Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Жазушы Асқар Алтайдың студенттермен кездесуі өтті...

Жазушы Асқар Алтайдың студенттермен кездесуі өтті

03.02.2026

5051

Жазушы Асқар Алтайдың студенттермен кездесуі өтті - adebiportal.kz

Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жазушы Асқар Алтайдың студенттермен кездесуі өтті.

«Ең алғаш қалам ұстап жазуға талаптанған сәтім ұмытпасам алтыншы сыныпта оқып жүргенде болды.  Кейін «Қыз бейіті» деген алғашқы прозалық әңгімем дүниеге келді. Одан кейін «Құла құнан» деген әңгіме жаздым. Ол менің есім-сойы Дәурен деген ағама арналған шығарма-тұғын. Мен жылқының ортасында өстім. Сондықтан жылқының жайын бір кісідей жақсы білемін десем де болады. «Құла құнан» – сол балалықтың естелігі. Осы екі әңгімені жазғаннан кейін, мен ұзақ уақыт бойы прозамен айналыспай кеттім...» деп әңгімесін бастаған қаламгерге сттудентер тарапынан көптеген сауалдар қойылды. 

Кездесуді «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі, әнші, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кенжеғали Мыржықбай жүргізіп отырды. Шара барысында университеттің өнерлі студенттері жазушы шығармаларынан қысқаша үзінділер оқыды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan