Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Құм құрсауындағы әйел
Құм құрсауындағы әйел
Рейтинг: 3.67
Автор:
ISBN:
99-65-18-169-1
Беттер саны:
480
Жанр:
Құм құрсауындағы әйел
Жапон қазаққа бейтаныс жұрт, оның рухани әлем, жан дүниесі жұмбақ. Аз-кем білістігі – негізінен киносы арқылы. Әдебиеті – ден қойып жүрген жандарға орыс тілі арқылы таныс болғанымен, қазақ тіліне аударылғандары некен-саяқ. Кэндзабуро Оэ жас ұрпақ алдындағы жауапкершілік және олардың қоғамдағы орны туралы ойға жетелесе, Кобо Абэ жеке адам мен қоғамның қатынасында адамның жаншылып қалмауы керектігі, адамгершілік мұраттардың әрдайым жоғары тұруы тиістігі жайлы жар салады. Жан-жақтан әркім өз құндылығын тықпалап жатқан жаһандану заманында біздің өз құндылықтарымызды, өз болмыс-келбетімізді сақтап қалу, ол үшін адамзаттың бастан кешкен осынау тағылымдарын ескеру, сабақ алу – міне, жапонның ойшыл сөз зергерлерінен алар пайымымыз.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар