Фредерик Стендаль
Анри Мари Бейль немесе Стендаль (фр. Marie-Henri Beyle; 23 қаңтар 1783, Гренобль — 23 наурыз 1842, Париж) – француз жазушысы.
1800 – 14 жылы әскери қызмет атқарып, Наполеон әскері құрамында Берлин, Вена, Мәскеу шабуылдарына қатысты. 1814 – 21 жылы Италияда, кейін Францияда тұрды. 1830 жылдан өмірінің соңына дейін Италияда елші қызметін атқарды. Стендаль алғашқы туындыларын бүркеншік атпен 1814 жылдан жариялай бастады. “Стендаль” есімін тұңғыш рет “Рим, Неаполь, Флоренция” (1817) атты еңбегінде қолданды. “Гайдн, Моцарт және Метастазионың өмірі” (1817), “Италия бейнелеу өнерінің тарихы” (1817), “Россинидің өмірі” (1823), т.б. еңбектері музыка және театр өнерін, кескіндемені зерттеуге арналған. “Римді аралағанда” (1829), “Саяхатшы жазбалары” (1838) еңбектерінде философия, саяси, эстет. пайымдаулар басым болса, “Расин мен Шекспир” (1825) – көркемдік әдіс мәселесіне арналған реалистік мектептің алғашқы әдеби манифесі. Оның “Анри Брюлардың өмірі”, “Өзімшілдің естеліктері”, “Наполеонның өмірі”, “Наполеонды еске түсіру”, “Автобиографиялық естеліктер”, т.б. естеліктерінде тарихи құнды мәліметтер сақталған. “Ванина Ванини” (1829), “Қызыл мен қара” (1831) сияқты көркем шығармалары қоғамдағы “кішкентай адамның” рөлі мен тағдырын суреттеген. “Парма мекені” (1839) Наполеон соғысынан кейінгі саяси жүйені, “Люсьен Левен” (1836) Франциядағы монархияны әшкерелесе, “Махаббат туралы” трактат (1822) психол. талдаудың шебер үлгісі саналады.
Француз жазушысы Анри Бейль достарының айтуына қарағанда бірнеше псевдонимдердің иесі болған, солардың бірі және кең тарағаны – Фредерик Стендаль (Стендаль – ХУІІІ ғасырда өмір сүрген немістің өнертанушысы Винкельман дүниеге келген қаланың аты).
Мари-Анри Бейль Францияның оңтүстігінде, Гренобль қаласында бай адвокаттың отбасында дүниеге келді. Стендальдың әкесі Шерюбен Бейль, жергілікті парламентте адвокат болады, атасы Анри Ганьон, дәрігер әрі қоғам қайраткері, ХУІІІ ғасырдағы көптеген француз интеллигенциясының өкілдері секілді ағартушылық идеяларымен айналысты. Бұл отбасының кітапханасында Дидро және Д,Аламбер құрастырған «ғылым мен өнердің үлкен энциклопедиясы» болды, Жан-Жак Руссо шығармаларын қызыға оқыды.
1796 жылы Стендаль Гренобльде ашылған Орталық мектепке түседі. Кейбір провинциялық қалаларда ашылған бұл мектептердің мақсаты, бұрынғы жекеменшік және діни оқуларды алмастыратын мемлекеттік және зиялылар оқуын енгізу болды. Орталық мектепте Стендаль математикамен айналысып, курсты аяқтағаннан кейін Париждің Политехникалық мектебіне жіберіледі. Политехникалық мектеп әскери инженерлер мен артиллериялық офицерлерді дайындайтын.
Бірақ Стендаль Политехникалық мектепке түскен жоқ. Ол 18 брюмер төңкерісінен кейін, яғни жас генерал Бонапарт үкімет билігін өз қолына алып, өзін бірінші консул деп жариялағаннан кейін келеді.
1802 жылы жазушы болу ниетімен Парижге келеді. Стендаль Парижде үш жыл тұрып, философия, әдебиет, ағылшын тілімен терең айналысады. Шынын айтқанда, ол нағыз білімді осы Парижде алған еді. 1799 жылы 18 брюмер көтерілісінен кейін ол генерал Бонапарттың «Францияның патшасы болғандығына» қуанса; 1804 жылы рим папасының өзі Парижге келген Наполеон коронациясын, Стендаль «барлық өтірікшілердің одағының» көрінісі деп таниды.
Ол Наполеонның 1812 жылы Ресейге жасаған жорығына қатысады да, Мәскеу, Смоленск және Могилев, Вильнюс қалаларында болады. Француз армиясының Березин арқылы өтіп, масқара болған қысқы шегінісінің куәсі болады. Стендаль өз отанын жанын сала қорғаған орыс халқының отансүйгіштігін, ерлігін көріп, елдің қайратты қайсарлығына тәнті болады. Сонымен бірге, Ресей самодержавиесінің жүргізіп отырған қатыгез саясатына ыза болады.
Италияда Стендаль өзінің алғашқы туындысы – үш өмірбаянды: «Гайдн, Моцарт, Метастазионың өмірін суреттеуді» (1814) жарыққа шығарды. 1814 жылы Стендаль француз тіліне енді ғана аударылған А.В.Шлегельдің «Драмалық әдебиет курсы» кітабы арқылы Германиядағы романтикалық қозғалыспен танысады. Италиядағы өмірі Стендаль шығармашылығында өз ізін қалдырды. Ол Италия өнерін, көркемөнерін, музыкасын оқып үйренді. Оның Италия өміріне, тарихына арналған: «Рим көшелерімен серуендеу», «Италия шежіресі», «Италияның қолөнер тарихы», «Рим, Флоренция, Неаполь» және ең танымал «Пармдық тұрғын» атты романы бар. Стендаль Италияда ұзақ уақыт тұрақтай алмайды.
Парижге оралғаннан кейінгі алғаш жарық көрген кітабы «Махаббат туралы» (1822) деп аталды. Бұл кітап психологиялық трактат іспетті болды. 1826 жылы Стендаль өзінің алғашқы романы – «Армансты» (1827 жылы жарық көрді) жазды. Мұнда автор жаңа заманғы Франция өмірін, оның «жоғарғы қауымын», тек ақсүйектердің ғана мүддесін ойлайтын көзқарастарын жазды. Осы сапарында жаңа замандық Римнен алған әсерінің негізінде «Ванина Ванини, немесе Папа облысында ашылған, карбонарлардың соңғы вентына қатысты кейбір нақтылықтар» деп аталатын повесі жазылады. Повесть 1829 жылы жарық көрді. Осы жылы Стендаль өзінің атын мәңгілік өшпейтін еткен, «Қызыл мен қара» романын жазуды бастады. Роман 1830 жылдың қараша айында «1831» жыл деп көрсетіліп, жарыққа шықты.
Парижде өткізген ұзақ демалыс уақытында өзінің Францияға жасаған саяхаты туралы жазылған «Туристің жазбалары» атты кітабын, ал бір жылдан кейін өзінің Италия туралы терең білімінен хабар беретін «Пармдық монастырь» (1839) атты романын жариялайды. Бұл оның өзі жарыққа шығарған ең соңғы туындысы болатын.
Францияда тек бірнеше күн боламын деп келген жазушы ойы іске аспай, 1842 жылы Стендаль Париж көшелерінің бірінде ауыр соққыдан қайтыс болады.
Стендаль әдебиетке ХІХ ғасырдың ірі психологиялық романының авторы ретінде енді.
Көп оқылғандар
Жадыра Шамұратова. Жеңеше
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Франц Кафка. Кезқұйрық
Көкбөрі Мүбарак. Ырғақпен сөйлеген ақын
Әбіш Кекілбаевтың «Дәурен кешкен» жыр жинағы жарық көрді
Жақсының көзі. Салтанат Мұстафина. Б.Майлиннің шөбересі
Таулықтың жары (авар ертегісі)
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Маржан Ершу. Пишта
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Сен маған керексің
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке