Мемлекет басшысы жазушы Мереке Құлкеновты мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың құттықтау хатын мерейтой иесіне Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды табыс етті.

110

Мемлекет басшысы жазушы Мереке Құлкеновты мерейтойымен құттықтады - adebiportal.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкеновты мерейтойымен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың құттықтау хатын мерейтой иесіне Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды табыс етті.

Сондай-ақ, кездесуге Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы Хайриддин Сұлтанов пен Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Матчанов Раушанбек қатысты.

 “Көп жыл республикалық газет-журналдарда қажырлы қызмет атқарып, халқымыздың мәдени-рухани байлығын еселей түсуге атсалыстыңыз. Отандық баспа ісінің дамуына үлес қосып, оқырман сұранысына сай сапалы кітаптардың жарыққа шығуына айрықша еңбек сіңірдіңіз.

Адамзатқа ортақ тақырыптарды арқау еткен прозалық, публицистикалық және драмалық шығармаларыңыз әдебиетсүйер қауымның жоғары бағасын алды.

Бүгінгі таңда Жазушылар одағының беделін нығайтуға, Қазақстан қаламгерлерінің тартымды туындылары ел ішінде және шетелде кеңінен танылуына күш-жігеріңізді арнап келесіз.

Алдағы уақытта да қоғамдық-саяси істерге белсене араласып, ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене беріңіз”, - делінген құттықтауда.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Қос қасиет

22.10.2026

2042

Taza Qazaqstan