Кітапханалар қағаз құрсауынан құтыла ма?

Озық технология әр оқырманның жеке қызығушылығына қарай кітаптар ұсынып, рухани қазынаға қол жеткізуді ерекше жеңілдетпек. Қағаз құрсауынан құтылып, жаңа дәуірге бет алған отандық кітапханалар ісі жаңа деңгейге көтерілгелі тұр. 

82

Кітапханалар қағаз құрсауынан құтыла ма? - adebiportal.kz
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Енді еліміздің кез келген тұрғыны тіркелген жеріне қарамастан кез келген мемлекеттік кітапхананың қорын пайдалана алады. Астанадағы өткен ауқымды жиында осындай игі бастама көтеріліп, Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру мәселесі талқыланды. Жиын Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында өтті.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі бастаған сарапшылар тобы бір мақсатқа – кітапханаларды ортақ цифрлық кеңістікке біріктіруге жұмылып отыр. Бұл жүйенің ең басты ерекшеліктерінің бірі –бірыңғай электрондық оқырман билетінің енгізілуі. 

Жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Цифрлық үкіметті қолдау орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақстандық қоғамдық даму институты мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли бірыңғай цифрлық платформаның маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бұл бастама еліміздегі кітапханаларды ортақ ақпараттық кеңістікке біріктіріп, азаматтардың кітапхана қорларын пайдалану мүмкіндігін кеңейтуге және оқырманға қызмет көрсету сапасын арттыруға жол ашады. 

«Зерделі ұлт» бірыңғай электрондық оқырман билетін енгізу мәселесімен қатар кітаптарды каталогке енгізу мен іздеу жұмысын жетілдіру, сондай-ақ әр оқырманның қызығушылығына сай кітаптар ұсыну үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселесіне айрықша назар аударылды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan