Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Сәуле Үсенбекова

Сәуле Үсенбекова

Сәуле Үсенбекова
Рейтинг: 3
Өмірбаяны
Сәуле Үсенбекова 1950 жылы 12 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының Ильич кентінде дүниеге келген. 

1971 жылы Шымкент педагогика институтын орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1974 жылы ҚазМУ-дің орыс филологиясы кафедрасының аспирантурасын тамамдаған. 
1975–1977 жж. Шымкент педагогика институтының филология факультетінде, 1977–1998 жж. Алматы Халық шаруашылығы институтында (қазіргі Т.Рысқұлов атындағы Экономика университеті) қызмет атқарды. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде ғылыми стажировкадан өткен. Филология ғылымдарының кандидиты (1981), доцент (1984). «Тұран ханшайымы» әдебиетшілер үйінің президенті. 2005 жылдан «Қазақстан поэзия академиясының» президенті. 

Отыздан астам ғылыми және оқу әдістемелік еңбектердің авторы. 1990 жылы орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының Мәскеуде өткен дүниежүзілік конгресіне (1990), жазушылардың халықаралық конгресіне (2007) қатысқан.
 
Ғылыми педагогикалық қызметімен қатар, әдеби шығармашылықпен айналысады. «В подлунном мире» (өлеңдер, проза, 1998), «Любви серебрянная нить» (өлеңдер, проза, 1999), «Туранская эва» (өлеңдер, 2001), «Сорок сакских цариц» (2006), «Цветок Сахары» (2009), «Дар мастера» (әдеби сын, очерктер, 2009) сияқты кітаптардың авторы. 2003 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын алған. Валентин Пикуль атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты (2008), Есенин атындағы алтын медальдің иегері, Ресей әдебиет академиясының академигі. Мәскеудегі Халықаралық Жазушылар Қауымдастығы атқару комитетінің мүшесі, «Дом Ростовых», «Московский Парнас» әдеби журналдарының алқа мүшесі.

«Мадонны Турана», «Мир на устах детей», «Акмая» сияқты поэзиялық антологиялардың құрастырушысы мен шығарушысы. Қазақ, орыс тіліндегі «Лик Азии» баспа жобасының авторы әрі жетекшісі.

Көп оқылғандар