Әбенұлы Шәкір
Әбенұлы Шәкір (1901–1994) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында туған. Ауыл молдасынан, Семейдегі приход мектебінде, Уфадағы Ғалия медресесінде оқыған.
1916 жылы Семейдегі ер балалар гимназиясына оқуға қабылданады. Алғашқы «Борсықтар» деген өлеңі «Айқап» журналында басылған (1916). Шығармалары 1936 жылдан бастап баспасөзде үзбей жарияланды.
1937 жылы «Әдебиет және искусство» журналында жарық көрген «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» поэмасы оның ақындық атағын шығарады. Жас ақын 1937 жылы «халық жауы» атанып, ұсталып, артынша түрмеден қашып шығып, көрші Қырғыз еліне асып кетеді.
1939 ж. Алматыға қайта оралып, Қазақстан ғылымизерттеу орталығына Жанақ, Сабырбай, Түбек, Дулат, Байкөкше ақындардың әдеби мұраларын жинастырып, алғаш қағаз бетіне түсіріп, тапсырады.
1940–1941 жж. Жамбылдың әдеби хатшысы қызметін атқарған. Ол жалған айыптау негізінде ұсталып, Семей түрмесіне айдалады. Отан соғысы басталған соң, өз еркімен майданның алғы шебіне аттанған.
1945 ж. саяси қуғындау қайта басталып, саяси тұтқын ретінде Сібірге айдалып, Александров абақтысына қамалады.
1955 ж. түрмеден босап, Құндыздыға қайтып оралған ақын 1961 ж. толықтай ақталып, өмірінің соңына дейін еліне қызмет етті. «Кейпін батыр» (1939), «Таңшебер – Жапал» (1962), «Ортақ арал» (1968), «Қорқыт қобызы», «Пәрмен», «Алданған қыз», «Патша мен байғыз», «Ана махаббаты», «Тоқтамыс батыр» атты дастандары «Шыңғыстау» (1980), «Шыңғыстау сазы» (1985), «Дастандар» (1991) деп аталатын жыр жинақтарына, тағы басқа басылымдарға енген. Айтыс ақыны ретінде кеңінен танымал оның Т.Әміреновпен айтысы «Айтыс» (3т., 1968) жинағында жарияланды. «Алтай аруы», «Сары жұлдыз» сияқты 20дан астам төл ән, күйлері бар.
Көп оқылғандар
13.11.2026
4389
14.11.2026
4011
17.11.2026
2487
17.11.2026
2151
15.11.2026
2003
18.11.2026
1435
18.11.2026
1422
13.11.2026
1119
13.11.2026
1007
13.11.2026
976
18.11.2026
939
16.11.2026
869
18.11.2026
855
17.11.2026
834
03.11.2026
5018
21.10.2026
4898
28.10.2026
4848
22.10.2026
4820
12.11.2026
4658
13.11.2026
4389
04.11.2026
4317
14.11.2026
4011
12.11.2026
3761
28.10.2026
3634
06.11.2026
3222
17.11.2026
2487
22.10.2026
2325
11.11.2026
2309
12.11.2026
2225
