Заманбек Әбдешев
Заманбек Әбдешев 1949 жылы 27 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Бақасу ауылында туған.
1975 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Облыстық телевизия редакторы, республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің әдеби қызметкері, «Жазушы» баспасында редактор, сондай-ақ «Ақиқат» журналында бөлім редакторы болып жұмыс істеді.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Борис Васильевтің «Тамылжыған таң» повестер мен әңгімелер жинағын, болгар қаламгері Георгий Караславовтың «Шешуші сағат» атты романын, «Қырғыз ертегілері» жинағын, «Неру» өмірбаяндық кітабын, Тәнзила Зұмақұлованың «Салтанат» атты жыр жинағын аударған. «Қазақфильм» киностудиясында көптеген фильмдерді тәржімалады. «Мектеп» баспасы қазақ тілінде шығарған С.Алексеевтің «Отанымыздың тарихы туралы әңгімелер» атты балаларға арналған кітабының тарауларын, Чарльз Диккенстің «Оливер Твистің басынан кешкендері» романын (2004), Алжирдің көрнекті жазушысы Мулуд Маммеридің екі романын (2005), Виктор Гюгоның «Аласталғандар» романын (2007) аударған. «Хабар» телеарнасынан көрсетілген «Жанды табиғат», «Жануралар әлемі», «Жоғалып жатқан жауһарлар», «Алтын маймыл және басқалар» сияқты сериялы деректі фильмдердің, көркем фильмдер мен телехикаялардың аудармашысы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
