Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Жақсылық Түменбаев
Жақсылық Түменбаев 1944 жылдың 5 қаңтарында Қызылорда облысы Арал ауданының Сазды ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін, «Арал» совхозында шопанның көмекшісі болып жұмыс істеді. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1968–1975 жж. Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінің қызметкері, 1975 жылдан бастап Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы ақпарат агенттігінде бас редактордың орынбасары, республикалық «Денсаулық» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.
Алғашқы көркем шығармалары «Жалын» альманахында, «Жұлдыз» журналында, республикалық, облыстық баспасөзде 1968 жылдан жариялана бастады. Жастарға арналған көркем шығармалардың республикалық жабық конкурсында бір рет екінші, бір рет үшінші бәйге алды. А.Лихановтың «Шырғалаң» деген романын, басқа да авторлардың повесть, әңгімелерін аударды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. Туған жерінде оның есімімен аталатын көше, мектеп бар.
Шығармалары:
- Қардағы іздер. Әңгімелер. А., «Жалын», 1977;
- Қимас қазына. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1979;
- Мен сүйген қыз. Повестер. А., «Жалын», 1981;
- Тас бөгет. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1984;
- Махаббат қорығы. Повестер. А., «Жазушы», 1990;
- Ақырғы демім біткенше. Роман. А., «Жалын», 1993.
Көп оқылғандар
«Бәріне қу соғыс кінәлі...»
04.04.2025
2232
Қауышу мен қоштасу жайлы...
03.04.2025
1453
Черчилль және соғыс
04.04.2025
695
Есбол Нұрахмет: Бұл роман қазақтың отарлану тарихы
07.04.2025
534
Әмірхан Балқыбек. Түгел сөздiң түбi бiр, түп атасы Тәңiрi
08.04.2025
243
Асқар Алтай. Жан әлемің жайдақтанбасын
09.04.2025
70
«Тілеулері дұрыс екен, айт күні қайтты!..»
28.03.2025
4624
Кобо Абэ. Басқыншылар
12.03.2025
2926
Сағымбай Жұмағұл. Міржақып нақылдары
17.03.2025
2503
«Бәріне қу соғыс кінәлі...»
04.04.2025
2232
Мо Янь. Үрей мен үміт
11.03.2025
2114
НАРҚЫЗЫЛ (Он орам) I бөлім
01.04.2025
1896
Ділдәр Мамырбаева. Мұғалім – робот – Шұғыла
12.03.2025
1739
Айым Алтайқызы. Бір миллион теңге (әңгіме)
19.03.2025
1691
Әлібек Байбол. Тоқаш туралы толғам
11.03.2025
1633
Асқар Алтай. Тағдыр тақтасы (Эссе)
17.03.2025
1597
Рысбек Зұрғанбайұлы: ...Өлім алдындағы өтініш
26.03.2025
1506
Шоқан Шортанбай. Қуандық Шаңғытбаев поэзиясындағы азаматтық әуен
27.03.2025
1499
Қауышу мен қоштасу жайлы...
03.04.2025
1453