Қайрат Бақбергенов
Қайрат Бақбергенов 1953 жылы 1 наурызда Алматы қаласында туған.
1975 жылы Мәскеудегі Жазушылар одағының М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді. «Қазақстан», «Жазушы» баспаларында редактор, «Қазахфильм» киностудиясының мультипликация бөлімінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының Көркем аударма және әдеби байланыс Бас редакциясы алқасының орыс бөлімінің меңгерушісі, «Простор» және «Жұлдыз» журналдарының компьютерлік орталығының жетекшісі, 2002–2009 жж. ҚР бірінші Президенті қорының Халықаралық Экономика және саясат институты мен ҚР Президентінің Стратегиялық зерттеулер институтының баспа бөлімінің бас маманы болды. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Мектеп қабырғасында жүріпақ алғашқы өлеңдері газетжурналдарда шыққан. «Пойманный ветер», «Возвращение», «Веретелка», «Отраженные пространства» кітаптары жарық көрген. М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Мырза Әли, Г.Авутовалардың шығармаларын орыс тіліне аударып, «Смена», «Дружба народов», «Аманат», Простор», «Дом Ростовых» журналдарында шығарған. О.Хофманның Господин Тау и 1000 чудес (чех тілінен), Ю.Хэжкидің «Поэзия малой каморкой», Вл.Ильичтің «СПИД: 100 вопросов – 100 ответов» (серб тілінен) кітаптарын аударған. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірқатарын серб және неміс тілдеріне аударып, шығарған. «Приглашение к игре», «Сезон бабочек», «Слепой», «То, чего не было», «Садовник и роза», «Муха», «Случай на улице N.» «Чей год лучше?», «Шел по дорожке воробей» анимациялық фильмдері сценарийлерінің авторы. Шығармалары француз, неміс, серб, қазақ тілдеріне аударылған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
