Астанада Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы талқыланды

Астанада «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында Qazaq Creative ұйымдастыратын «Автормен кездесу» әдеби жобасының кезекті жиыны өтті.

166

Астанада Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы талқыланды - adebiportal.kz

Қатысушылар көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романын талқылады. Шығармада суреттелген тарихи кезең, ел басқару мәселелері мен кейіпкерлердің образдары жөнінде пікір алмасты.

Кездесуге сарапшы ретінде әдебиеттанушылар Бақтыбай Жайлау мен Әнуарбек Бимағамбет шақырылды. Олар романның көркемдік ерекшеліктерін талдап, тарихи мазмұны мен бүгінгі оқырман үшін маңызын түсіндірді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шарада әдеби мұра, ел тарихы мен ұлттық құндылықтар туралы ойлар ортаға салынды.

«Автормен кездесу» жобасы отандық әдебиетті насихаттауға, жастарды кітап оқуға баулуға және оқырман мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясындағы алғашқы кездесу жазушы, драматург, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанованың қатысуымен өтті.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan