Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Арнайы жобалар
Аударма
Абайдың інісі Халиуллаға жазған хаты

05.08.2015 6041

Абайдың інісі Халиуллаға жазған хаты

Автор: Абай
Сізге, ардақты және құрметті, жақсы көретін аяулы ініміз Халиулла мырзаға, бізден ағаңыз Ибраһимнен дұғай сәлем, және барлық ата-аналарыңыздан, аға-іні, жеңгелеріңізден көптеген-көп дұғай сәлемдер жолдадық.
Құдайға шүкір, осы күнде өзің көрген жандар тегіс сәлематпыз.
Сізбен, бізге хат жазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз.Әрбір сізге дінқарындасы тұрғысынан қылған жақсылықтары аллатағаладан қайтсын, өзіне хат жазуға уақыттар болды. Аягөзге келген уақытта почта жүрерге асығуда екен, әртүрлі хаттарды да көрген соң, көңіліміз жай тапты.Және сізге жол қаржыға отыз теңге жібердім.Жаңа Семейге мағлүм еткен уақытыңызда құдайтағала қаласа ат тағайындармыз.Тәтеңіз 1 білімнің қайнар бұлағын үйренгенің тура сында бек қуанып жатыр.Әрқашан құдайтағалаға сыйынып талап қыла көрсін дейді.Хатыңыз тиісімен ешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп осы хатты жаздық. һардайым, таупықты, абыройлы, ғұмырыңызды тілеп хат жазушы, ағаңыз Ибраһим Құнанбайұлы деп білесіз.Тағы да көп-көп сәлем.
1800 жылында, 8 мартта.

Көп оқылғандар