Нобель сыйлығының иегері, танымал жазушы Габриэль Гарсиа Маркес бір сұхбатында: «Латынамерика әдебиеті Фолкнерге қарыздар. Латынамерика әдебиетінің дүркіреуіне себепші болғандардың бірі де – Фолкнер», – деген пікір айтады. Бұл жерде «латынамерика әдебиетінің дүркіреуі» деп Маркес әлем әдебиетінде елеулі құбылыс болған ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы әдеби қозғалысты (латыноамериканский бум) айтып отыр. Бұл қозғалыстың бастауында тұрған Хулио Кортасар, Марио Варгос, Хорхе Луис Борхес, Эрнесто Сабато және жоғарыда атын атаған Маркес сияқты атақты жазушылардың барлығы дерлік америка әдебиетінің өкілі Фолкнерге жоғары баға беріп, өз шығармашылықтарына тигізген әсері жайлы жылы лебіздерін білдіреді. Бұл дерек Фолкнердің әдебиеттегі бәсін жоғары етері сөзсіз.
Осы Уильям Фолкнердің бір сұхбатын ықшамдап аударып назарларыңызға ұсынбақпыз. Жазушы 1955 жылы қыркүйек айында Жапонияға барады. Сол сапарынан қайтқанда Италияға соғады. Италиядан Англияға сапар шегеді. Осы екі аралықта Париж қаласында бір апта аялдама жасайды. Осы сұхбатты сол жолы Синти Гренье есімді бикешке берген екен.
***
– Осы жолы Париж сізге қалай әсер етті?
– Қатты ұнады. Франция мен Италия – менің сүйікті елдерім. Ал Париж – менің туған қалам сияқты. Париж әрбір адамның рухани бөлшегі іспетті. Бұл мекенде жазушы болу оңай, себебі ауада шығармашылық әсер бар.
– Ал өзіңіз Парижде шығармашылықпен айналыстыңыз ба?
– (Күліп): Жоқ, ол қолымнан келмейді-ау. Бұл жер ойын-сауыққа толы.
– Өз қатарластарыңыз бен жастардың шығармашылығын оқып, бақылайсыз ба?
– Жоқ. Мен соңғы 10-15 жылда жаңа ештеңе оқымадым. Иә, біраздан бері менде бос уақыт көп, және көп оқимын да. Қазіргі таңда жарыққа шығып жатқан жаңа кітаптарды зерделегім келеді. Жапониядан өзіммен бірге көп кітаптар әкеле жатырмын. Италиядан да жас жазушылардың кітаптарын алдым. Содан соң француздармен айналыспақ ойым бар. Ал менің оқып жүрген кітаптарым – бұрыннан бері оқып жүргендерім. Киелі кітап (Ветхий завет), Диккенс, Флобер, Бальзак, Достоевский, Толстой, Шекспир. Ескі достарым. Бірақ қазір ол достарды бастан аяқ оқымаймын. Оқығым келгенде, кез келген жерден, кез келген беттен қараймын. «Моби Дик», «Дон Кихот», «Гекльберри Финн», «Бовари ханым», «Ағайынды Карамазовтар», барлығы дерлік – ескі достар.
– Жоғарыда атаған жазушылардың кез келгенін алсақ, мысалы Бальзакты. Оның шығармашылығы сізді несімен тартады?
– Бальзактың өзі жасаған жеке әлемі бар, сонысымен құнды. Оның кейіпкерлері кітап бетінде бостан-бос жүрмейді. Кейіпкерлердің арасында нәзік қатынас, тіршіліктің жалғасқан тамыры бар, сол тамыр кітаптың алғашқы бетінен соңғы бетіне дейін кейіпкерлерді байланыста ұстайды.
– Ал поэзия? Өлең оқуды ұнатасыз ба?
– Иә. Бірақ қазіргі ақындарды емес. Ескі достарымды үнемі қайталап оқимын. Китс, Шелли, Байрон, елизаветтіктер, Марло, Томас Кэмпион, француздық Верлен мен Лафорг. Менің ойымша, кез келген жазушы – қаламы жүрмеген ақын. Адамдар өлең жазуға талпыныс жасап көреді, сосын жаза алмайтынын түсінеді. Содан кейін қиындығы тұрғысынан поэзиядан кейін екінші орында тұрған әңгіме жанрына қалам тербейді. Осы жанрдан жеңіліс тапқаннан кейін, романдар жаза бастайды.
– Сіз осы ойыңызды белгілі бір авторларға қатысты айтасып отсыз ба?
– Мен өзім де жолы болмаған ақынмын. Жас кезімде өлең жазуға талпыныс жасадым, түк шығара алмаған соң роман жазуды қолға алдым.
– Рұқсат етсеңіз сіздің оқитын кітаптарыңызға қатысты тағы бір сұрақ қойсам. Сіз детектив жанрын оқисыз ба?
– Мен сәтті шыққан детективтік шығармаларды ұнатамын, «Ағайынды Карамазовтар» сияқты...
– Мен «Аттың жүрісін» айтқым келген...
– Сименон әңгімелерінен көп нәрсе алуға болады, ол әңгімелер Чехов әңгімелеріне ұқсас.
– Олай болса, Чеховтың өзің оқу керек шығар?.. Сіз өзіңіздің фермер екеніңізді үнемі айтасыз. Бірақ фермер-жазушы болғанға дейін көптеген кәсіптің басын шалғанға ұқсайсыз.
– Дұрыс айтасыз. Мен сылақшы, ұшқыш, бутлегер (саудагер) болдым. Әкем өмірден өткенде, отбасының ауыртпашылығы менің иығыма түсті. Оған дейін де ақша керек болғанда, кез келген жұмысқа қызу кірісіп кетуші едім. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін авиацияға деген қызығушылық күрт артты. Ұшақпен ұшып көру үшін адамдар жүздеген долларларын жұмсауға әзір болды. Мұндай кәсіппен айналысу үшін лицензияда керек емес еді. Кейін ұшақтар көбейіп, адамдарға ұшаққа отыру да қызықсыз болып қалды. Содан соң ол кәсіпті де қалдырдық...
– Сылақшы болғаныңыз жайлы айттыңыз, бұл кәсіптің сіз үшін маңызы болды ма?
– Бұл қорқынышты еді, бояулардың иісі жүрегімді айнытатын, алайда ақшасы жақсы еді. Кейін бутлегер болып Кубадан Жаңа Орлеанға моторлы қайықпен тазартылмаған спирт тасыдым. Осы кәсіп кезінде Шервуд Андерсонмен таныстым. Күн сайын екі-үш бөтелке вискиімізді ортамызға алып адамдар туралы әңгімелесетінбіз. Келесі күні таңертең Шервуд 4-5 сағатқа жоғалатын. Түстен кейін тағы да әңгімемізді жалғастыратынбыз. Келесі күні таңертең Шервуд тағы да жоғалатын... Сол кезде нағыз өмір сонікі сияқты сезілді. Дәл сол уақытта маған да жазу ұнайтынын түсіне бастағам. Сөйтіп бір күні жазуға бел будым. Бір аптадан соң маған Шервуд келді. Ол: «Саған не болды. Маған ренжідің бе?» – деп сұрады. Ал мен оған өзімнің роман жазып жатқанымды айттым. Ол: «О, құдай», – деді де кетіп қалды. Тағы бірнеше аптадан кейін Андерсон ханымды кезестірдім. Ол Шервуттың сәлемін жеткізді. Өз сәлемінде Шервуд егер мен оған өз романымды оқытсам, ол оны өзінің ұсынуымен баспаға жіберетінін айтыпты. Үш айдан соң мен кітабымды аяқтадым, ал Шервуд оны баспаға жіберді...
– Бұл «Жауынгердің сыйы» («Солдатская награда») ғой?
– Дәл сол. Кітапты баспаға жіберген соң, мен Еуропаға баруды ұйғарып, Жаңа Орлеанда жүк кемесіне матрос болып жалдандым. Бір айдан соң Парижге келсем, мені онда 200 долларлык түбіртек күтіп тұр екен. Ол сәтте менде соқыр тиын да жоқ еді, ал жоғарыдағы ақшаны 3 ай бойы ала алмадым. Түбіртекке үнемі қараумен жанымда ұстадым.
– Сіз қазіргі жас жазушылардың жағдайы туралы не ойлайсыз? Оларға қысқа бір әңгімесін жарыққа шығару да қиынға айналды ғой? Баспалардың саны да қысқарды.
– Жас жазушыға жетістік жайлы ойлап қиналудың еш керегі жоқ. Ол жайлы мүлдем ойламау керек. Жетістік – әйел заты секілді. Әйел табиғатына қатты ұқсас. Сен оған қатуланған сайын, ол саған мейірін төгеді, жақсы көреді, сенің қамыңды ойлайды. Ал сен оған мейірлене бастасаң, бәрі керісінше бола бастайды. Білесіз бе, менің жеке бір фонд құрғым келеді. Қайта өрлеу дәуіріндегі меценаттар сияқты болғым келеді. Жас жазушылар мен суреткерлерге арнап үлкен бір үй тұрғызсам деймін. Суретшілерге қалағандарынша керек құралдарын, ал жазушыларға қағаз бен жазу машинкаларын берер едім. Немесе қалаулары бойынша қалам не қарындаштарды. Олары таусылса жаңаларын кеп ала алса. Әрқайсысының баспанасы, тамағы және темекі, виски секілді ұсақ-түйекке, сүйіктілеріне жаңа көйлектер сыйлауға азын-аулақ ақшалары болса. Осы жағдайлар жасалған соң, олардан жылына бір роман немесе сурет талап етер едім. Одан көп болса да болады, бірақ жылына біреу міндетті түрде. Өкініштісі, бұған менің қолым қысқа...
– Сіз өз шығармаларыңыз жайлы басқалармен сырласуды қалар ма едіңіз?
– Жоқ. Өзімнен басқа ешкім менің не жазатынымды, қалай жазатынымды білген емес. Өзім жақсы жаздым ба, жаман жаздым ба оны да білемін, сеземін. Басқа ешкім де олай айта алмас еді. Егер мен жақсы жаздым деп тапсам, басқалардың не ойлағаны маңызды болмай қалады.
– Ал әдебиет сыншылары мен жазушылар фолкнерлік мәтіндер жайлы «санадан тыс ой ағыны» (подсознательный смысл), «символдық мағына» (символические содержание) деген терминдерді қолданып жатады, осы жайлы не айтасыз?
– Оларды ешқашан оқымадым... Бірақ олардың «Мен өлім құшқанда...» («Когда я умирала») сияқты романдарымдағы әлеуметтік бейнелерді талдауларын құлағым шалғанда аздап көңілім толмай қалатынын да жасырмаймын...
– Мүмкін, бұл жалпылама сұрақ шығар. Сонда да сұрайын, сізге идея қалай келеді? Сіз шығармаларыңызды қалай жазасыз?
– Барлығы өмірлік тәжірбие, ойлар мен оқиғалар. Әрбір оқиға жайлы ойланамын. Осы оқиғаға адамдар қалай тап болды, оған не себепші болды, осы оқиғадан соң адамдар өздерін қалай ұстайды – дегендей. Соның бәрін зердемде ұстаймын. Барлық кітаптарым мен әңгімелерім дүниеге осылай келді. Мен шабытқа сенбеймін. Мен барлығын өз өмірімнен жаздым, өзім куә болған, өзгелерден естіген оқиғалардан қорытып. Меніңше, әдебиетшілер менің кітаптарымнан мен жазғаннан да үлкен жаңалықтар іздейді. Маған түрлі оқиғаларды, адамдардың жағдайлары мен мінездерін суреттеу ұнайды. Бар болғаны осы. Автор өзінің қандай әдеби теориялар негізінде жазып жатқанын ешқашан білмейді, ойламайды да. Біздің жасағымыз келетіні – өзімізге әсер еткен өмір сәттерін, адамдарды, айналаны шамамыз жеткенше көркем түрде жеткізуге талпыныс жасау. Мен өз кітаптарымды қайта жазсам, олар тіптен жақсы болып шығар еді. Бірақ сонда да оларға көңілім толмас еді. Жазушы өз шығармашылығына ешқашан толық разы болады деп те ойламаймын. Керісінше көңілі толған сәтте, өзін-өзін өлтіруден басқа ешбір амалы қалмас еді. Жазушы болу – ең қиын мамандықтардың біреуін игеру деген сөз. Жазушы – қиял адамы, сондықтан да оған тоқтаусыз еңбектену керек. Бұл жалғыздықта өтетін қиындыққа толы еңбек жолы, ал нәтиже үнемі қалағаныңдай болмайды. Қайта-қайта талпыныс жасайсың, алға жылжу бәрібір оңайға соқпайтын кездер болады. Бұл ауыр жолдың ақысына жазушы не алатынын да білмеймін...
– Сіз бар болғаны түрлі оқиғаларды жазып жеткізу ұнайды дедіңіз. Алайда сіздің шығармаларыңыздан түрлі философиялық ойларды да тауып жатамыз. Барлық шығармашылығыңызды біріктіретін тақырып, ой, немесе басқа бір мақсат-мүдде бар ма?
– Менің кітаптарымның барлығына бірдей ортақ тақырып жоқ-ау. Ал егер бар деп қарасақ, ол адамға деген сенім, адамның барлығына қарсы тұра алатын төзімділігі мен тағдырға бас имеуге деген талпынысы шығар.
– Бірақ та сіздің көптеген кейіпкерлеріңіз тағдыр талауына түседі ғой?
– Жоқ дегенде бір кейіпкер барлығына қарсы тұрып, өз тағдырын жеңеді.
– Дегенмен де көптеген кейіпкерлеріңіз қарсы тұра алмай, ақыр соңында ажал құшады ғой.
– Ол маңызды емес. Олардың өлуі – ешқандай мәнге ие емес. Қалай ажал құшатындары ғана мағыналы.
– Сонда қалай ажал құшу керек?
– Өз шамалары жететіннен де үлкен істерге ұмтылып жүріп өлу. Жеңіліске қарсы шығу, ол мүмкін болмаса да.
– Келесі бір сұрақ. Өз шығармаларыңызға қалай қарайсыз? Өзіңіз қатты жақсы көретін кітабыңыз бар ма?
– Мен өз кітаптарымды оларды жазу барысында төгілген тер мен азабы арқылы бағалаймын. «Мен өлім құшқанда» кітабын жазу оңай болды, оңай. Tour de force (Еңбекке дағдылану). Оған тек алты апта ғана уақыт кетті. «Айғай мен ашу» («Шум и ярость») романы мені көп азапқа салды. Бес жылымды осы романды реттеу мен қайта жазуға жұмысадым. Бірақ бәрібір аяқтай алмадым...
– Сіздің қазір оқырмандарыңыз көбейді. Ол сіздің жазуыңызға әсер ете ме?
– Жоқ... Мен жазу барысында кітабымды басқалар оқитыны жайлы мүлдем ойланбаймын. Жас кезімде де мені біреулер оқитыны туралы ой келмеуші еді. Қазір біраз іс тындырдым ғой (күліп). Әрине, менің кітабымды басқалардың оқитыны қуаныш сыйлауы заңдылық, бірақ ол жайт менің жазуыма мүлдем әсер етпейді.
– Жақында баспа беттерінде сіздің америка әдебиетінің бес өкілін дәрежелеп атағаныңыз жайлы жазды. Олардың реттік көрсеткіші: Вулф, өзіңіз, Дос Пассос, Колдуэлл және Хемингуэй. Солай ма?
– Жоқ, олай емес. Мені дұрыс түсінбеген ғой. Жазушыларды бұл рет бойынша қою себебім мынандай: олардың не жасағысы келгені және бұған қаншалықты жеткені. Том Вулфты бірінші орынға қою себебім – оның мақсат-мұраты өте жоғары еді. Ол өз кітаптарына барлық әлемді енгізгісі келді, бірақ жеңіліс тапты. Оның жеңілісі өте ерекше еді. Одан соң мен. Вулфтен кейін мен талпыныс жасап, жеңіліс таптым. Менен кейін үлкен мақсатты Дос Пассос, Колдуэлл және Хемингуэй алдарына қойды. Хемингуэй көптеген жетістіктерге жетті, бірақ сол жеткен деңгейінде тоқтап қалды. Мына әлемді толық қамтуды мұрат етпеді.
– Сіз жас жазушыларға қандай кеңес берер едіңіз?
– Оларға бастысы – үздіксіз жазу. Жарыққа шығуды көп ойламаса да болады. Сөз құрап, оны қағаз бетіне түсіре білсе болғаны. Өмір соңында «мұнда Килрой болды» деген таңба қалса бастысы. Қалғаны маңызды емес. Табысқа жетуге көп көңіл бөлуге болмайды. Айттым ғой, ол – әйел заты секілді... Оның соңына түспесін. Сонда ол сіздің соңыздан ереді. Маңыздысы: сенің бірдеңе жасағаның. Француздарда «бабье лето» деген түсінік жоқ. Өкінішті.

Аударма ықшамдалып алынды
Нұрқанат Шаймұратұлы
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.