Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
З
Зейнолла Шүкіров

Зейнолла Шүкіров

Зейнолла Шүкіров
Рейтинг:
Өмірбаяны
Зейнолла Шүкіров (1927–1979)

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген кеңесінде туған. 

Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған. Бірақ төсек тартып жатқанмен, мүгедек халіне ерлікпен, төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алған. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан шыққан. Оның балаларға да арналған жинақтары бар.

Бірқатар өлең, дастандары орыс тіліне аударылып, «Менің достарым», «Күншуақ» деген атпен шықты. Шығармалары шет ел халықтары тілдеріне аударылған.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған (1977).

Шығармалары: Менің достарым. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1955; Теңіз жыры. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960; Арал дәптері. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Жүрекке әмір жүрмейді. Өлеңдер, поэма. А., ҚМКӘБ, 1963; Алау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Ізгілік іздері. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1967; Арал толқындары. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1968; Жас жесір. Повесть. А., «Жазушы», 1969; Сағыныш. Өлеңдер. 1970; Жас жесір. Таңдамалы повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1973; Адам – Жер – Ана. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Саршатамыз. Повесть. А., «Жазушы», 1975; Солнечно. Стихи. А., «Жазушы», 1976; Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1977; Өткелдер. Роман. А., «Жазушы», 1983; Жанғожа. Тарихи роман.

Көп оқылғандар