Төлеужан Ысмайылов
Әкесі Мұхамеджан колхоз басқармасы бола жүріп, 1942 жылы әскерге алынып, майданнан оралған жоқ. Қаршадайынан жетім қалған Төлеужан Шоң деген жерде бастауыш класты бітіріп, кейін Қайнар орта мектебінде оқыды. Төлеужанға ақындық нағашы жұртынан дарыды. Шешесі де домбырашы, әнші болған. Арғы тегі атақты жыршы Жанақтан бастау алатын Төлеужан орта мектепті 15 жасында аяқтаған.
КазМУ-дің журналистика бөлімінде оқыды. Оқып жүрген кездерінде тұңғыш өлеңдері жариялана бастады.
1951 жылы университетті тәмамдаған соң, "Жазушы" баспасында редактор болып, соңынан Қазақстан жазушылар одағында кеңесші қызметін атқарды. Павлодар, Қызылжар қалаларының облыстық газеттерінде, сонымен бірге "Лениншіл жас" газетінде жемісті еңбек етті.
Төлеужанның таланты жөнінде белгілі қаламгер Т. Ахтанов: «Мен көрген ақындардың ішіндегі кесек талант - Төлеужан Ысмайылов еді» - дейді.
Төлеужан шығармасының кең қанат жаюына жазушы Ә.Нұршайықов қол ұшын берді.
Ол талантты ақын ғана емес, талантты журналист те еді. Оның қаламынан туған көркем очерктер мен мақалаларды жұрт қызыға оқыды. Өкінішке орай, ол әдебиет үшін он шақты жыл ғана еңбек етті. Тіршілігінің соңында ауыр дертпен, өкпе ауруымен арпалысты.
Ақынның көзінің тірісінде үш кітабы жарық көрді: «Әлдекімге бір шапалақ»,»Есіл», «Америка трагедиясы».
Ақынның әдеби мұрасының бір саласы - аударма. Т.Драйзердің "Америка трагедиясы" романының көркем тілмен аударылуына ерекше көңіл бөлді.
Қазақстан жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші, «Қызыл ту» (қазіргі «Кереку»), «Ленин туы» (қазіргі «Қызылжар») облысы газеттердің редакцияларында әр түрлі қызметтер аткарған. Бірнеше жыл «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде еңбек еткен. 1951 - 1961 жылдары «Есіл», «Дала министрі», «Жылқышы», «Үгітші» поэмаларын, қырыққа жуық өлең, отыздан астам сатира жазған. Ысмайылов орыс ақындары А.С.Пушкиннің «Батыс славьяндар жырларын», М.Ю.Лермонтовтың «Мцыри» поэмасын, В.В. Маяковскийдің өлеңдерін, Американ жазушысы Т.Драйзердің «Америка трагедиясын» қазақ тіліне аударған.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды