Солдатхан Орайханұлы
Солдатхан Орайханұлы – Қазақтың ақыны. 1940 жылы 12 қантарда Бай-Өлке аймағының, Делуін елді мекенінің Бүркіт тауынның баурайында да дүниеге келген. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Анасынан жастай жетім қалып атасы мен әжесінің қолында өсіп, 1950-1957 жылдары қазақ орта мектебін оқып бітірген.
1957-1961 жылдары Моңғолия астанасы - Уланбатырдағы халық мұғалімдерін даярлайтын ұлттық педагогикалық институтын тәмамдап, 1961-1968 жылдар аралығында аймақтық онжылдық орта мектептерінде ұстаздық, жастар комитетінде нұсқаушылық қызметін атқарған.
От ауызды, орақ тілді жас ақын өз тұсындағы әкімгерлік, асыра сілтеушіліктін тұрпатынан ұстаздық кәсібін тастап, туған жері Бай-Өлке аймағынан жер аударылып, ішкергі монғолдар ішінде отыздай жыл еңбек етті. Алайда, тағдыр тауқыметін, оның азабы мен күйігін көп тартқан ақын жаны нәзік те сыршыл. Аузынан шыққан әр сөзі өлең боп құйылып, өмір боп өріліп жатады.
1968-1983 жылдар Шарын-гол таскөмір шахтасын да экскаватор машинист, 1983-1993 жылдар Эрдэнэт қаласындағы мыс-кенбайыту комбинатына электр-насосын басқарушы кызметтерін атқарды.
1993 еңбек зейнетіне шығар шағында Атажұртына оралып Сарыарқаға қоныс тепкен ақын халық өміріне белсене араласып, өлеңдері республикалық, облыстық баспасөздерде жарияланып тұрды. Төрт қыз, екі ұл өсіріп ержеткізген ажарлы шаңырақтың бірі.
«Алтай қазақтарының Мұқағалиы» атанған Солдатхан Орайханұлының алғашқы өлеңдер жинағы 1970 жылы «Серуен» деген атпен жарияланып, одан кейін 1977 жылы «Сен екеуіміз», 1983 жылы «Бір арманым бар еді», 1989 жылы «Аяулы дүние» жыр жинақтары жарық көрді. 1987 жылы «Сазды толқын» атты жыр жинағы моңғол тіліне аударылып, 1990 жылы «Дала жыры» атты Моңғол классиктерін аударған өлеңдер жинағы жарық көрді.
Ақынның «Атам қазақ болған соң» атты жыр жинағы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жарық көрді.
Моңғол әдебиетінің ХІІІ-ХІҮ ғасырдағы көне үлгілері «Шыңғыс ханның қос тұлпары туралы жыр», «Шыңғыс ханның тоғыз тұғыр уәзірімен жетім ұлдың шешендің шежіресі», «Шыңғыс ханның үш жүз Тәйшілермен шайқасы» т.б. жырларды қазақ тіліне тәржімалады. «Шыңғыс ханның қос тұлпары» атты жыр жинағынның алды баспаханадан дайындалып шықты.
Қырықтай ән сөздерінің авторы. Лирик ақын, баллада шебері, моңғол жырларын қазақша сөйлеткен тұңғыш ақындардың бірі - Солдатхан Орайханұлы 2004 жылы ауыр науқастан Қарағанды өңірінде қайтыс болды.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды