Есләм Зікібаев
Есләм Зікібаев 5 маусымда Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Есіл ауданының Өрнек ауылында туған. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолы «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде басталып, одан «Қазақстан әйелдері» журналында, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Жетісу» газеттерінде жалғасқан. Бұдан кейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы, «Жалын», «Жазушы» баспаларының редакция меңгерушісі, «Кітап жаршысы» – «Друг читателя» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, «Ақиқат» журналының бөлім меңгерушісі және алқа мүшесі болды.
Алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық жастар газетінде жарық көрген. Қазақстан Жазушылар одағының 1986–1996 жж. басқарма мүшесі болған.
Серб жазушысы Змайдың бірталай шығармаларын, башқұрт ақыны Ш.Бикколдың «Жүрегімнің жарығы», қырғыз ақыны Ж.Садықовтың «Тау жолы» жыр кітаптарын, түркмен жазушысы К.Құрбаннепесов шығармаларын, т.б. тәржімалаған. Оның өлеңдеріне біршама әндер жазылған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Өзі туған Есіл ауданының Құрметті азаматы. Бірнеше мүшәйралардың жүлдегері.
Шығармалары: Ақ қайыңдар. Өлеңдер. «Жазушы», 1975; Аққуарман. Өлеңдер. «Жазушы», 1977; Мен космонавт боламын. Өлеңдер. «Жалын», 1978; Ақ қайнар. Өлеңдер. «Жалын», 1982; Ақ айдын. Алматы. 1980; Ақ сағым. Алматы. 1982; Алтын сағым. Өлеңдер. «Жазушы», 1985; Верую в людей. Стихи. «Жазушы», 1989; Құс ғұмыр. Өлеңдер.»Жазушы», 1992; Дүние жалған. Өлеңдер. «Аман» ЖШС, 1998; Арна. Өлеңдер. «Аман» ЖШС, 2001; Жыр тағдырым. Алматы 2003; Қас қағым сәт. Алматы. 2004; Армандай ғұмыр. Алматы. 2007; Өмір – бәйге. Астана. 2007.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
