Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ж
Жұмабай Есбатыров

Жұмабай Есбатыров

Жұмабай Есбатыров
Рейтинг:
Өмірбаяны

Жұмабай Есбатыров  (1907–1993) - 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында туған. 

1930 жылы Шымкент педтехникумын, 1937 жылы «Правда» атындағы Бүкілодақтық КИЖді бітірген. Сондайақ Свердлов атындағы шығыс халықтары институты жанындағы марксизмленинизм классиктері шығармаларының редактораудармашыларын даярлайтын жоғары курста білім алған.

Еңбек жолын баспасөзден бастаған. Аудандық, облыстық, республикалық газеттер мен журналдардың арнаулы тілшісі, жауапты хатшысы, редактордың орынбасары және редакторы болып істеді. Кейініректе республика баспаларында басшы қызметте болған.

100ден астам фельетон, очерк, әңгіме жазған. Орыс, Батыс Еуропа классиктері мен жазушыларының біраз шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», т.б. медальдарымен марапатталған.

Аудармалары: М.Горький. Васса Желенова. Пьеса. А., ҚМКӘБ, 1948; К.Гальдони. Екі мырзаға бір қызметкер. Пьеса. А., ҚМКӘБ, 1948; Н.Вирта. Құтылмастардың заговоры. Пьеса. А., ҚМКӘБ, 1950; А.., Коран. Партия кандидаты. Пьеса. А., ОПБ,1951; С.Михалков. Қызыл галстук. Пьеса. А., ОПБ, 1952; Л.Кассиль, М.Поляновский. Кенже ұлдың көшесі. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1955; А.Файзи. Тоқай. Роман. А., ҚМКӘБ, 1962; Б.Керабаев. Шешуші адым. Роман. А., «Жазушы», 1968.

Көп оқылғандар