Жорж Санд
Жорж Санд, шын есімі – Аврора Дюдеван (1.7. 1804, Франция, Париж – 8.6.1876, Ноан) – француз жазушысы. XIX ғасырдың 30-жылдарында Францияда жазушы Аврора Дюдеванның аты шықты, бірақ әдебиетте ол Жорж Санд деген бүркеншік атпен белгілі болды. Аврора Дюдеван дәулетті жанұяда дүниеге келген. Әжесі Аврора Дюпен текті әулеттен шыққан, француз революциясынан көп зардап шегіп, жесір қалған соң жалғыз ұлы Морис Дюпеннің (1778-1808) жақсы білім алуына көңіл бөледі. Бірақ қанша классикалық білім алып, музыканы ерекше сүйетіндігіне қарамастан Морис кейін әскери қызметке кіріп, адъютант болады. Директория уақытында өз қызметін қатардағы солдат ретінде бастаған Морис Дюпен Итальяндық кампанияда жүріп, офицерлік шенге ие болады. Бірақ, бірнеше ай өткен соң Морис кенеттен (аттан құлап) қайтыс болады. Ал оның артында қалған қызы Аврора әжесінің қолында тәрбиеленеді. Әкесінің тәрбиешісі болған Дешартр кейін кішкентай Аврораның да тәрбиешісі болады; одан жас қыз латын тілін, әдебиетті, түрлі ғылымдарды қызыға оқыса, ал әжесінен сурет салуды, кесте тігуді, күйсандықта ойнауды үйренеді. 14 жасында Аврора Париждегі Августин әйелдер монастыріне барып, жақсы білім мен діни тәрбие алып шығады. Әке жылуын көрмей өскен Аврора кішкентайынан ер мінезді, батыл, айтқанынан қайтпайтын қайсар қыз болып өседі. Әжесі Дюпен де Франкей немерелеріне жақсы білім беруге тырысады. Аврора мен оның ағасы Ипполиттің оқытушысы поместье басқарушысы, әкесі Морис Дюпеннің бұрынғы тәлімгері Жан-Франсуа Дешартр болды. Мәнерлеп оқуды, жазуды, арифметика мен тарихты оқытумен қатар, керемет музыкант болған әжесі Аврораны клавесинада ойнау мен ән айтуды үйретеді. Әдеби көркем шығармаларды оқуға деген құмарлықты да Аврора әжесінен жұқтырды. Ер адамның киімі жүріп-тұруға, серуендеуге, аңға шығуға және атқа мінуге қолайлы болғандықтан Аврора жастайынан еркекше киім киіп жүруді дағдыға айналдырды. 1818 жылдың 12 қаңтарында Аврораны әжесі Августиндік католиктік монастырьге береді. Аврора бұл монастырьге тез үйренеді. Религиялық әдебиеттермен тереңірек танысқан жас қыздың жүрегін мистикалық ой жаулап алады. Оның діни әлемді жанына жылы қабылдағаны соншалық, ол ұйқтамай, тамақ ішпей, ең ауыр жұмыстарды атқарып, монахиня болуға шешім қабылдайды. Тіпті, өзін қасиетті Тереза-анадай сезінген кездері де болды. Бірақ оның тәлімгері аббат Премор, адам өзінің өмір сүру ортасын, әдеттерін өзгертпей-ақ, құдай алдындағы міндетін атқара алатындығын түсіндіріп, Аврораны райынан қайтарды. Бастапқыда монастырьға келуден қатты қорыққан Аврора оны кейін өз жазбаларында «мен үшін жер бетіндегі жұмақ болды» деп жазады. 1820 жылы Аврора Ноанға әжесіне қайтып келеді. Денсаулығы қатты нашарлаған әжесі паралич болып қалғанда, Дешартр имениенің бүкіл билігін Аврораның қолына береді. Бұл уақытта билеу құқығын ие болған Аврора еркін өмір сүрді, сүйікті тұлпары Колеттке мініп, көп уақытын серуендеумен өткізді. Сонымен қатар, философиялық әдебиетпен айналысып, Шатобриан, Боссюэ, Монтескье, Аристотель, Паскаль еңбектерін оқып танысады. Әсіресе, Руссо еңбектеріне ерекше табынып, тамсанып, қызығып оқыды, «тек Руссо еңбектерінде ғана адамзат баласын теңестіріп, бауырластыратын шынайылық бар» деп түсінді. Дюпен де Франкей 1821 жылы 26 желтоқсанда қайтыс болады. Оның Аврорамен қоштасқанда айтқан ең соңғы сөзі: «Сен өз өміріңдегі ең адал досыңнан айрылып отырсың» болды. 1822 жылы Аврора әкесінің досы полковник Ретье дю Плессидің үйінде барон Казимир Дюдеванмен танысады (1795-1871). 1822 жылдың қыркүйегінде олар Парижде некелесіп, Ноанға келіп орналасады. Бірақ олардың көзқарасы мүлде екітүрлі болды. Аврора некеде өз бақытын таппайды, өнерді жақсы көрмейтін күйеуіне көңілі толмайды, екеуінің арасында түсініспеушілік орын алады. Жорж Санд Ноанда 1876 жылы 8 маусымында 72 жасқа келіп қайтыс болады, ол өз оқырмандарына 90-ға жуық роман жазып қалдырды. Оның қазасы туралы естіген Гюго: «Өлген адамды жоқтап, мәңгі өлмейтін адамды қарсы аламын» деп жазды.
Көп оқылғандар
Жадыра Шамұратова. Жеңеше
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Көкбөрі Мүбарак. Ырғақпен сөйлеген ақын
Әбіш Кекілбаевтың «Дәурен кешкен» жыр жинағы жарық көрді
Жақсының көзі. Салтанат Мұстафина. Б.Майлиннің шөбересі
Юй Хуа. Соқыр ішек
Таулықтың жары (авар ертегісі)
Маржан Ершу. Пишта
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато