Астанадағы кофеханаларға қазақ тілді кітаптар таратылды

Қазан айында 50-ге жуық кофеханаға 400-ге жуық кітап таратылған.

61

Астанадағы кофеханаларға қазақ тілді кітаптар таратылды - adebiportal.kz

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Жазушылар одағының қалалық филиалымен бірлесіп, қазақ тіліндегі әдебиетті көпшілікке жақындату мақсатында кофеханаларға кітап тарату жобасын қолға алды.

Жоба аясында кофеханаларда арнайы кітап сөрелері жасақталып, келушілерге кофе ішіп отырып, көркем шығармалармен танысуға мүмкіндік берілуде. Басты мұрат – кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыру, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру.

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, қазан айында 50-ге жуық кофеханаға 400-ге жуық кітап таратылған. Кофехана өкілдері де бастаманы жылы қабылдап, кітапты қоғамдық кеңістіктерде қолжетімді етудің маңызын атап өткен.

«Бүгін кезекті рет 1500-ден астам қазақ тіліндегі кітапты таратқалы отырмыз. Олардың қатарында қазақ әдебиетінің таңдаулы туындылары мен жергілікті қаламгерлердің шығармалары бар», – дейді Сәкен Есіркеп.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan