Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Н
Нияз Сыздықов

Нияз Сыздықов

Нияз Сыздықов
Рейтинг:
Өмірбаяны
Нияз Сыздықов (1925–2000) 25 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Ленин ауданының Еңбек ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қаламгерлік қызметін 1946 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінде бастап, алғашқы кезде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, кейіннен редактордың орынбасары болып істеді. Талдықорған облыстық «Советтік Жетісу» және Алматы облыстық «Коммунизм таңы» газетінде жауапты хатшылық қызмет атқарды. 
 
1962–1968 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің үгіт және насихат бөлімінде нұсқаушы, баспасөз және телевизия мен радио хабарлары жөніндегі сектордың меңгерушісі болды. Бұдан кейін республикалық радио хабары басқармасының бастығы, «Қазақ совет энциклопедиясының» бөлім меңгерушісі болып істеді. 1972 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтында В.И.Ленин шығармаларының толық жинағын қазақ тілінде шығару жөніндегі бас редакция бас редакторының орынбасары болды.
 
«Құрмет Белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, КСРО медальдарымен марапатталған. 1983 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілді.
 
Аудармалары: С.Смирнов. Брест қамалы. Повесть. А., «Жазушы», 1965; Т. Томаш. Таң арайы. Роман. А., «Жазушы», 1967; О.Гончар. Арай. Роман. А., «Жазушы» 1973; Ю.Бондарев. Жағалау. Роман. А., «Жазушы», 1976; Л.Н. Толстой. Аршынала. Повесть. А., «Жазушы», 1979; Ф.Достоевский. Нақұрыс. Роман. А., «Жазушы», 1984.

Көп оқылғандар