Ақұштап Бақтыгереева: Бізді жұрт бақыттыға балайды екен.
«Әдебиет порталының» «Сәті түскен сұхбатына» ақын, алпыс жыл ғұмыры әдеби ортада өткен, содан да естелігі көп Ақұштап Бақтыгереева апай келді. Өзі көрген қаламгер ағалары, замандастары жайлы жып-жылы естелік айтты. Сәбит Мұқановтың кеңдігі, Бауыржан Момышұлының Жазушылар Одағына келгендегі айбары, Әбу Сәрсенбаевтың мейірімі, жастарға қамқорлығы, Оспанханмен көрші болғаны, Жұбанның қалай қайтыс болғаны, Қадыр ақынның анасының қабірі басына жазған эпитафиясы... тыңдап отырғанда тұтас бір дәуірдің әдеби ортасы көз алдыңа жақындайтын сияқты. Әдебиеттің тарихы дегеніміз де осындай адамдардың бір-біріне жасаған жақсылығы мен қалдырған ізінен құралмай ма?
