Қапан Сатыбалдин
Балалар үйі жанындағы мектепте және Таукен өнеркәсібі училищесінде оқып білім алған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтында, Мәскеудегі кинематография институтында оқыған. Қазақстан Жазушылар одағының жас жазушылар секциясын басқарды, республикалық газеттер редакцияларында және Қазақ КСР кинематография комитетінде қызмет істеді. Кезінде Жамбылдың әдеби хатшысы болды. 1943–1944 жж. соғыс майданында «Совет жауынгері» газетінде қызмет етті. «Жұлдыз» журналында бас редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, біраз уақыт Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болған. 1938 жылы «Мен жырлаймын» атты алғашқы өлеңдер жинағы шықты. Комсомолдың 20 жылдық мерекесіне арналған республикалық конкурста «Алғашқы сыр» поэмасы бәйге алды. 1940 жылы «Айдан тамған жас», «Махаббат» поэмаларын жазды. Ұлы Отан соғысы жылдарында өлеңдері, очерктері республикалық және майдандық газеттерде жиі басылып тұрды.
1945 жылы Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған поэмасы басылды.
Бірқатар драмалық шығармалардың да авторы. Киносценарийлері бойынша көркем және деректі фильмдер түсірілген. Крыловтың мысалдарын, Некрасовтың поэмасын, Гулианың повесін, Горбатовтың пьесасын және туысқан республикалар ақындарының өлеңдерін аударған.
Шығармалары: Мен жырлаймын. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1938; Бейбітшілік күні астында. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1952; Мың есік. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1950; Қара торғай. Повестер, әңгімелер, эсселер. А., «Жазушы», 1968; Төрт томдық шығармалар жинағы. А., «Жазушы», 1971–1975.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
