Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Б
Боранғали Ырзабаев

Боранғали Ырзабаев

Боранғали Ырзабаев
Рейтинг:
Өмірбаяны
Боранғали Ырзабаев (1932–1995)

15 қаңтарда Ақтөбе облысы, Темір ауданында туған. 

Алғашқы еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған ол 1959 жылдан бастап журналистік қызметке ауысты. Павлодар облыстық «Қызыл ту» газеті редакциясының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 

1962–1965 жылдар аралығында «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Тың өлкесі бойынша меншікті тілшісі, 1967 жылдан бастап «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әуелі Павлодар облысындағы, одан кейін Орал облысындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.

Алғашқы өлеңдері 1962 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас дәурен» кітабында жарық көрген. 1981 жылы «Ертіс – Жайық арасы» («Қазақстан»), 1983 жылы «Егіндікөл жұлдызы» («Қайнар») жинақтары оқырмандар қолына тиді.

1970 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін», 1972 жылы Халық шаруашылығы көрмесінің күміс медалімен, 1973 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Шығармалары: Тұңғыш. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; Қадірлі қалалар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Ұшуға қанат керек. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Жер жүрегі соғады. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Бақ жұлдызым. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982.

Көп оқылғандар