Альбер Камю
Нобель сыйлығының лауреаты (1957), француз жазушысы, философ Альбер Камю - 1913 жылдың 7 қарашасында Алжирдің, Мондови қаласында дүниеге келген. Алжир ун-тінің философия факульететін бітірген. 1936 жылы философия магистрі дипломын алған. Камю театрда актер, драматург, режиссер, сонымен қатар, “Республикалық Алжир” (“Algen Republіcaіn”) газетінде саяси шолушы, редактор қызметтерін атқарған.
1938 жылы Францияға көшіп келгеннен кейін, 1947 жылға дейін “Айқас” газетінде қызмет істеген. 2-дүниежүз. соғыс кезінде Қарсыласу қозғалысының белсенді мүшесі болған. Камюдің әдеби және филос. шығарм-ның негізгі мәселелерінің бірі – өмірдің өткіншілігі. Камю тұжырымы бойынша, адам өмірі – ажалға қарай баяу немесе тез жақындау. Бұл дүниеде адам қол жеткізетін лауазым, атақ-даңқ, байлық, ұрпақ, туған-туыс, ата-ана, жақындар – бәрі де өткінші. Ешнәрсе және ешкім де мәңгі емес. Сондықтан адам тіршілігінің мәні мен мағынасы туралы сөз қозғаудың өзі мәнсіз. Камюдің философиялық көзқарасы экзистенциалистер ой-толғаныстарымен үндеседі.
Ол “Бөгде” повесінде жаттанған және өшпенді де өзімшіл қоғамдағы адам өмірінің мәнсіздігі мен жалғыздығын суреттейді. Абайсызда кісі өлтіріп, ажал сағатын күтіп отырған бас қаїарманның (Мерсо) көңіл-күйі мен сезім арпалысын бейнелей отырып, Мерсоның басқа кісі өлтірушілерден айырмашылығы мен оның өзі жасаған ауыр қылмысын мойынға алып, тергеу ісіне шын көңілімен көмектесетіндігін көрсетеді. Ол кісі өлтіргені жайлы бүкпесіз ашық мәлімдеп, сот үкіміне немқұрайлы қарайды. Қазыларды кісі өлтірушінің шыншылдығы, өз өмірін сақтап қалу үшін қулыққа барып, құтылып шығуға әрекет жасамауы таң қалдырады. Олар Мерсоның шыншылдығы мен әділеттілігін епті жалтару, қулық немесе абсолютті шыншылдық ретінде қабылдайды. Екі жағдайда да бұл қатал жазалануы тиіс. Мерсоның аңғырттығы мен ақ пейілін оның қоршаған ортасы алжасқандық ретінде қабылдайды, ал (Мерсо) “бөтен” (бөгде) үшін бұл – норма. Ол сот процесін “комедия” ретінде қабылдап, көптеген құндылықтардың жалғандығын және мәнсіздігін парықтайды. Сол арқылы Мерсо өркениеттен алшақтауға және өз денесінің табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізіп, табиғатпен бірігу арқылы ләззат алуға ұмтылады. Өмірде мағына жоқтығын ұғынған жан ажалды жайбарақат қабылдауға қабілетті және жат, бөгде дүниеде өмір сүріп, қайғы-қасірет шегудің негізі жоқ деп біледі. Камюдің “Сизиф туралы аңыз” атты шығармасында да адам өмірі мифтік кейіпкер Сизифтің биік таудың басына қарай үлкен тасты домалатқан іс-әрекеті тәрізді мәнсіз, мағынасыз. Сизиф құдайлар тарапынан шың басына тас домалатуға жазаланған, бірақ ол тасты тау басына қарай бар күш-қуатымен домалатқанымен, тас шың басына жете бере төмен қарай домалап кете береді. Алайда, жеңіс күні жақын көрінгенімен, Сизифтің еңбегі еш, бекершілік. Камю адам бірдемені өзгертуге қабілетсіз деп санайды. Адам өмірі – өмір мен ажалдың өзіндік құндылығы мәселесін шешу болып табылады. Әрбір адам бұл мәселені өз санасында жеке шешеді. Өмір – театр, ал әрбір адам – “көлеңкелер”, мағынасыз театрдың көрермені, актері әрі режиссері. Өмірдің мағынасыздығы мен ажалдың шынайылығын түсінген адамның шынайы құндылығы өзін-өзі мерт қылу жолымен ажалды қабылдауда емес, ажалмен күресте. Камю егер адам ажалмен күреспесе, онда ажалдың өзі де мағынасыз деп есептейді, барлығын қорыта келе өмір мағынасы адамның тіршілік етуі деп санайды.
Альбер Камю 1960 жылдың 4 қаңтарында Францияның Вильблевен қаласында дүниеден өтті.
Басты шығармалары:
- “Бөгде” повесі (1942),
- “Сизиф туралы аңыз” филос. эссесі (1942), оның пьесалық қойылымы “Түсінбестік” (1942) және “Калигула” (1944),
- “Оба” роман-притчасы (1947),
- “Бүлікшіл адам” (1951),
- “Құлдырау” (1956),
- “Патшалық және қуғындалу” (1957) әңгімелер жинағы,
- “Бақытты өлім” (1971) романы.
Көп оқылғандар
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ясунари Кавабата. Аригато
Жас кітапханашылар кездесуі өтпек
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жағда Бабалықұлы. Мықтар әлемі
Махамбет-ғұмыр
Дәулет Тельман. Сизифтік сәт
Бір күні бәріміз оянармыз
Биліктің табиғаты: Біз билікке не үшін қызығамыз?
Әділет Ахметұлы. Сағыныш - егіз ұғым Жәркенменен
Қаламгерлер «Құрмет» орденімен марапатталды
"Махамбетті оқысам да, өлеңде басқа жолмен кеттім..."
Роза Мұқанованың шығармашылық әлемі
Роза Мұқанова шығармашылығы аясында шеберлік дәрісі өтті
Саянның жаңа тынысы
Жүрекке сіңген сарын жоғалмайды
Жақсының көзі...
Жазушы және қолжазба: қаламұш, мәшіңке, компьютер
Домбыраның алтыны, қоласы бар...
Асқар Алтай. Руханият Розасы
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Жыр толғасам жарықтық Жұбандаймын...
"Танакөз" театрда