Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Қ
Құныпия Алпысбаев

Құныпия Алпысбаев

Құныпия Алпысбаев1949 жылы 4 тамызда Қытай Халық Республикасының Баяндай ауылында дүниеге келген. 

Атаанасы голощекиндік нәубат кезінде (1931) еріксіз тастап кеткен тарихи атамекені – Қазақстандағы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылдық кеңесінің аумағына 1956 жылы қайта оралды. 1966 жылы Алматы қаласындағы №12 қазақ орта мектебін бітірген соң, 1966–1969 жж. аралығында колхозшы болып істеген. 

1969–1974 жж. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. Бітірген соң жолдамамен университетке қалдырылған. Университет кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары (1974–1975), дайындық бөлімі деканының орынбасары (1987–1989), сырттай оқытатын филология факультетінің деканы (1993–1994) қызметтерін атқарды. 

1986 жылы «Қазіргі қазақ поэмасының жанрлық мәселелері» атты тақырыпқа кандидаттық, 2000 жылы «Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным мен көркемдік» атты тақырыпқа докторлық диссертация қорғады. 2001 жылдан профессор. 

1996–2005 жж. әлФараби атындағы ҚазМҰУдың «Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет еткен. Қазір Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры. 

Көптеген сынзерттеу мақалалары жарияланған. Оның бірқатары шетелдерде (Түркияда, Қытайда) басылған. 

Шығармалары: С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров творчестволары бойынша методикалық нұсқау. А., 1985; Қазіргі қазақ лирикалық поэмасы. Оқу құралы. А., 1989; Қазақ әдебиеті. Көмекші оқу құралы. А., 1992; Поэма және сюжет. А., 1992; Көркем шығарманы талдау жолдары. А., 1995; Мұхтар Әуезов шығармашылығындағы өнер мен өнерпаз тұлғасы. А., 1997; Тарих және жазушы. А., 1998; Беу, туған жер. А., 1999; Тарихи шығарма: таным және көркемдік. 1999; Мұқағали өрнегі. 2001; Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі. А., 2001; Қазақ әдебиеті. – Күйтің: Іле халық баспасы (ҚХР, ШҰАР), 2002; Қазақ әдебиеті. Оқулық. А., 2002; Көркем мәтінді талдау әдістері. А., 2004; Қазақ әдебиеті. Әдістемелік нұсқау. А., 2003; Қазақ әдебиеті. Оқулық. А., 2006; Қазақ әдебиеті. Әдістемелік нұсқау. А., 2006; Поэзия парасаты. А., 2006; Ой орамдары. А., 2006; Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным және көркемдік. А., 2008; Қазақ әдебиеті. Он екі жылдық мектептің қазақ тілінде оқитын алтыншы сыныбына арналған байқау оқулығы. А., 2008; Қазақ әдебиеті. Он екі жылдық мектептің орыс тілінде оқитын алтыншы сыныбына арналған байқау оқулығы. А., 2008; Қазақ әдебиеті. Он екі жылдық мектептің қазақ тілінде оқитын алтыншы сыныбына арналған байқау оқулығы бойынша әдістемелік нұсқау. А., 2008; Қазақ әдебиеті. Он екі жылдық мектептің орыс тілінде оқитын алтыншы сыныбына арналған байқау оқулығы бойынша әдістемелік нұсқау. А., 2008.

Көп оқылғандар