Әлібек Файзуллаұлы
ФАЙЗУЛЛАҰЛЫ ӘЛІБЕК 1952 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылында туған. 1977 жылы Қазақ политехникалық институтын таукен инженері мамандығы бойынша бітірген. Байжансай шахтасында кен мастері, учаске бастығы болып жұмыс істеді.
1980 жылы кеніштің кәсіподақ комитеті төрағалығына, 1985 жылы халық депутаттары поселкелік кеңесінің төрағалығына сайланды. 1987 – 92 жж. республикалық «Кітап жаршысы» газетінің редакторы, «Ұлан» газеті бас редакторының орынбасары, 1992 – 96 жж. Шымкент қалалық және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің жауапты қызметкері, 1996 – 97 жж. «Фемида» ғылыми-көпшілік заң журналы бас редакторының орынбасары болған.
1998 жылдан бастап «Қазақстан заңдары» (қазіргі «Заң») журналының бас редакторы, 2002 жылдан «Заң газеті» және «Заң» журналы бас редакторының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2004 жылдан ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот академиясында, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жауапты қызметтер атқарды. «Ескі сурет», «Екі алма», «Көрші үйдің жарығы», «Бақыт туралы сөз», «Қатыбезер», «Ең ұзақ түн», «Күміс кекілік», «Өрт», «Сынық бұтақ», «Ақмышым», «Арлан күшік», «Ақ көбелек», «Хайуанаттар патшалығы», «Үш тілек», «Кәрім Нұрбаев», «Қыз Жібек» атты прозалық кітаптардың авторы. «Тастанды» атты драмалық туындысы Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық сазды драма театрында, «Үй таңдаған лақ», «Күміс кекілік» атты драмалары театрларда сахналанған.
Бірқатар дерекнамалық-танымдық, құқықнамалық кітаптар, әдістемелік құрал-жинақтар шығаруға қатысты. «Екі алма» кітабы мен «Күміс кекілік» драмасы өзбек тіліне аударылған. «Қыз Жібек» кітабы орыс тіліне тәржімаланған. «Балауса» баспасының балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық бәйгесінің, Халықаралық «Дарабоз», Республикалық «Астана-Бәйтерек» байқауларының, Алматы қаласы әкімдігі, «Бөбек» ұлттық ғылым-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы ұйымдастырған әдеби бәйгелердің жеңімпазы.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4228
22.10.2026
1829
26.10.2026
1550
28.10.2026
1331
22.10.2026
1138
22.10.2026
853
27.10.2026
829
26.10.2026
759
27.10.2026
732
22.10.2026
692
22.10.2026
430
28.10.2026
421
28.10.2026
386
21.10.2026
4376
22.10.2026
4228
20.10.2026
3369
07.10.2026
3276
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2280
05.10.2026
2277
30.09.2026
2168
08.10.2026
2128
15.10.2026
2114
