана ілініп тұрған жейдесін үстінен жұлып алып лақтыра салды да Ақторғынның мойнын ыстық жалынмен сүйе бастады. Ақторғын суретшінің жауырынын сипалай берді. Бейтаныс жігіт Ақторғынды қарулы қолымен өзіне қарай бұрып алып қапсағай денесімен құшағына қысып балқытып жатыр. Жігіттің ыстық лебі Ақторғынды елітіп есер емеурініне тартып әкетті. Суретші Ақторғынды ыстық күрең шайда еріген тәтті балдай әбден жіпсітті. Тіршіліктің темірқазығы тәніне енгенде Ақторғын өмірден тоят ала бастады. Көздің жауын алар қос анарының делдиген екі ұшына қызған темірдей тілін тигізген сәтте көптен кенезесі кеуіп қалған Ақторғынның тамырына тоқ жүгіргендей бойы дірілдеп «Аһ» деп талықсып кетті. Жігіт те дене жүрісін баяулатып барып артына қарай сұлқ түсті.

Екеуі біраз үнсіз жатты. Ақторғын сол жерде жатқан ескілеу сүлгіге оранып алып жуынуға кетті. Суретші есін жия алмай есеңгіреп жатыр.

Келіншек тез киініп, сыртқа шығып көлеңке боп жабысқан өз күнәсінен өзі қашқандай қайта-қайта артына жалтақтай қарап ширақ басып күрмеуі көп күйбең тіршіліктің күймесіне қайта кіріп кетті...

Лима

Көрнекі сурет: Даниель Ф. Герхартц. «Қыстың күні»


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар