Абзал Бөкенов 1949 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының Нарманбет (Қарасу) ауылында дүниеге келген.
1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде (1972–1973), «Жалын» баспасында (1990–1991), «Егемен Қазақстан» (1987–1990) және халықаралық «Түркістан» газеттерінде (1991–1997) қызмет істеді.
«Бастау» (1979), «Жалғыз желкен» (1986), «Ғасыр қанатында» (1988), «Салбұрын» (1991), «Сүмбіле» (1992), «Шың мен шыңырау» (1999) жыр кітаптары жарық көрген.
Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.