Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Қ
Қадірбек Уәлиев

Қадірбек Уәлиев

Қадірбек Уәлиев
Рейтинг:
Өмірбаяны
Қадірбек Уәлиев 1938 жылы 20 маусымда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Қызыл Октябрь» ұжымшарында дүниеге келген. 
 
 
1957 жылы Қаратау қаласындағы орта мектепті бітіргеннен кейін үш жыл тракторшы, слесарь-моторшы болып істеген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1965 жылы бітірген. 1965–1967 жж. Қазақ теледидарында, 1967–1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде, 1980–1984 жж. «Өнер» баспасында, 1984 жылдан бастап Мәдениет министрлігі театр бөлімі мен репертуарлық-редакциялық коллегиясында қызметтер атқарған.
 
 
«Сахна менің өмірім», «Көгілдір шымылдық түрілген», «Тұғыры биік тұлға» атты кітаптары бар. Д.Мамин-Сибиряктің «Ақбоз ат», А.Серафимовичтің «Орман тынысы» және «Үш дос», А.Кононовтың «Көпір үстінде», С.Алексеевтің «Суық торғай», А.Толстойдың «Эмигранттар», Ж.Коктоның «Адам даусының жаңғырығы», В.Гавельдің «Жат тілділер», М.Ғапаровтың «Тұзды шөл», А.Стравицкийдің «Қасіретті жекпе-жек» кітаптарын аударған.

Көп оқылғандар