Нәзипа Құлжанова
Нәзипа Құлжанова - Алаш қозғалысы кезінде қайраткерлігімен көзге түскен қазақ қыздарының бірі, Құлжан немересі 1887 жылы Торғай қаласында туған. Аумалы төкпелі заманда ел қамы үшін күрескен қайраткерлердің бірі. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Сағызбайқызы 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. Оқып жүрген кезінен бастап өзін ұлт үшін күресуге даярлаған. Оқуын аяқтаған соң, 1905 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаз болған. Ұстаздық жұмысты атқара жүріп, этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазып, талантын танытқан ол 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше болады. 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырады. 1915 жылы 13 ақпанда Пертроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кеш ұйымдастырады. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде әйел мәселелеріне байланысты мақалалар жазады.
1917 жылы Семей облысы қазақ сиезінің төралқа құрамына енеді. 1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару, баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның құрамында жұмыс істеген. Осы жұмыста жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі комитеттің құрамына енеді. Н.Құлжанова - қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі. 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакция алқасының мұшесі, 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан», 1925-1929 жылы «Әйел теңдігі» журналдарында жауапты қызметтер атқарады. «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында оқу-ағарту мәселелері туралы мақалалар жариялаған.
Ұзақ жыл окытушы болып жұмыс істеген Нәзипа қазақ мектептері үшін оқулықтар жазған. 1923 жылы Орынборда «Мектептен бұрынғы тәрбие», 1927 жылы Қызылордада «Ана мен бала тәрбиесі» атты әдістемелік кітаптары басылып шығады. Н.Құлжанова әнші болмаса да, қазақ әндерін нақышына келтіре орындайтын өнері болған. Ең маңыздысы - ол кісінің әншілігі емес, қазақ әндерінің нотаға түсуіне көмек көрсетуі. Ол кісі Затаевичке «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жаздырған. 1934 жылы қайтыс болған.
Көп оқылғандар
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Жадыра Шамұратова. Жеңеше
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Көкбөрі Мүбарак. Ырғақпен сөйлеген ақын
Әбіш Кекілбаевтың «Дәурен кешкен» жыр жинағы жарық көрді
Жақсының көзі. Салтанат Мұстафина. Б.Майлиннің шөбересі
Юй Хуа. Соқыр ішек
Таулықтың жары (авар ертегісі)
Маржан Ершу. Пишта
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато